«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет43/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Шектеулі монархия — монархтан бөлек басқа да мемлекеттік басқару органдары бар мемлекет, ал мемлекеттік билік барлық жоғарғы билік органдарына жүктелген, сондай-ақ монархтың билігі белгілі бір арнайы дәстүрдің немесе Конституция актісінің негізінде шектелген. Өз кезегінде шектеулі монархия келесідей бөлінеді:
Сословиелік-өкілдік монархия — монархтың билігі белгілі бір сославиенің дәстүрлерінің негізінде шектелетін монархия түрі
Конституцилық монархия — монархтың билігі белгілі бір арнайы Конституция актісінің негізінде шектелген монархия. Өз кезегінде конституциялық монархия екіге бөлінеді:
Дуалисттік монархия — монархтың қолында барлық атқарушы биліктің құзыреті болатын, сондай-ақ заң шығару және сот істеріне өкілеттілігі бар монархия түрі.
Парламенттік монархия — монарх тек дәстүрдің құрметі ретінде және белгілі өкілеттілігі жоқ монархы бар мемлекеттер (Ұлыбритания, Жапония, Дания).
Мемлекеттік құрылым -кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі.
Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып жіктеледі.
Унитарлық мемлекет әкімшілік аймақтарға ғана бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады. Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады. Бірақ унитарлық мемлекетте де автономиялық мемлекеттік құрылым мәртебесіндегі аймақ болуы мүмкін.
Федерация - бірнеше бәлек мемлекеттерден құрылған одақ. Одақтың ортақ конституциясы, басшысы, органдары, әскері болады. Федерация ұлттық, аумақтық не аралас (ұлттық-аумақтық) негізде құрылады.
Конфедерация - екі немесе одан да көп мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып, қандай да бір (мысалы, экономикалық) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді шарт бойынша одақтасуы. Конфедерация мүшесінің кез келген уақытта одақтан шығуға құқы бар.
47. Мемлекеттің негізгі атқаратын қызметтерін атап , олардың мәнін ашыңыздар
Мемлекет-бұл белгілі бір территорияда саяси билікті ұйымдастыратын және жүзеге асыратын әкімшілік басқару құрылымына осы территорияда жалпыға бірдей заң қабылдап күштеу монополиясына ие болатын қоғамның саяси жүйесінің басты элементі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет