«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады



бет44/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады::
1)Сыртқы қызметтері
• Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
• Жаһандық проблемаларды шешуге қатынасу
• Өзге елдермен тиімді қатынасқа түсу
• Халықаралық істерде мемлекет мүдделерін қорғау
2)Ішкі қызметтер
• Қоғам шарушылығы экономикалық өмірін қамтамасыз ету
• Конституциялық құрылымды қорғау
• Тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету
• Қоғамды топтастыру
• Экономикалық қызмет
• Салық жинау
Мемлекеттің негізгі белгілері:
1Шекаралары нақтыланған территориясы
2Азаматтыққа ие халқы мен этникалық құрылымы
3Осы территориядағы егеменділігі мен жоғарғы билігі
4Ашық түрде күш қолдану монополиясы
5Баршаға бір міндетті заң шығару
6Экономикалық саяси рухани дамуға қолайлы жағдайларды тудыру
7Еңбек бөлінісі мен кәсіби басқарудың болуы
8Жеке меншіктің таптардың әлеуметтік теңсіздіктің болуы
9Халық санының өсуі отырықшылыққа көшу
Қосымша:
Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;


2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;

5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;


6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет