«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Саяси элита және көшбасшылық теориялары



бет49/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
54.Саяси элита және көшбасшылық теориялары.
Элита теориялары — әр әлеуметтік структураның қажетті бөлігі деп жоғарғы, ерекше құқықтары бар қатарды мойындаған әлеметтік-саяси концепцияларының жиынтығы.
Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес, оған әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді өкілдері кіреді.
Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторларға:
1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек;
2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері;
3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады;
4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады).Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
Билікке қатынасу дәрежесіне, билікке деген өкілеттілігінің ауқымына байланысты элита: а) жоғарғы; ә) ортаңғы; б) маргиналдық; в) әкімшілік болып төртке бөлінеді.
Жоғарғы элитаға биліктің жоғарғы сатыларында орналасқан, ең маңызды шешімдер қабылдауға тиісті тұлғалар жатады.
Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады
Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:
1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;
2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде
55.Партиялық жүйелері және олардың жіктелуі.
Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі.[1]
Партиялық жүйелер:
1.бір партиялық;
2.екі партиялық;
3.көп партиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет