«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет50/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Бір партиялық жүйе тоталитарлық және авторитарлық жүйеге бөлінеді.Бір партиялық жүйеде, әдетте, партия мемлекеттік аппаратпен тұтасып кетеді және партияға тән емес билік функцияларын орындай бастайды.
Қос партиялық жүйе билікте бір немесе екі партияның өзгермелі болуымен ерекшеленеді (негізінен бір-бірін ауыстырады). Мұндай жүйе, мысалы, АҚШ-та қалыптасты, билікте негізгі екі партия-Республикалық және Демократиялық партиялар бір-бірін ауыстырады.
Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан да көп пар¬тиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.
Түрлері:
1)Басқару сипатына қарай
• Тоталитарлық
• Демократиялық
• Авторитарлық
3) Саяси мәртебесіне қарай
• Доминантты
• Мажоритарлы
• Коалициялық
Жіктелуі.
Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.
Авангардтық партия - орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді катынасуын талап етеді.
Қауымдастық партиясы - ортак көзкарас, ұқсас мүд-делеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін бірік-тіріледі.
Коммунистік партиялар — К.Маркстің ілімін басшы-лыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.
Социал-демократиялық партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.
Буржуазиялық-демократиялық — билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды.
Консервативтік партиялар - ірі буржуазияның мүдде¬сін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді.
Фашистік партиялар - адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет