«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет37/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
40. Саясат субъектілерін атаңыздар және олардың билік жүйесіндегі орнын атықтап беріңіздер.
Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады
Саясат субъектілері болып мыналар табылады:
1. Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен бостандық сияқты тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке өз субъектілігін танытуға мүмкіндік береді.
2. Әлеуметтік топтар — адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары, саяси қатынастардың ең тиімді әрекет етуші субъектісі. Әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады: таптар; дәрежелік, жыныстық және жас ерекшеліктік, этникалық, кәсіби және басқа топтар; мүдде бірлігіне байланысты пайда болатын тұрақты және уақытша ассоциациялар. Бірақ әлеуметтік топтар — біршама аморфты құрылым. Ұйым оның әрекетіне бірізділік пен тиімділік береді және осының арқасында әлеуметтік топ саясаттың субъектісіне айналады.
3. Мемлекеттік билік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған басқару органы — саясаттың ең әрекетшіл субъектісі. Мемлекеттік билік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әлеуметтік басымдылығын айқындап, ресурстарды бөліп, әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін бақылайды. Осы негізде ол адамзаттың қоғамдық өмірінің нормаларын жасақтап, оны адамдар өміріне ендіреді және оның орындалуын бақылай отырып осы істерге қажетті мәжбүр ету функциясына иелік етеді. Өз мүдделерінің үстемдігін қамтамасыз ету үшін саяси қатынастардың субъектілеріне мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызметіне ықпал тигізу өте маңызды. Саясат субъектілерінің мемлекеттік билікке өз ықпалын тигізуге талаптануы — саясаттың мәнді аспектісі.
4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді.Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету — міне бұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады.
Саясат мемлекеттiк билiк үшiн бәсекелiк күрес саласында әр түрлi субъектiлердiң әрекеттерi мен өзара әрекеттерi жиынтығын бейнелейдi. Көбiнесе, саясат субъектiсiн бөлiп алу өлшемi, оның осы саладағы нақты әрекетi, немесе саяси шешiм қабылдауға ықпалының деңгейi, мемлекттiк саясатты iске асыруы, немесе оны ұйымдастыруы алынады. Нақты айтсақ, саясат субъектiсi деп шешiм қабылауға ықпал ету деңгейiне және мемлекеттiк саясатты тарату сипатына тәуелсiз, мемлекет пен билiктiк өзара қарым-қатынасқа түсушiнi түсiнемiз.
41. Саясат субъектілері ретінде ұлт және этникалық топтарға анықтама беріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет