«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет36/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық.
Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.
Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.
Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.
Күштеу - бұл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды.
Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.
39. Саяси билік лигитимділігінің типтерін атап,олардың қайнар көздерін көрсетіңіздер.
Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимділік (латын тілінде заңдылық, шындықдеген мағынаны білдіреді) дегеніміз – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай шарт қажет.
1 Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимділіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті:
1 Әдет-ғұрыптық легитимділікхалықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт- дәстүрлерге сүйенеді.
2. Харизматикалық легитимділік - ерекше батыр лығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі - қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді.
3. Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимділігі қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.
Мемлекеттік құқықтық тәртіп легитимділігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады. Мысалы, Қазақстан Республикасы 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы саяси билікке нақтылы легитимділік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден- бір бастауы - халық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет