«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет48/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

Демократиялық мемлекет — мемлекетті алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын жəне Парламент сайлауға, өкiлеттi мерзiмi бiткен соң оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билiгi бар республикалық құрылымдағы мемлекет ретiнде танытатын ұғым.
Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшiлiк қазақстандықтардың еркiн шынайы анықтауға жəне мүддесiн барынша жүйелi қорғауға қажеттi мүмкiндiктер бередi. Демократиялық мемлекет əлеуметтiк жəне ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесiн бiлдiруiне, оның есепке алынуына да мүмкiндiктер бередi, мемлекеттiк қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар берiледi. Демократиялық мемлекет қызметiнiң түбегейлi қағидаларының бiрi қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституцилық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Жарлығында белгіленген. мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі – ерікті сайлау.Тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды.Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу қатысуға тең құқықтар беріледі.Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітілді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет