57.Саяси режим оның түрлері.
Саяси режимде көпшілік, бірақ олар демократиялық (консервативтік, либералдық) және антидемократиялық (диспотиялық, тоталитарлық, авторитарлық, расистік) режимдер қалпында белгіленеді. Мұнда мемлекетті бөлудегі негізгі ерекшелік сол белгі бойынша адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының кепілдік деңгейі, сонымен бірге мемлекеттік билікті іс жүзіне асырудағы демократизм мен әдісі, яғни мемлекеттік билікті қалыптастыру мен тексеру процесіне халықтың қатысуындағы белсенділігі мен белсенді еместігін көрсетуші.
Антидемократиялық режим – монархиялық, сондай-ақ республикалық басқару нысанында белгіленуі мүмкін. Олар мынадай белгілерімен сипатталады: толық түрде мемлекетті, яғни қоғам өмірінің барлық аясын: экономиканы, саясатты, идеологияны, әлеуметтікті, мәдени ұлттық құрылымдарды тексеруге тырысады; мемлекеттік билікті шексіз бір ортаға біріккен билік түрінде, шын мәніндегі бір өкілдіктегі органға не бірнеше органға біріктіру; бар өкілетті органдардың шын мәніндегі биліктің және органдар жүйесінде жоғары тұратын мемлекеттік биліктің атқару органдары жоқ, сол сияқты жазалау және әскери ұйымдар жоқ; барлық қоғамдық ұйымдарды мемлекеттендіру (кәсіподақты, жастар ұйымын, спорттық, т.б.); шын мәнінде жеке адамдарды субъективті құқықтарынан айыру, формалды түрде, тіпті конституцияда да жариялануы мүмкін.
Авторитаризм – демократиялық емес саяси режимдерге тән билік жүйесі, мемлекеттік биліктің бір адамның не органның қолына жиналуымен, негізгі саяси бостандықты тежеуімен, қысым жасауымен (сөз, басылым, жиналыс, т.б.), саяси оппозицияны басуымен сипатталады. Басқару әдістерінің үйлесуімен байланысты бір қалыпты авторитарлық режимнің түрін өзгертуге мүмкіндік бар, классикалық диктатураның демократиялық белгісін формалды түрде сақтау, дегенмен оның террорсыз және қуғын-сүргінсіз.
Тоталитаризм – саяси режим ретінде, абсалютті (тоталды) түрде, әр адамның әр түрлі өмірінің жан-жақтарын және барлық қоғамды тұтасымен бақылауға негізделген. Оның негізінің маңызды жағына авторитарлық режимнің шектен шығатын көрінісіне биліктің бәрін қамтуға бәрін тексеруге тырысуы.
Ақырғы шектегі антидемократиялық режимге жататындары – тирания және деспотия, сонымен бірге фашизм, расизм, апартеид, сегерегация. Тоталитарлық режимнің бір нысанына, әскери немес төңкерістің нәтижесінде пайда болған – клика не хунта.
Достарыңызбен бөлісу: |