Демократиялық режим – жеке адамның дұрыс өмір сүріп, барыншы толық дамуын қамтамасыз етуге керек. Мұндағы саяси режимде азаматтардың құқығы мен бостандығы тек мойындалып қоймай, кепілдік беріледі, қамтамасыз етіледі және халықтың қатысуымен құрылған мемлекеттік органда-рымен тікелей және өкілеттік демократияның көмегімен қорғалады.
Демократиялық режим мынадай белгілерге тән: жеке адамға экономикалық деңгейде бостандық беру, себебі ондай жағдай қоғамның материалдық жақсылығын құрайды; шын мәніндегі азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік береді, олардың мемлекеттің саясаты туралы өз пікірлерін айтуға, белсенді түрде мәдени және басқадай қоғамдық ұйымдарға қатынасуға мүмкіндігі; ел тұрғындарының мемлекеттік билікке тікелей ықпал ететін тиімді жүйе құруы; жеке адамның бассыздық пен заңсыздықтан қорғалғандығы, себебі, оның құқығы тұрақты құқық қорғау органдарының қарамағында; биліктің бір деңгейдегі, көпшілік пен азшылықтың мүдделерін қамтамасыз етуі.
58.Азаматтық қоғамның мәні және оның критерийлері. Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады.
Азаматтық қоғаммен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.
Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.
Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.