Әлеуметтанудың объектісі мен пәні Жоспар


Әлеуметтану және әлеуметтік философия



бет2/3
Дата03.12.2023
өлшемі32,41 Kb.
#133371
1   2   3
Байланысты:
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні

Әлеуметтану және әлеуметтік философия. Әлеуметтік философия дегеніміз философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және оның табиғаттан өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі.Ол қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік-философиялық ой-толғанымдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең алдымен олардың бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын дүниетанымдық мәселелерді шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Әлеуметтік философия мен әлеуметтанудың зерттеу объектілерінің бір-біріне дәл келетін тұстары өте көп. Әлеуметтік философия да, әлеуметтану да қоғамды тұтас, әлеуметтік жүйелі ретінде, оған енетін бірліктерін интегралдық құылым ретінде қарастырады. Әлеуметтік философия қоғамдық проблемаларды қисынды ой-толғаныс тізбегінде дамитын белгілі бір ұстанымдарды басшылыққа ала отырып шешеді. Әлеуметтану болса басқа қоғамдық ғылымдардың нәтижелерін пайдалана отырып, эмпирикалық тексерілетін әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға, осы ғылымның шеңберінде алынған тиісті эмпирикалық мәліметтерді тұжырымдауға сүйенеді.
Әлеуметтану және тарих. Тарих-ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі.Тарих қоғамды хронологиялық жүйемен нақты зерттейді. Ол бұрынғы өткен тарихи оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы олардың оқиғаларын қадағалай және оларды кеңістіктік – уақыттық тұтастық ретінде сипаттай отырып, мәліметтер жинайды.Осылайша ол әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал жинақтайды.Бір айырмашылығы, ғылым ретінде әлеуметтанудағы ең басты нәрсе-өткен және осы шақтағы әлеуметтік тәжірибені жалпыландыру,берілген әлеуметтік құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің қайталанатындарын, түрпаттылатын, мән-мағыналық заңдылықтарын бөліп қарау.Сонымен әлеуметтану тарихқа қарағанда неғұрлым жоғары абстракциялық деңгейдегі ғылым болып табылады.Іс жүзінде әлеуметтану тарих беретін мәліметтерді пайдаланады, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлерінің ортақ қасиеттерін атап өтеді және олардың типологиялық бейнесін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет