Әлеуметтанудың объектісі мен пәні Жоспар


Әлеуметтану және саясаттану



бет3/3
Дата03.12.2023
өлшемі32,41 Kb.
#133371
1   2   3
Әлеуметтану және саясаттану. Әлеуметтану пәні мен саясаттану арасында өзара байланыс бар.Олар:

  • әлеуметтік қауымдастықтар,әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады;

  • саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады;

  • саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын анықтайды.

Саясаттану ғаламдық қоғам құрылымының бір ғана саласын, яғни биліктің ұйымдастырылуын зерттейді. Бірақ саясаттану бұл саланы қатаң ғылыми әдістерімен осы құрылымның басқа бөліктерінің байланыстыра қарағанда ғана зерделей алады.Бұл саяматтанудың саяси құрылым мен саяси институттарды, саяси биліктің құрылымдары мен ұйымдастырылуы сипаттамаларын зерделегенде, әлеуметтану ашатын ғаламдық қоғамның құылымына жататын заңдарды ескеруге тиіс екенін білдіреді.Әлеуметтану жеке топтары мен жалпы қоғамның саяси қарым-қатынастары және саяси құрылымын, олардың қоғамдық құбылыстар ретіндегі мән-мағынасын айқындау мақсатында зерттейді.
Әлеуметьану және психология. Егер әлеуметтану өзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды,яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді.Психологияның пәні болып табылатындар-адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері.
Әлеуметтану да, психология да адамды және оның мінез-құлқын зерделейді.Алайда олар мұны өз пәндерінің ерекшеліктері тұрғысынан әр түрлі жасайды. Дегенменде олар өз пәндерін зерделеген кезде үйлесімді бағыт ұстанады және олардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас бар деп айтуға болады.
Әлеуметтану және экономика ғылымы. Экономика ғылымы өз күш-жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге шоғырландырады,экономика өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді. Сондықтан әлеуметтану экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір көрсетіп отырғандай,экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, алмасуда және тұтынуда әлеуметтік шарттармен факторлардың және оларды пайдаланудың ықпалына барған сайын тәуелді бола түседі. Бұл да экономикалық және әлеуметтік ғылымдардың өзара әрекетін нығайта түсуді талап етеді.
Егер де экономика ғылымы қоғамдық өмірдің бір ғана, мейлі өте маңызды саласының заңдылықтарын зерттейтін болса, әлеуметтану қоғамның тұтас дамуының негізінде жататын және оның барлық, соның ішінде экономика салаларында ерекше көрініс табатын неғұрлым жалпы және кең ауқымды заңдылықтарын зерттейді.
Сонымен әлеуметтану мен өзге қоғамдық ғылымдардың арақатынасы туралы мәселеде, солардың өзара тығыз байланысы, қоғамдық өмірді шынайы зерттеуде бұл ғылымдардың пәндік шекаралары сақталумен бірге, бір-бірімен қабысуы, бірақ әлеуметтанудың бұл ғылымдарды жұтып қоймайтыны сөз болуы керек және солай болуға тиіс те.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет