Әлеуметтануға кіріспе. Әлеуметтану-«Әлеуметтану»



бет4/5
Дата16.10.2023
өлшемі60,82 Kb.
#116191
1   2   3   4   5
Байланысты:
әлеуметтану

Ең алғаш атқа міну мәдениеті қазақ жерінде басталғаны Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жылқы сүйектерін зерттеу негізінде дәлелденді. Мұнда табылған аттардың азу тістерін­де ауыздықтың ізі қалған. Ол жерден сол замандағы ат әбзелдері, кәдімгі құрық, теріден тігілген шалбар, тізеден асатын тері етік, тымақ та табылған. Британиялық ғалымдар ботайлықтар тұтынған керамикалық ыдыстардан қымыздың жұғынын анықтаған. Бұдан ботайлықтар жылқыны мініс көлігі ретінде пайдаланып қана қоймай, бие сауып, қымыз ашытып, шипалы сусын өндіруді де меңгергенін көре аламыз. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дəуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргі­зіл­ген қазба жұмыстары жылқы­ның тұң­ғыш рет қазіргі Қазақстан аума­ғын­да қолға үйретілгенін дəлелдеді. Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті Ұлы даладан тараған деп айтуға толық негіз бар.


Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, Ахамендердің әскери құрамында қызмет атқарды. Ескендір, кейіннен Селевкилер де сақтарға қарсы соғысты. Б.з.б. 2 ғ-дың орта шенінде көшпелі тайпалардан ығысқан сақтар соғыса отырып Дрангиан жеріне орын тепті де, бұл араны Сақстан атады (бүгінгі Иран, Ауғанстан жеріндегі Сейстан). 


Б. з. б. 4ғасырдың 30 - жылдары гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Александр Македонский ( Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. "Жеңілмейтін әскер" атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған. Грек - македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды. Ол Македон әскеріне 3 жыл бойы қарсы партизан соғысын жүргізді. Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі - жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті.
Сөйтіп, Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағын мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады.

Олардың көпшілік бөлігі — оба астындағы жерден қазылған шұнқырлар. Обаның айналасында кішкене ор қазылғаны аңғарылады. Қабір шұнқырлары әдетте солтүстіктен оңтүстік бағытына ұзынынан бағдарланған. Өлген адамның мәйіті қамыстан тоқылған төсенішке ұзынынан жатқызылып оралып, шұңқырдың түбіне немесе лақатқа салынған. Қасына 2-3 керамика ыдыс қойылған.


ұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Біріншісі - Ташкент жазирасына, екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарына таралған.


Жоспар:

  • Адам эволюциясы

  • Палеолит кезеңдері

  • Алғашқы қауымның қалыптасуы және дамуы

Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.


Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.


Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін және неолит 5 мың жыл бұрын бітті. Қола дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы жылдың басына дейін, темір ғасыры басталғанға дейін созылды. Қола дәуірінен бастап алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан көне дәуір өркениетінің ескерткіштері негізінде уақытты календар бойынша белгілеу пайда болды .





Тарихи кезеңдер

Археологиялық кезеңдер

Палеоантропологиялық кезеңдер

Алғашқы қауым кезеңі

Төменгі (100) және ортаңғы палеолит
(45-40)

Архонтроптар мен
палеонтроптар
кезеңі

Алғашқы қауымдық
Туыстық
қауым
кезеңі

Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі

Жоғары палеолит
(12-10) және
мезолит (8)

Неонтроптар
кезеңі

Кейінгі алғашқы қауым

Неолит (5) Энеолит немесе ертедегі металдық ғасыр
(4,5 –5)

Таптар түзілу кезеңі

Қола (3)
Темір
Атом ғасыры (ХХ ғасыры)


Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.

Алғашқы қауымның ерте кезеңінде тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін шаруашылық болды. Бұл типологиялық қатар – алғашқы қауым (алғашқы адам үйірй отары), ертедегі және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді.


Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері – туыстар мен туыстық қауымлар пайда болды. Дәл осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның негізгі белгілері — өндірістегі ұжымшылдық, жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т.б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі – ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі) және неолит.

Алғашқы қауымдық кезең — қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым – кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен сипатталады.


Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке үй шаруашылығы меншіктері мен теңдей бөлу еңбегіне қарай бөлумен алмасып, қауымдық-туыстық байланыстар үзіліп, алғашқы қауымдық — көршілік түрлері пайда болды. Эксплуатацияның алғашқы нысандары пайда болып, олармен бірге негізгі өнім қоры — қосалқы өнімге айнала бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің бастамасы түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі, кейбір қарқынды дамыған қоғамдарда неолит кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда металдық кезеңнің біршама бөлігіне сәйкес келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі — қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы – 5 мыңдай жыл бұрын байқалған делінеді. Ал нашар дамыған қоғамдар бұл кезеңді әлі күнге дейін өткен жоқ.


Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық және палеоантропологиялық схемалардың аса маңызды буындарымен төмендегіше салыстыруға болады. Бұл кезеңдердің абсолютті (нақты) жасын айту қиын, себебі, біріншіден, олардың археологиялық және палеоантропологиялық кезеңдермен арақатынасы жөніндегі көзқарастар түрліше, екіншіден, ертедегі алғашқы қауымдық кезеңінен бастап, адамзат қоғамы біртекті дамыған жоқ, соның әсерінен жоғарыда айтылған әртүрлі қоғамдар қалыптасты.


Кестеде берілген шкала адамдар жасаған және қолданған құралдар негізінде жасалған. Тас дәуірі – тастан жасалған құралдарды пайдалану кезеңі болды да, ол палеолит (ертедегі тас дәуірі), төменгі палеолит (австралопитектер мен “тік жүретін адам” ), ортаңғы палеолит (неандерталдықтар), жоғары палеолит (38 мың жыл) — “саналы адамның” үңгірлерде тіршілік етуі кезеңдеріне бөлінді. Мезолитте (ортаңғы тас) қоғамдық құрылымның аң аулау, жинау түрі басым болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет