Социологиялық зерттеулер дегеніміз-зерттеіп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зертеулер: қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сиапатын білуге жағдай жасайды; әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді. Экономикалық, саяси жән әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі
Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге бөлінеді
1) Дайындық кезеңі; Қолданбалы социологиялық зерттеудің дайындық кезеңінде әртүрлі жұмыстар, ғылыми және практикалық амалдар атқарылады. Дайындықтың сапалылығы болашақта жиналатын мағлұматтардың сапалылығын қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары қалыптасады, жұмыс кестесі жасалады, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі, жұмысты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шешіледі.
2) Жорық кезеңі; Жорық кезеңі (немесе алғашқы мәліметтерді жинау кезеңі) мағлұматтарды "алаңнан” (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден, т.б) жинаумен байланысты. Мағлұматтар зерттеу бағдарламасына сәйкес әртүрлі сұрау жүргізу анкеталық, сұқбаттық, эксперттік,т.б) бақылау, құжаттарды талдау жасау, эксперимент сияқты тәсілдер көмегімен жасалады. Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу, қолмен атқарылады.
3) Мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңі; Мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезінде жиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі. Тексеру жұмысы әдістемелік құжаттардың дәлдігі мен толықтығына байланысты. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады. Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу қолмен атқарылады.
4) Мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі. Мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі-қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық негізі – дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады. Талдау тәсілі социологиялық зерттеудің түріне, оның мақсаты мен міндетіне байланысты таңдап алынады. Талдау барысында алдын-ала жасалған ғылыми болжамдарды құптау немесе жоққа шығару туралы қорытынды жасалады, әлеуметтік байланыстар, тенденциялар, қайшылықтар, жаңа әлеуметтік мәселелер аңғарылады. Сонымен қатар, жасалынған жұмыстардың нәтижелері айқындалады. Қорытынды құжат зерттеудің түріне және тапсырыс берушінің өтінішіне байланысты жасалады.
Зерттеудің сандық-сапалық талдау деңгейіне, шешілетін мәселелердің ауқымына және қиындығына қарай қолданбалы социологиялық зерттеулерді негізгі үш топқа бөліп қарастыроады
Прогноздық, барламалық зерттеу өзінше бір сынақ болып есептеледі және негізгі жұмысқа дайындық саласын тексеруге арналады.
01
Сипаттамалық зерттеу-нақтылы социологиялық талдаудың күрделенген түрі.
02
талдамалық зерттеудің мақсаты – зерттеліп жатқан құбылыстың құрамдас бөліктерін сипаттау .
03