Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар факультеті Тарих кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығы
Мамандығы: 6B01615 - Тарих
Тобы: ТТА-211
Орындаған: Сүлейменов О
Қабылдаған: Түркістан-2023ж Мазмұны: Кіріспе Негізгі бөлім 1. Токугава сегунатының сыртқы саясаты 2. Жапониядағы діндер мен олардың атқарған қызметі 3. XIX ғасырдағы Жапонияның экономикалық жағдайы Қорытынды
Кіріспе XVI ғасырдың соңында Жапония мемлекетінің билеушісі – император мемлекет ісіне көп араласпайтын. Барлық билік әскери адамдар – сегундардың (сегун – әскери қолбасшы) қолында болды. Ең алғашқы сегундық жүйені – 1192 жылы Минамото Еримото енгізді. Алғашқы сегунатты Минамото мен Ходзе ақсүйектер үйлері (1192-1333) басқарса, екіншісін – Асикага (1335-1572), үшіншісін – Токугава (1603-1867) басқарды. Сегундық билік атадан балаға мұрагерлікпен беріліп отырды. XVII ғасырдың басына қарай Жапониядағы князьдіктер саны екі жүз алпыстан асты. Бүкіл елде халық саны 18 миллионға жетті, оның 80%-ға жуығы ауыл шаруашылығымен айналысатын еді. Елдегі ең бай феодалдық әулет Токугава үйі болды, олар қолдарындағы билікті нығайтып, князьдіктерді біртіндеп өз қолына бағындыра бастады. Токугава үйінің меншігінде сол кезде бүкіл ел аумағының ширегіне жуығы болды. XVII ғасырдың басында Жапонияда билікті сегун Токугава Иэясу басып алды, ал жапондық император (микадо) атаулы басқарушы болып қала берді. Жапония енді Токугава әулетінің билігіндегі орталықтанған мемлекетке айналды. Елдің астанасы сегундардың резиденциясы орналасқан Эдо қаласы еді (қазіргі Токио). Сөйтіп, Жапонияда әскери тәртіп орнады.Сегунаттың әлеуметтік құрылысы “си-но-ко-се” сословиелік жүйесімен сипатталды. Си – самурайлар, но – шаруалар, ко – қолөнершілер және се – саудагерлер. Сословиелік топтардың ең жоғарғысында самурайлар тұрды. Си сословиесіне ең бай топтар мен сегундар кірді. Микадо (император) көне астана Киотода тұрды. Ал іс жүзіндегі бүкіл үкімет билігі сегунның қолында болатын. Сөйтіп, Жапония мемлекетінде қос билік өмір сүрді. Сегун нақты өкімет билігіне ие болды, ал император “тірі құдай” ретінде патшалық етті. Бірақ ол елді билеген жоқ, ол діни салт-дәстүрді қадағалап, синтоизм дінін ұстанды. Жапонияда ең бай феодалдарды дайме деп атады. Ал Киотодағы императордың айналасындағы ақсүйектерді кугэ деп атады.Токугава билігі кезінде Жапонияда қалалар көбейді, қолөнер мен сауда орталықтары өсті. Солардың ең ірілері Эдо, Осака, Киото, Нагоя, Нагасаки, Хаката қалалары болды. Өкімет билігіне келген соң Токугава үйі өзінің астанасы етіп алған Эдо қаласын өркендете бастады. XVII ғасырдың ортасына қарай Эдо мен Киото қалаларының тұрғын халқы 500 мың адамға, Осака тұрғындары 270 мың адамға жетті.