Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар факультеті Тарих кафедрасы БӨж тақырыбы: Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығы Мамандығы


Жапониядағы діндер мен олардың атқарған қызметі



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі85,62 Kb.
#116686
1   2   3
Жапониядағы діндер мен олардың атқарған қызметі
Жапондықтардың көпшілігі синтоизм дінін ұстады. Токугава әулеті билігі кезінде халықтың басым бөлігі синкретизмді - синто мен буддизмді қатар ұстады. Сондай-ақ Жапонияға сырттан христиан діні мен Қытайдан конфуцийлік енген еді.Синтоизм – жапондықтардың діни нанымдарына, табиғат күштеріне табыну сенімдеріне байланысты дін. Синтошылдар табиғатта өмір сүретін барлық аруақты күштер мен көптеген құдайларға табынды. Күншығыс елінің тұрғындары өз елінде императорлық әулеттің үздіксіз билік етіп келе жатқанын аса мақтанышпен айтады. Өйткені император қасиетті адам. Император қоғамда үйлесімділік пен тыныштық орнатады деп уағыздайды. Синтоизм императорлық билікті жақтаушылардың сыйынатын діні болды. Сондықтан да Токугава әулеті синто діни орындарына саяси бақылай орнатты. Сёгунат буддизм дінін халық бұқарасының үстінен билігін іске асыруға пайдаланды, бірақ оны мемлекеттік саясатты нығайтуда негізгі тірек санаған жоқ. Токугава әулетінің билігі кезінде Жапонияда конфуцийлік дін кеңінен тарала бастады. Әсіресе қытай философы Чжу Си уағыздары конфуцийліктің доктрина өмір сүріп отырған барлық нәрселердің үйлесімділігі мен мызғымастығын, халықтың өз билеушісіне сөзсіз бағыныштылығын уағыздайтын ілімдері сегунат билеушілеріне өте тиімді этикалық ереже болды. Әкенің балаға, патшаның халыққа қамқорлыығын және баланың әкеге, халықтың патшаға сөзсіз бағынуын уағыздайтын конфуцийлік дін Жапонияда синтоизммен қатар кеңінен өрістеді. Ал буддизм Жапонияда онша берік орныға алған жоқ. XVII ғасырдың екінші жартысында Жапонияда будда храмдары жаппай жабылып, конфуцийлік пен синтоизм діндері нығая түсті.

XIX ғасырдағы Жапонияның экономикалық жағдайы
XIX ғасырдың басында, Токугава үйінің соңғы сегундарының билігі кезнде Жапония қоғамы терең дағдарысқа килікті. Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырады. Өңделетін жер көлемі азайды. Халық өсімі күрт төмендеп кетті. Ауылда шаруалардың жерінен айырылуы күшейіп, жерсіз қалғандары қайыршылық күн кешті. Тауар-ақша қатынастарының дами бастауынан шаруалар енді кәсіпкерлерге тәуелділікке түсті. Жапон қоғамында баяу болса да капитализм дами бастады. Мануфактуралар саны арта түсті. XIX ғасырдың бірнші жартысында Жапонияда 180-нен астам жаңа мануфактуралар пайда болды. Ішкі сауда дамып, осыған байланысты сауда-қолөнер орталықтары, қалалар саны өсті. Қолөнер мен сауданың орталықтары ретінде Эдо, Киото, Осака, Нагасаки, Сакаи және Хаката сияқты жапон қалалары өсіп шықты. Ауыл шаруашылығынан жаңа салалар бөлініп шыға бастады. Жібек, қағаз, қант, қыш, фарфор, тоқыма өндірісі сияқты жаңа кәсіпшілік салалар дамыды. Елдің осындай салалар бойынша мамандаған аудандарға бөлінуі тауар айырбасының дамуын күшейтті. Сөйтіп, ішкі рынок қалыптасты. Бірақ мұндай капиталистік қатынастардың алғашқы даму қадамдарына ескі қоғамдық қатынастар кедергі жасады. Әсіресе қалаларда капитализм дамуы жылдам жүрді. Сондықтан ауылдарда, қалаларда шаруалар мен қала кедейлерінің наразылық бас көтерулері өрістеді. Токугава сегундары халық көтерлістерін қаншама басып-жаныштағанымен, ол бәрібір жапон қоғамының іргесін шайқалтып, үлкен әлеуметтік, саяси өзгерістерге әкелетін алғышарттарды күшейтті.

Пайдаланылған әдебиеттер:
https://ru.wikipedia.org/
https://ru.wikipedia.org/
https://ru.wikipedia.org/


«Орта ғысырлардағы дүние тарихы» Е.Т.Қартабаева; Р.С.Мырзабекова Қазақ университеті, 2014-286 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет