30.Л. Н. Гумилевтің этностардың өмірі - этногенез туралы гипотезасы Орыс ғалымы, географы, тарихшы, философы Л.Н.Гумилев өзінің еңбегінде этностың өмірі мен биологиялық теориялық құрылымы жайында еңбек сіңірді. Оның әкесі ақын Н.С:Гумилев, ал, шешесі А.Ахматова болған. Этностың пайда болуынан құлдырауына дейінгі кезеңді этногенез дейді. Ол 1200-1500 жылға дейін созылады. Этнос пайда болады, есейеді, қартаяды, жойылады. Этногегез – бұл биосфералық құбылыс және түрткінің әсерінен мутация пайда болады. Мутация – бұл пассионар белгілердің тұқымқуалаушылықтың пайда болуы. Адамның пассионарлығы – бұл оның кернеуден тыс органикалық қабілеттілігі, үлкен мақсатқа жетудің құрбандық жолы. Адамның мінез-құлқы өзгереді, оның амал-айласы әдеттегідей емес, бірақ өмір сүруге қабілетті. Нәтижесінде осы қасиеттер тұқым арқылы беріліп, пассионар саны келесі ұрпақта тез көбееді. Осының салдарынан жаңа этнос пайда болады. Ол ұйытқы аймақ жағынан жақын халықты бағындырады.
Ал, пассионарлық түрткі –анық жерден шықпаған болып саналады. Энергетикалық соққы Жерге Күннен емес, Галаксииден шашырағандар, барлық пассионарлық түрткілер Күннің төменгі нүктесінде жатады. Осы кезде ионосфераның қорғайтын қасиеті төмендейді де, жеке кванттары немесе энергия көздері жердің жоғарғы қабатына жақын шашырайды, ол мутацияның пайда болуына мүмкіндік береді. Пассионарлық түрткінің жолақтарының ені 300км-дей, ол мың жылда 2-3 рет пайда болады және сол өткен жерінен екінші рет ешқашан өтпейді. Нәтижесінде осындай түрткінің бірнеше ошақтары пайда болуы мүмкін.
Пайда болған этнос белсенділігін көтерудің фазаларынан өтеді, өту барысында қызуы немесе төмендеуі мүмкін, соның салдарынан ол тарауы немесе реликт сияқты сақталуы мүмкін (бұл жағдайда оның өзіндік дамуы білінбейді). Мұндай жағдайда идеяның өзі «артта қалуы» мүмкін, мұны басқа жеке этностарға қолдануға болмайды, сызықтық шкаланы этникалық тарихи уақытта да қолдануға болмайды. Осының салдарынан қазіргі европалықтардың көбісі «қарт» болып келеді. Басқа бұрынғы этностар секілді олар да өздерінің жинақталған мәдениеттерін мақтан тұтады. Бірақ, осыдан 1000 жыл бұрын ғана «франктер» және «нормандықтар» византийстер мен арабтардан мәдениеттілікті үйрене бастады. Олардың 1000 жылдан кейін қандай болатындығын жойылып кеткен, бірақ өздерінің ұлы мәдениеттерінен із қалдырған ежелгі эллиндер және римдіктермен салыстыру арқылы болжауға болады.