Әлеуметтік география пәні бойынша емтихан сұрақтары


ҚР-дағы қазіргі демографиялық жағдайы



бет6/17
Дата11.12.2022
өлшемі453,24 Kb.
#56449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
33.ҚР-дағы қазіргі демографиялық жағдайы.
Кез келген елдің демографиясы ішкі саясат, экономикаға тікелей әсер етеді. Демографиясы мықты елдер әрқашан өзге елдерге әсер ете алады. Қытай өзінің демографиялық ахуалының арқасында қазіргі жағдайына қол жеткізді. Қазақстан өзінің территориясын сақтап, қауіпсіздікті ойлау үшін демографиялық ахуалды жақсарту қажет. Ол үшін туу көрсеткішін арттырып, өлім деңгейін төмендету этникалық қазақтарды атамекеніне көшіп келуге ынталандыру міндеті тұр.
Қазақстанда бұл міндет толығымен орындалып жатыр деуге толық негіз бар. Себебі Қазақстандағы халық санын арттырып, демографиялық ахуалды жақсарту үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Оның ішінде көші-қон саясатын ерекше атап өтуге болады. Қазақстан Республикасында 2017-2019 жылдарға арналған көші-қон тұжырымдамасы қабылданған болатын. Оған сәйкес, екі жылда халық санын өсіріп, түрлі тарихи жағдайларға байланысты елден жыраққа кеткен этникалық қазақтарды атамекенге қоныс аударуға ынталандыру, елге келгеннен кейін де жағдай жасау.
Қазақстанның жер аумағы өте үлкен. Әлем бойынша тоғызыншы орында тұр. 20 ғасырда Қазақстандағы халық өспеді, керісінше азайды. Оған түрлі тарихи жағдайлар себеп. Қазақ ұлт қаймағынан айырылды. Аштыққа ұшырады, соғысты көрді. 20-шы ғасырдың басында қазақтар саны жағынан кіші Азиядағы түріктерден көп еді. Қазір Түркия мен Ирандағы халық саны 70 миллионнан асып жығылады.
1931-1932 жылдары болған аштықтың салдарынан адам шығыны мен елден үдере көшкен қандастарымыз саны көп еді. 1926 жылдары барлық халықтың 57,1 процентін құрайтын қазақ ұлты 1939 жылы 38 процентке азайды, ал 1959 жылы қазақ халқы санының пайыздық көрсеткіші 30-дан аспады. 1970 жылы Қазақстанда 13 миллион адам тұрды. Оның 4,2 миллионы қазақтар болды, ал 5,5 миллионы орыстар. 1979 жылы Қазақстан халқының саны 14,7 миллионға көтерілді. Қазақтардың саны - 5,3 миллион, орыстардың саны - 5,9 миллион адам болды.
Енді қазір тәуелсіз Қазақстанда қазақтардың санын өсіру мақсатында көптеген істер атқарылуда. Жоғарыда атап өткен ашаршылық кезінде азық іздеп Қазақстаннан үдере көшкен қандастарымыздың ұрпағын Қазақстанға алып келу үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Этникалық қазақтардың азаматтық алу, тұрақты тіркеуге тұру, ықтияр хат алу, баспаналы болу, жұмысқа орналасу, мектеп, балабақшаға балаларын орналастыру, жоғары оқу орнына түсу секілді мәселелердің барлығын жеңілдетіп, барынша қысқа уақыттың ішінде жаңа ортаға сіңісіп кетуіне, құжат рәсімдеу жағынан қиындық көрмеу үшін барлығы жеңілдетіліп жатыр.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін екінші мәрте халық санағы 2009 жылы жүргізілді. 2009 жылғы көрсеткіш бойынша халық саны 16 миллион 305 адам болды. Қазақтардың саны - 67% болды. Оның нәтижесі 2010 жылы 4 ақпанда мемлекеттік статистика комитетінің сайтында жарияланды. 2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасындағы халық саны 16.004,8 адам болды. Халық саны - 1.022,9 адамға көбейді. Бұл 1999 жылмен салыстырғанда 6,8 процентке көп.
2009 жылы қазақтардың үлес салмағы 63,1 процент (1999 жылы 53,4 процент болған), орыстар - 23,7 процент (30,0 процент), өзбектер - 2,8 процент (2,5 процент), украиндықтар - 2,1 процент (3,6 процент), ұйғырлар - 1,4 процент (1,4 процент), татарлар - 1,3 процент (1,7 процент), немістер - 1,1 процент (2,4 процент) болды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы Қазақстан халқының табиғи өсімі 267 295 адамды құрады (2020 жылы – 263 012 адам).
2021 жылы Қазақстанда 450 652 бала дүниеге келіп, 183 357 адам қайтыс болды. Елден 32 209 азамат кетсе, 10 952 адам Қазақстанға келген.
Сондай-ақ 140 256 неке қиылып, 19 280 ерлі-зайыпты ажырасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет