Әлеуметтік-Гуманитарлық- факультеті



бет31/138
Дата31.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#22148
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   138
Мәтінге арналған сөздік:

нұсқау – указание

нұсқаулық – инструкция

ұйымдастыруға байланысты – связанным с организацией

басқару құжаты – распорядительный документ

құзіреті шегінде – в пределах компетенции

соған сәйкес – в соответствие (с тем)

мақсатында – в целях

ұсынамын – предлагаю

міндеттеймін – обязываю

күнтізбелік жыл - календарный год

шегінде – в пределах

реттік нөмір – порядковый номер


Нұсқау үлгісі

(Форма указания)



Қостанай облыстық әскери комитеті
НҰСҚАУ

02. 12. 2006.

Қостанай қаласы
2007 жылғы демалыстар кестесі туралы
2007 жылы берілетін кезекті демалыстар кестесін жасау үшін
ҰСЫНАМЫН:


  1. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары хатшыға 2007 жылғы еңбек демалысының шамамен алынған мерзімі көрсетілген тізімді ұсынуға тиіс. Тізімді ұсыну мерзімі 2006 жылғы 20 желтоқсанға дейін.

  2. Хатшы қызметкерлердің 2007 жылғы еңбек демалысының жиынтық кестесін жасап, оны бастықтың бекітуіне ұсынсын. Кестені ұсыну мерзімі 2006 жылғы 22 желтоқсанға дейін.

Қостанай облыстық

әскери комитетінің бастығы қолы аты-жөні
Бұрыштамалар
№ 596 іске

Орындаушының қолы 02. 12. 2006.





1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Қандай құжат нұсқау деп аталады? Нұсқау нелердің орындалу тәртібін түсіндіреді? Нұсқауға кімдер қол қояды? Нұсқаудың басқару бөлігі қандай сөздерден басталып, қандай сөздермен аяқталады?
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жалғап, сөйлемдерді оқыңыз (Прочитайте предложения, вставляя вместо многоточий подходящее окончание).


Ол

Бастығым


бүгін


өкім…

бұйрық…


нұсқау…

қол қойды



Сен


Мен

Бағдат…

Мамаң…


Айнұр…

әжем…


тамақ пісіруді

қазақша дұрыс жазуды

іс қағазын толтыруды

шахмат ойнауды



үйрендің


(үйрендім)


Олар


Әжем

сүзбе…

айран…


қаймақ…

сүт…


ірімшік

құрт


сүзбе

май


жасады


Меніңше


жүзім…

Алматы…


адам…

өтірікші…

Қостанай…

қазақ…


тәтті жеміс

әсем қала

ақылды жан

жаман адам

таза қала

дана халық



жоқ




3-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз (Найдите соответствия в двух столбцах).
1. күнтізбелік □ бөлімше

2. мекеменің □ құрам

3. құрылымдық □ орынбасары

4. нақты □ мерзімі

5. қол □ алу

6. директордың □ жобасы

7. орындалу □ беру

8. есепке □ атауы

9. ішкі □ шығару

10. жеке □ тапсырма

11. жауап □ жыл

12. бұйрықты □ қою

13. бұйрықтың □ құжаттар
4-жаттығу. Қатесін тауып, түзетіңіз (Найдите и исправьте ошибки).
Бұйрықтың мәтіні екі бөлікпен тұрады. Өкім бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөздің басталады. Өкім – басқарумен шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Тұрақты бұйрықтардың күшіне мекеме басшысы жаңа бұйрық шығарып қана жоя алады. Құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар берген алады.
5-жаттығу. Төмендегі сөздерді септеңіз (Присклоняйте по падежам данные слова).
Бұйрық, өкім, шешім, бұйрықтың жобасы, менің нұсқауым, сенің тапсырмаң.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет