Әлеуметтік-Гуманитарлық- факультеті



бет33/138
Дата31.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#22148
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   138
Тест тапсырмалары


  1. Бұйрықтар мен тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша шығарылатын басқару құжатын атаңыз.

А) қарар

В) жарлық

С) нұсқау

D) өкім


Е) шешім


  1. Тәуелді септеуде тұрған сөзді табыңыз.

А) нұсқауды

В) нұсқауын

С) нұсқауға

D) нұсқаумен

Е) нұсқаулардың



  1. Ілік септігінде тұрған сөзді табыңыз.

А) тапсырмасының

В) тапсырмаға

С) тапсырмасымен

D) тапсырмада

Е) тапсырмадан


  1. Көмектес септікте тұрған сөзді табыңыз.

А) мәселені

В) мәселесімен

С) мәселелерінің

D) мәселеге

Е) мәселеден


  1. Жатыс септікте тұрған сөзді табыңыз.

А) бұйрығын

В) бұйрыққа

С) бұйрығында

D) бұйрықтың

Е) бұйрықпен

7 сабақ


Шешім (қаулы)

(Решение /постановление/)



Шешім немесе қаулы өндірістік мәселелер бойынша жасалған алқалық органдардың (Директорлар кеңесі, акционерлердің жалпы жиналысы) құжаттарын білдіреді. Шешім «ШЕШТІ», «ШЕШІЛДІ», «ҚАУЛЫ ЕТЕДІ», «ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ» деген сөздері пайдалана отырып, басқа басқару құжаттары сияқты ресімделеді. Шешімге (қаулыға) алқалық органның төрағасы және оның мүшелері немесе төраға мен хатшы қол қояды. Шешім мен қаулы тек қана дербес құжат емес, сонымен бірге хаттаманың құрамдас бөлігі болып табылады.

Хаттама – жиналыстарда, отырыстарда, мәжілістерде мәселелерді талқылау және шешімдер қабылдау фактісін белгілейтін құжат.

Хаттаманы отырысқа қатысушылардың сөздерін жазып отыратын немесе диктофонға жазып алатын хатшы отырыс кезінде жүргізеді.

Хаттама кәсіпорынның жалпы бланкісі түрінде таза параққа, негізгі деректемелер:


  • мекеменің атауы;

  • құрылымдық бөлімшенің атауы;

  • құжат түрінің аты (хаттама);

  • отырыстың күні;

  • құжаттың тіркеу нөмірі;

  • отырыстың орны;

  • мәтін тақырыбы;

  • құжаттың мәтіні;

  • қойылатын қолдар ескеріле отырып ресімделеді.

Хаттаманың негізі мәтін болып табылады. Ол екі бөліктен тұрады: бірінші –

кіріспе, мұнда төрағалық ететін тұлғаның, хатшының, қатысушылардың аты-жөні, күн тәртібі көрсетіледі. Екінші бөлікте отырыс барысын белгілейтін негізгі мәселе болады.

Хаттамалар отырыс барысын көрсету толықтығына қарай толық және

қысқаша болады.

Отырыстың барысында хаттаманың бірінші нұсқасы жасалады. Хаттама

нақтыланады, тексеріледі, редакцияланады және бес күндік мерзімде толық ресімделеді. Хаттамалар кәсіпорынның маңызды құжаттарының біріне жатады, сондықтан оларды кемінде он жыл сақтайды. Хаттамалар сақтауға мұрағатқа жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет