Әлеуметтік-Гуманитарлық- факультеті



бет102/138
Дата31.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#22148
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   138
Байланысты:
?леуметтік-Гуманитарлы?- факультеті

Тест тапсырмалары
1. Қимыл-әрекеттің нақтылы болғанын білдіретін өткен шақ түрін көрсетіңіз.

А) нәтижелі өткен шақ

В) нақтылы өткен шақ

С) бұрынғы өткен шақ

D) бүгінгі өткен шақ

Е) кешегі өткен шақ
2. Нақтылы өткен шақта тұрған етістікті табыңыз.

А) жаздым

В) жазамын

С) жазғанмын

D) жазыппын

Е) жазармын
3. Нақтылы өткен шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) қағазды

В) барады

С) барды


D) барған-ды

Е) аязды
4. Қате жазылған сөзді көрсетіңіз.

А) мәлімет

В) құжат

С) силық


D) сұйық

Е) ақпарат
5. Етістік сөзді табыңыз.

А) ойын


В) ойлан

С) ойлы


D) ойсыз

Е) ойпаң

21-сабақ



Хабарлама


(Уведомления)
Хабарлама – қандай да бір оқиғаның басталғандығы туралы екінші тарапты ескертетін ақпараттық-құқықтық құжат, сонымен қатар осы оқиға бастапқы құжатта алдын-ала айқындалады.

Мысалы:



  • Инспекциялық тексерулер және ресімделген актілердің нәтижелері бойынша салықтар және айыппұлдар сомасын есептеу туралы хабарлама.

  • Еңбек шарттарының өзгерістері туралы қызметкерге жұмыс берушінің хабарламасы.

Мемлекеттік органдар пайдаланатын хабарламалардың бекітілген үлгілері

болады. Ал қызметкерлер мен жұмыс берушілердің арасындағы қатынастарда хабарламалардың және келісімдердің мұндай үлгілері әлі әзірленген жоқ. Хабарлама фирмалық бланкілерде басылады және қызметкерге қол қоюға қолма-қол беріледі немесе тапсырыс хат түрінде почтамен жіберіледі. Еңбек дауларында бұл құжат елеулі рөл атқарады.

Әдетте, хабарламада «Сіздің назарыңызға жеткіземіз», «Хабарлаймыз» деген сөздер болуы тиіс. Осы парақта қызметкердің жауабын (келісімі немесе келіспейтіні туралы) беру ұсынылады.


Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

хабарлама уведомления

оқиға – событие

басталғандығы туралы – о наступлении

екінші тарапты ескертетін – предупреждающий другую сторону

ақпараттық-құқықтық құжат – инфармативно-правовой документ

сонымен қатар – при этом

осы оқиға – данное событие

бастапқы құжатта – в первичном документе

тексеру – проверка

ресімделген актілер – оформленные акты

нәтижелері бойынша – по результатам

салық – налог

айыппұл – штраф

есептеу туралы – о начислении

еңбек шарттарының өзгерістері туралы – об изменении условий труда

жұмыс берушінің хабарламасы – уведомление работодателя

мемлекеттік органдар – государственные органы

пайдаланатын - используемые

бекітілген үлгілер – утвержденные формы

әлі әзірленген жоқ. – еще не разработаны

фирмалық бланкілерде басылады – печатается на фирменном бланке

қызметкерге қол қоюға қолма-қол беріледі – передается работнику лично под

роспись

тапсырыс хат – заказное письмо

почтамен жіберіледі – отсылается по почте

еңбек даулары – трудовые споры

елеулі рөл атқарады - играет значительную роль

әдетте – как правило

сіздің назарыңызға жеткіземіз – довожу До Вашего сведения

хабарлаймыз – уведомляю

қызметкердің жауабы – ответ работника

келісімі – согласие

келіспейтіні – несогласие

ұсынылады – рекомендуется






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет