Мәтінге арналған сөздік Словарь к тексту
өтініш – заявление
ең көп тараған құжат түрі – широко распространенная форма документа
жеке тұлға – физическое лицо
басшы – руководитель
мемлекеттік органдар – государственные органы
іс қағаздарын жүргізу – делопроизводство
негізгі ережелер – основные правила
сақтай отырып – с соблюдением
еркін түрде жасалады – составляется в произвольной форме
3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтыңыз. Морфологиялық талдау жасаңыз (Внимательно прочитайте текст, перескажите его содержание. Сделайте морфологический разбор).
Өтінішке қажетті өзге құжаттар: өмірбаян, кадрлық есепке алу жеке қағазы немесе сауалнама; ұсыныс хат (мінездеме); сауалнама мен куәлікке қажет фотосурет; білімі мен кәсіби біліктілігі туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Төлқұжат жеке көрсетіледі. Еңбек туралы Заң Кодексі мекемелерден заңда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге тыйым салады.
Жаңа сөздер: кадрлық есепке алу жеке қағазы (личный листок по учету кадров), сауалнама (анкета), ұсыныс хат (рекомендательное письмо), қоса тіркеледі (прилагаются).
4-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, «Жұмысқа қабылдау туралы» өтініш жазыңыз (По образцу Напишите заявление «О приеме на работу»).
«Жетісу» фирмасының
Бас директоры
Б.Қ. Уәлибаев мырзаға
Омарова Ләйлә Маратқызынан,
мекен-жайы: 418048, Алматы қ-сы,
Қастеев көшесі, 12-үй, 7-пәтер
ӨТІНІШ
Мені бухгалтерия бөліміне бас есепші қызметіне жұмысқа алуыңызды сұраймын.
Қолы
5-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, «Ауысу туралы» өтініш жазыңыз (По образцу напишите заявление «О переводе».
Алматы электротехникалық ____________________
зауыты 0244863
Өтініш Зауыт директоры
00.00.00. Б.Т. Найманбаев мырзаға
Өткізу бөлімінің технигі
Н. Сағындықұлынан
Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіруіме байланысты мені өткізу бөлімінің инженері қызметіне ауыстыруыңызды сұраймын.
Жеке қолы
Жаңа сөз: өткізу бөлімі (отдел сбыта)
6-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз (Составьте предложения, соблюдая порядок слов).
Демалыс туралы бланкіге толтырылады алу өтініш арнайы. Қызметтен туралы босату өтініш жұмысқа туралы алу ұқсас өтінішке. Кезекті еңбек алу демалысын туралы бекітілген өтініш демалыс кестесі арқылы шешіледі.
7-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, «Кезекті еңбек демалысын алу туралы» өтініш жазыңыз (По образцу напишите заявление «О предоставлении очередного трудового отпуска»).
Достарыңызбен бөлісу: |