2-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен қайда? деген сұраққа жауап беретін сөз формасын жасаңыз.
Қостанай қаласы, Наурызым ауданы, Алматы, Петропавловск, Қазақстан Республикасы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Ауыл шаруашылық департаменті, Ғылыми-жобалау институты, «Даяна» сән үйі, Қызылорда облысы, Ресей Федерациясы, жұмысы, сырт, іш, әкімшілік, Астана.
3-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Өмірбаян – жеке (адамның, адамға, адаммен, адамда) өмір жолы хронологиялық (тәртіпке, тәртіпте, тәртібі, тәртіпсіз, тәртіптен) қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте (оқудан, оқумен, оқуға, оқуды, оқуда) түсу, жаңа қызметке тұру (кезімен, кезінде, кезінен, кезін, кезінің) жазылады. Ол таза қағазға (қолдан, қолға, қолы, қолмен, қолын, қолдың) жазылады. (Өмірбаянға, өмірбаянды, өмірбаянның, өмірбаяны, өмірбаянда) мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік (қасиеттерінің, қасиеттерімен, қасиеттерінде, қасиеттерін, қасиетім) жан-жақты баяндап беруге тиіс.
4-жаттығу. Төмендегі үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз (Составьте предложения, используя нижеприведенные наречия).
Жоғары, төменнен, ұзақ, мейлінше, керісінше, үздік-создық, үсті-үстіне, шапшаң, балаша, әдейі, жорта, көлбеңдеп, ұзынды-қысқалы, көп-көптен, соншалық, тікелей, лажсыздан, былтыр, жаздай, аса, жазғытұрым, азғантай, қолма-қол, басынан, соғұрлым, жолшыбай.
5-жаттығу. Составьте предложения, употребив в них наречия места, переведите на казахский язык.
Вверху, вдоль, впереди, где-то, здесь, там, откуда, отсюда.
6-жаттығу. Спишите, переведите на казахский язык. Употребите следующие наречия с глаголами.
1. Вежливо, тепло, спокойно, ярко, роскошно, тихо, аккуратно, радостно, счастливо.
2. Грустно, печально, взволнованно, громко, грубо, тускло, скромно, небрежно, холодно, беспокойно, беспечно, беззвучно.
Достарыңызбен бөлісу: |