5-жаттығу. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз (Составьте предложения, используя нижеприведенные словосочетания).
Мінездеме жазу, мінездеме беру, мінездемеге қол қою, жоғары білімді, өз ісін жетік білетін маман, тәжірибелі маман, орта білімді, беделді, қазақ тілін жетік меңгерген.
6-жаттығу. Морфологиялық талдау жасаңыз (Сделайте морфологический разбор).
Ұсыныс хат берілу мақсаты мен мәтініндегі ақпараттық құрамы жағынан мінездемеге ұқсас болады. Бірақ мұндай хаттар еркін стильмен толтырылады.
7-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова).
Мінездеме – мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін (адамның, адам, адамға, адамда) туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым (тарапымен, тарапының, тарапынан, тарапында, тарапына) берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін (сипаттап, сипаттар, сипатта, сипаттайтын, сипаттамас) ресми құжат. Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық (болған, болып, болса, болуы, болды) керек. Мінездеме басқа мекеме /сот, прокуратура/ сұраған жағдайда, оқуға, (аспирантурамен, аспирантураға, аспирантураны, аспирантурадан, аспирантурасын) түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби (біліктілігімен, біліктілігінен, біліктілігінің, біліктілігін, біліктілігінде) көтеру мақсатында беріледі.
8-жаттығу. Жіктеңіз (Проспрягайте).
Менің
|
отыр-ғы-м келеді
|
түсін-гі-м келеді
|
қара-ғы-м келеді
|
Сенің
|
|
|
|
Сіздің
|
|
|
|
Оның
|
|
|
|
Біздің
|
отыр-ғы-мыз келеді
|
түсін-гі-міз келеді
|
қара-ғы-мыз келеді
|
Сендердің
|
|
|
|
Сіздердің
|
|
|
|
Олардың
|
|
|
|
9-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Мінездеме – қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. Қазіргі кезде ол мемлекеттік емес мекемелерде сирек қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестациялау кезінде, іссапарға шыққанда және басқа жағдайларда мінездеме қажет болады.
Мінездеме А4 қалыпты жалпы бланкіге толтырылады. Оның деректемелері: атауы (мінездеме); мінездеме беріліп отырған адамның қызметін көрсету; құжатты беруші ұжымның атауы, қызметкердің толық аты-жөні, мәтіні; қолы және мөрі.
Достарыңызбен бөлісу: |