Тест тапсырмалары
1. Мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін адам туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат қалай аталады?
А) Бұйрық
В) Анықтама
С) Мінездеме
D) Хаттама
Е) Хабарлама
2. Сөйлеушінің ықылас-тілегін білдіретін рай түрін көрсетіңіз.
А) ашық рай
В) қалау рай
С) шартты рай
D) бұйрық рай
Е) тілек рай
3. Қалау рай тұлғалы етістікті көрсетіңіз.
А) барса
В) барсын
С) барғысы келеді
D) барған
Е) барыпты
4. Мінездеменің қай бөлімінде тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады?
А) басқы бөлімде
В) екінші бөлімде
С) үшінші бөлімде
D) төртінші бөлімде
Е) қорытынды бөлімде
5. Жіктік жалғауының ІІ жақ, сыпайы түрінде тұрған етістікті белгілеңіз.
А) барғысы келеді
В) барғыңыз келеді
С) барғың келеді
D) барғым келеді
Е) барғымыз келеді
№25-сабақ
Өмірбаян
(Автобиография)
Өмірбаян – авторы өзінің өміріне қатысты мәліметтерді хронологиялық тәртіппен құрастыратын құжат. Өмірбаянның типтік үлгісі жоқ, ол мақсатына байланысты қысқа немесе толық нұсқада болуы мүмкін.
Әдетте өмірбаянда мыналар көрсетіледі:
құжаттың атауы;
автордың аты-жөні;
туған жері мен туған жылы, айы, күні;
ұлты;
білімі мен мамандығы;
қызметіне қатысты мәліметтер, марапаттаулар мен алған мадақтаулары;
отбасы жағдайы мен отбасы құрамы;
үйінің мекен-жайы мен телефоны;
толтырылған күні мен жеке қолы.
Достарыңызбен бөлісу: |