Әлеуметтік-Гуманитарлық- факультеті



бет6/138
Дата31.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#22148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Байланысты:
?леуметтік-Гуманитарлы?- факультеті

Ресми іс жүргізу стилі

Дипломатиялық стиль

Заң шығарушылық стиль

Күнделікті іс жүргізу стилі

Екіншіден, ресми іс жүргізу стилі әлеуметтік сананың ерекше формасы – құқықтық санамен сәйкеседі. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде өз құқымыз туралы, мысалға отбасы қарым-қатынасындағы, қызметтегі, қоғамдық орындардағы және мемлекет алдындағы міндеттемелеріміз бен жауапкершіліктеріміз туралы білеміз. Мұндай құқықтық нормаларды тәжірибе жүзінде меңгеруіміз бізге басқа адамдармен қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай-ақ моральдық-этикалық ұйғарымдар мен тыйымдар негізінде жүргізілетіндіктен, басқарушы үшін құқықтық және моральдық нормаларды білу ерекше мәнге ие болады.

Іскерлік қатынастың өзіндік мәні, әсіресе, нақты түрде жазба мәтінде, құжаттарда көрінеді. Сондықтан қандай да бір қызметтің өзі белгілі бір құжаттарды толтыра білу міндеттерін және түрлі жанрдағы қызметтік-қарым-қатынастарды кәсіби түрде игеру қажеттігін талап етеді.

Техникалық орындаушылардан бастап барлық буындағы басшыларға дейінгі басқару аппаратының бүкіл қызметкерлерінің қызметі құжаттаумен байланысты. Біреулері құжаттауды жасайды, басқалары олардың рәсімделуін және берілуін қамтамасыз етеді, үшіншілері сол құжаттар негізінде шешімдер қабылдайды.

Кәсіпорындардың күнделікті жұмысында өндірістік, шаруашылық, қаржылық және қоғамдық қызметтің сан қилы мәселелері бойынша құжаттар жасалады. Ол – бұйрықтар, шешімдер, хаттар, актілер, келісім-шарттар, хаттамалар, өтініштер, жеделхаттар, анықтамалар және т.б. Кәсіпорындарда жасалатын құжаттар әдетте хат-хабар деп аталады.



Құжаттардың жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне, қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы іс қағаздарын жүргізу деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет