Ә йелдердің мемлекеттік қызметтегі рөлі



жүктеу 0.5 Mb.

бет1/5
Дата12.03.2017
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3   4   5

1

Ә

йелдердің

 

мемлекеттік

 

қызметтегі

 

рөлі



қ

азақстанның

 

басқару

 

құрылымдарына

               

қатысуы

 

туралы

 

талдамалық

 

баяндама

 

Алматы-2015 



2

Мазмұны

Кіріспе .......................................................................................3

Қазақстандық мемлекеттілік тарихындағы әйелдің рөлі. .4



Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әйелдердің қазіргі  

жағдайы. ................................................................................8

Мемлекеттік қызметтегі гендерлік қатынастар. ..............12



Саясаттағы әйелдің рөлі жайлы халықаралық тәжірибе. 17

Саясатта әйелдер қажет пе? ...............................................28



Саяси қызметтегі әйелдердің психологиясы.  ..................32

Қорытынды..........................................................................34



3

к

іріспе

Әйелдердің  қазақстандық  саяси  процестерге  қатысуы 

түрлі  қарама-қайшы  тенденциялармен  сипатталады.  Қазіргі 

уақыттағы саяси процестерге қатыстылықтың тереңділігі мен 

талаптарға  жауап  беруіне  көптеген  факторлар  ықпалын  тигі-

зеді:  елдің  саяси-экономикалық  дамуы,  жариялық  саласының 

дамуы, ұйымдасқан саяси күштердің іс-әрекеті, демократияла-

нудың индивидуалды ерекшеліктері және басқалары.  

Бүгін елімізде әйелдердің саяси қызметке қатысуына ке-

дергі  келтіретін  заңнамалық  шектеулер  жоқ,  алайда  жоғарғы 

заң шығарушы орган болып табылатын парламентте және атқа-

рушы билік органдарында әйелдердің өкілдік деңгейі тұрақты 

түрде төмендеу процесі орын алды. 

Қазіргі таңда Қазақстанда әйелдер жауапты шешімдерді 

қабылдауды  қажет  ететін  қызметтерді  атқаруда.  Бұл  үрдістен 

шығатын  қорытынды,  қазақстандық  саясат  саласында  әйел-

дердің саяси қатыстылық формасында және әйелдердің саясат-

тағы мақсаттылығы мен қажеттілігі туралы сұрақтарға қатысты 

жағымды өзгерістер орын алуда.   

Тәуелсіздік  жылдарының  барысында  біздің  республика 

ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғау 

саласында  белгілі  ілгерілеушілікке  қол  жеткізді.  Қазақстан 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  әйелдерге  қатысты    дискрими-

нацияның  барлық  формаларын  жою  туралы  Конвенциясына 

қосылды,  әйелдер  мен  балалардың  құқықтарына  қатысты  ак-

тілерге қол қойылды, Қазақстан Республикасының Президенті 

жанындағы отбасы және әйел істері жөніндегі Ұлттық комис-

сия құрылған болатын.     

Жүзеге асырылып  жатқан гендерлік саясаттың арқасын-

да, қазіргі күні қазақстандық әйелдер белсенді қоғамдық және 

саяси позицияларды иеленіп келеді. Осымен қатар қазақстан-

дықтардың  қоғамдық  санасында  ер  адамдармен  қатар  сәтті 

мансап жолын жүзеге асырып келе жатқан іскер әйелдің бей-

несі нығайып келеді.  



4



Қазақстандық мемлекеттілік 



тарихындағы әйелдің рөлі.

Адамзат дамуының және түрлі халықтардың тарихы нәзік 

және әлсіз деп айтуға болатын әйелдердің ортасынан шыққан 

дарында  патшайымдардың,  генилердің,  белгілі  ақындар  мен 

актрисалардың және батырлардың шығуы жайлы мысалдар са-

нын көптеп сақтады. Бұндай әйелдер бізде де бар. Ұлы дала-

ның тарихнамасында олар жайлы өлеңдер мен әндер, поэмалар 

жазылған  әйелдердің  аты  аз  емес  және  олардың  есімі  аңызға 

айналған.      

 Қазақстан  тарихында  әйелдердің  халифтер  мен  әскер 

басшыларына  кеңес  берулері,  әділетсіз  және  терең  ойласты-

рылмаған шешімдермен,  жарлықтармен келіспеуі жайлы мы-

салдар аз емес және ықылым замандардың аңыздары мен нақыл 

әңгімелері біздің назарымызға ақын-жыршылармен әнге қосып 

шырқалған қыз, ана, өмірлік жар, басшы және батыр кейіпіндегі 

дала әйелінің ұлы бейнесі жетіп отыр. Және Ұлы Дала әйелдері 

қазақ мемлекетінің саяси-қоғамдық иерархиясында әруақытта 

ерекше статусқа ие болған.  

Ұлтымыздың аса ұлы мақтанышына айналған сұлу жар-

тымыздың әйгілі өкілдері аз болмаған. Әлемнің аты әйгілі және 

аса  белгілі  әйелдерінің  қатарында  –  сақ-массагеттердің  ұлы 

патшайымы – Тұмар да бар. Оның тұлғасы әлемнің көптеген 

елдерінің және түрлі құрлықтарының шығармашыл адамдары-

ның қиялының өрбіп, шарықтауына шабыт беріп, қазіргі күні 

де бастау көзі болып қызметін ары қарай жалғастырып келеді. 

Жұмбақты әрі тартымды сұлудың дүние жүзілік танымалдығы 

және белгілілігі көптеген аңыздардың өмірге келуіне негіз бол-

ды. «Ұлы даланың Ұлы қыздары» анықтамалығында қазақстан-

дық тарихшылар келесідей болжамды назарға ұсынады, Тұмар 

– ұлы Парсы империясының негізін қалаушы парсы патшасы 

Кирден нағыз жауынгер ретінде өшін алған тәкаппар патшай-



5

ым. Жеңіске массагеттер, тигрохаудтар мен хаомоваргтер тай-

паларынан шыққан сақ тұрғындарының басым бөлігін жоғалту 

нәтижесінде ғана қол жеткізілді.  

Тұмар терең ойлайтын стратег болған, жұртшылық ара-

сында  үлкен  беделге  ие  болған.  Бұның  растығы  жайлы  оның 

өмірден озғанынан кейін сақ мемлекеті бір емес бақандай үш 

патшамен басқарылған болатын.    

Қазақ  халқы  арасында  сақ  патшайымы  Тұмардың  ерлі-

гі  жайлы  көптеген  аңыздар  бар.  Қазақстанда  сақ  патшайымы 

ұлттық батыр ретінде құрметтеледі, ал Тұмар аты қазіргі күні 

халық арасында кеңінен тараған.  



Айғаным Ханшайым – Орта жүздің соңғы ханы, Аблай-

дың  ұлы  Уали  ханның  жұбайы  және  Шоқан  Уәлихановтың 

әжесі болған. Оның тұлғасының қалыптасуына Айғаным үлкен 

ықпалын тигізді. Айғаным қиындыққа мойымайтын әйел және 

де білімді әрі жоғарыинтеллектуалды тұлға болатын.  

Ақын Сара – белгілі қазақ жыршысы және суырып салма 

ақыны. Ол жетімдер өмірінің ауыртпалығы, тағдырдың тәлкегі, 

билікке қолдары жетіп жатқандардың өзінің жағдайын пайда-

лануы және әйелдердің өмірінің күрделілігі жайлы өлең-толғау-

ларды дүниеге әкелген автор. Оның айтыстары жатқа жатталы-

нып ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген. 



Назифа  Құлжанова  –  өткен  ғасырдың  басында  өзінің 

өмірін  Қазақстанның  қоғамдық  өміріне  арнаған  аса  жарқын 

және бірегей тұлға. Ол кісі дарынды педагог, Орыс географи-

ялық  қоғамының  мүшесі,  әйелдер  қозғалысының  белсендісі 

және алғашқы қазақ әйел журналистерінің бірі болды.  Н.Құл-

жанова  педагогика  жайлы  бірнеше  өлеңдердің  авторы,  және 

осымен қатар ол кейбір орыс жазушыларының еңбектерінің ау-

дармаларының авторы болып табылады. 



Алма Оразбаева – өткен ғасырдың алғашқы жартысының 

тарихында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері ретінде қал-

ды. Төңкерістік идеялармен шабыттанған ол ауыл кеңестеріне 


6

және тұңғыш қазақ кавалериялық полкінің қалыптасуына тіке-

лей  қатысты.Ол  Орынбор  губернаторлық  комитетінің  секция 

хатшысы, Қырғыз облыс комитетінің әйел бөлімінің бюро мү-

шесі және меңгерушісі болып сайланған. Осымен қатар Алма 

қазақ хылқының қалың мал және көп әйел алушылықты жою 

туралы Декреттің авторларының бірі болып табылды.  

Жамал  Оморова  –  Қазақ  КСР-нің  халық  әртісі,  оның 

өмірі бүкілхалықтың сүйіспеншілік пен айтулы мәртебеге қа-

нық  болған.  Өзінің  табиғи  дарындылығы  мен  шеберлігінің 

арқасында Жамал 16 жасының өзінде Ташкент радиосының со-

лист  әншісі,  ал  одан  кейін  Қазақ  радиосының    солист  әншісі 

болды. Ол жіңішке қоңыр дауыстың иегері, оның әндері радио 

эфирінде  күнделікті  шырқалып  өзінің  тыңдаушыларын  қуа-

нышқа бөлеп келді.  



Дина  Нүрпейісова  –  дарынды  домбырашы,  халық  ком-

пазиторы, ол қазақ музыкасының дамуына орасан зор үлес қо-

сты.  Оның  арқасында  Құрманғазы  атындағы  қазақ  халық  ас-

паптарының  мемлекеттік  оркестрі  белгілі  композиторлардың 

көптеген шығармаларын игерді. Аталмыш ұжым өзінің халық 

арасындағы танымалдығына Динаның еңбегінің арқасында қол 

жеткізді.  Ол  ерекше  домбыра  шеберлігі  мен  әдіс-тәсілдерінің 

авторы  болып  табылады.  Осы  қажырлы  еңбегінің  арқасында 

Д.Нүрпейісова домбыраның күмбірімен музыкалық шығарма-

лардың орындалуының мәдениетін кеңінен байыта түсті. 



Батыр-қыздар  –  өз  күйеулерімен,  әкелерімен  және 

аға-бауырларымен   иық тірестіре отырып жоңғарлармен қарсы 

шайқастарға кеңінен қатысып келген:

Айтолқын,  Абылай  сұлтанның  қызы,  Есенбике,Қара-

сай батырдың қызы, Айбике, Бұланбай батырдың қызытарихта 

және көптеген басқа батыр қаздардың есімі белгілі. Гаухар,Қа-

банбай  батырдың  зайыбы  барлаушылар  отрядын  басқарғаны 

белгілі. Ол барлық үлкен шайқастарға қатысқан, нәтижесінде 

ана болып, өзінің үлкен қызы Назымды соғысқа аттандырған. 



7

Ұлы Отан Соғысы жылдарында көзге елестету мүмкін 

емес сан ерліктерді әйелдер көрсете білді. Бұны былай қойған-

да өздерінің өмірлерін Жеңіс үшін пида еткен. Қазақ даласы-

ның үш қызы Ұлы Жеңістің тарихи жылнамаларына енген. Әб-

ден жас, балауса қыздар майданға өз еркімен аттанып, ерлермен 

иық тірестіре шайқастарға қатысқан. 



Мәншүк Мәметова  Гвардияның Калинин майданының 

шабуылдаушы 3 әскерінің 21-ші гвардияшы атқыштар дивизи-

ясының пулемётшысы, аға сержант. Кеңес Одағының Батыры 

атағы берілген алғашқы қазақ әйелі. 



Әлия Молдағұлова – Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы 

үздік  кеңес  әйел-снайперлерінің  қатарына  кіреді.  Ефрейтор 

әскери атағында 2-ші Балтық майданының 22-ші әскерінің 54-

ші  дербес  атқыштар  бригадасында  әскери  борышын  өтеген. 

Оның есебіндеқарсыластың көзі жойылған 78 солдат пен офи-

церлері бар.  



Хиуаз  Доспанова  –  штурман-атқыш,  қазақтан  шыққан 

жалғыз ұшқыш-әйел, Ұлы Отан соғысының батыры. 

Соғыстағы 

батылдығы мен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», «II дәрежелі 

Отан соғысы», «Қызыл Ту» ордендері мен «Кавказды азат ет-

кені  үшін»,  «Варшаваны  азат  еткені  үшін»,  «Германиядағы 

жеңісі үшін» медальдарын иеленді.

Бұлбұл-әйелдер:  бұл  әйелдер  соғыс  уақытында  әскер-

лердің жанын жылытты, олардың әндері республиканың түкпір 

түкпірінен  дауыс  зорайтқыштардан  шығып  тұрды,  олардың 

концертін  күні бойы халық экран алдында отбасымен, доста-

рымен, көршілерімен ақ-қара түсті теледидардан көрді.

Роза Бағланова – майдангер, КСРО және Қазақстанның 

халық әртісі. Ол соғысқан жоқ, бірақ өзінің даусымен және кон-

церттерімен отан қорғаушылардың рухын көтерді.  

Күләш Байсейітова – тұңғыш қазақ опера әншісі, 24 жа-

сында КСРО халық әртісі атағын алған, Евгений Брусловский 

жазған  тұңғыш  қазақ  операсы  арнайы  Күләш  үшін  жазылды. 


8

Оған сүйсінген жұрт оны залдан қолдарында ұстап алып шықты, 

оны мемлекет басшыларының қабылдауларына шақырды.

Сахнаны көріктендірген әйелдер: 

Хадиша Бөкеева өмірінің соңына дейін М.Әуезов атын-

дағы Қазақ мемлекеттік акакдемиялық драма театрында ойна-

ды. Ол жауһар туындыға айналған жүзден астам қиын рөлдерді 

сомдады. Актерлік жұмысымен қатар ол қаншама шәкірттерді 

тәрбиеледі.

Шара  Жиенқұлова  –  педагог,  Қазақ  ССР  халық  әртісі. 

Қазір  концерттік  сахналарда  орындалып  жүрген  көптеген  қа-

зақтың  ұлттық  билері  Шараның  қолынан  шыққан.  Шара  Жи-

енқұлова Қазақстанның тұрмыс тіршілігімен және әр аймақтың 

салт-дәстүрімен танысып, көп аралады, нәтижесінде «Тәттім-

бет», «Айжанқыз», «Қаражорға», «Қырыққыз» билері дүниеге 

келді.

Олар  кеңес  одағының  қыздары  болды.  Олар  бар  жан-



тәнімен Отанына берілді. Олардың ерліктерін туғызған, нәзік 

жанды қыздарды көптеген ел аузында айтылатын әңгіме, поэ-

ма мен әнге қосатын ертегінің батырына айналдырған олардың 

Отанына  деген  шексіз  махаббатынан  туындады.  Олардың  ер-

ліктері еш өлмейді!

Қазақ жері тарихының бетінде аттары мәңгілікке қалған 

қазақ қыздарына бай. Ол әйелдердің әрқайсысы өздерінің ізін 

қалдырды, олар халықтың есінде және оларды құрмет тұтады, 

өскелең ұрпаққа үлгі ретінде қояды.



Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әйелдердің              



заманауи рөлі

Іскер-әйел, басшы-әйел – бұл жиырмасыншы  ғасырдың 

ерекше құбылысы. Бұл ескірген шындықты қайта ойлаудың да-

мудағы даусыз фактісі. Бұрын біз әйелдерді қалай көретін едік? 



9

Дәрігер, мұғалім, сатушы, сирек жағдайда бір ұйымның дирек-

торы ретінде.

Мемлекеттік  ортаға,  оның  ішінде  басқарушы  қызметте 

бірең-сараң әйелдер ғана болатын. Бүгінгі күннің әйелі саяси 

аренаға  белсенді  түрде  шығады,  шағын  және  үлкен  бизнесте 

табысты жұмыс істейді. Мысалы АҚШ, Норвегия, Ұлыбрита-

ния, Германия мемлекеттерінде бәріне белгілі болғандай әйел-

дер  мемлекеттік  қызметте  істеген  және  істей  береді  де.  Әйел 

адамдар  Шығыс  елдерінде  (Түркия,  Пәкістан,  Үндістан,  Фи-

липпин)  де  өздерін  алдыңғы  рөлде  қойған.  Енді  Қазақстанда 

да  әйелдерді  Парламентте,  басқару  мекемелерінде,  банк  бас-

шылығында,  холдинг  компанияларда,  ұстамды  мекемелерде 

жиі кездестіруге болады. 

БҰҰ  келісімшартына  сәйкес  әйелдердің  саяси  құқығы 

туралы (1953 ж.) «

әйелдер ұлттық заңмен белгiленген, жари-

ялы сайлауды талап ететiн барлық мекемелерде қандай да бол-

масын  кемсiтусiз  еркектермен  тең  жағдайда  сайлана  алады» 

және  осы  жағдайда  «әйелдердің  мемлекеттік-қоғамдық  қыз-

метте  болуға құқығы бар».

1979  жылы  БҰҰ  қабылдаған  әйелдерге  қатысты  кем-

сітушіліктердің  барлық  түрлерін  жою  Конвенциясына  байла-

нысты  мемлекет  әйелдердің  еркектермен  теңдей  мемлекеттік 

саясаттың  жүзеге  асырылуына  және  оны  жасауға,  әйелдерді 

жұмысқа  алуға  және  қызметте  ілгерілеуіне,  сонымен  қатар 

үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктердің жұмысына қаты-

суға барлық мемлекеттерді жүктейді. 

Белгілі болғандай, БҰҰ, Европа Кеңесінің Қазақстанмен 

қол қойылған көптеген халықаралық құжаттарында әйелдердің 

шешім  қабылдауда,  олардың  үйлесімді  қатысудың  жетістікке 

жетудегі стратегиясы анықталған. Оның ішінде саяси партия-

лар, әлеуметтік серіктестер, кәсіби ұйымдар, қоғамдық инсти-

туттарға  қатысты  заңдылықтарды  қабылдау  және  жасау  жол-

дары арқылы барлық деңгейдегі саяси және қоғамдық өмірде 


10

шешімдерді  қабылдайтын  билік  органдарында  әйелдердің  са-

нын арттыру мақсатында шаралар ұсынылады.

Әйелдердің саяси ортадағы мүмкіндігін кеңейту мақса-

тында дүниежүзілік қауымдастықтың ұсынысы Қазақстандағы 

әйелдердің  жағдайын  жақсарту  туралы  Конвенцияны,  әйел-

дердің қоғамдағы рөлін арттыру және жағдайын жақсарту ту-

ралы ұлттық жоспар әрекеттерін, сонымен қатар қайтадан жа-

салынып  жатқан  Қазақстандағы  гендерлік  стратегия  сияқты 

құжаттарды дайындауда ескерілді. 

Тәуелсіздік алған жылдарда Республика ерлер мен әйел-

дердің заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғау саласында ай-

қын жетістіктерге жетті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар-

баевтың 1998 жылдың 22 желтоқсандағы  Жарлығы бойынша 

Президент  жанынан  әйелдер  ісі  және  отбасы-демографиялық 

саясат жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды. Комиссия төрайы-

мын министр тағайындайды. Ұлттық комиссия құрамына бар-

лығы 28 адамнан құралған мемлекеттік органдардың басшыла-

ры, орта және шағын бизнес,ғылым және мемлекеттің қоғамдық 

және мәдени саласының өкілдері кіреді.

Дәл  сол  1998  жылы  Қазақстан  БҰҰ-ның  әйелдерге  қа-

тысты  кемсітулердің  түр-түрін  жою  жөніндегі  Конвенцияның 

құрамына кірді. Сонымен қатар, БҰҰ-ның «Әйелдердің саяси 

құқығы туралы» және «Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы ту-

ралы» Конвенцияны ратификациялады. Азаматтық және саяси, 

экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқық туралы халықа-

ралық келісімге қол қойылды, сонымен қатар әйелдер мен бала-

лардың құқығына қатысты халықаралық еңбекті ұйымдастыру 

туралы бірқатар актілерге қол қойылды. Біздің мемлекет бар-

лығы  60-тан  астам  адамдардың  құқығына  қатысты  халықара-

лық келісімге  қосылды.

Осы  кезеңде  1995  жылы  Халықаралық  әйелдер  фору-

мында  қабылданған  Пекиндік  іс-әрекет  тұғырнамасын  орын-

дау мақсатында, 1999 жылдың 19 шілдесінде Үкіметтің қаулы-



11

сымен бекітілген Қазақстанда әйелдердің  жағдайын жақсарту 

жөнінде іс-әрекеттің Ұлттық жоспары жасалды.

2009  жылдың  желтоқсанында  Мемлекет  басшысы  Пар-

ламент  Мәжілісі  депутаттары  –  Президент  жанындағы  әйел-

дер  ісі  және  отбасы-демографиялық  саясат  жөніндегі  Ұлттық 

комиссия мүшелерінің бастамасымен жасалған «Ерлер мен әй-

елдердің тең мүмкіндігі мен құқығының мемлекеттік кепілден-

дірілуі» туралы Заңға қол қойды. Құжаттың жасалуы мен іске 

асырылуына ЕҚЫҰ, БҰҰ-ның әйелдер қоры, БҰҰ бағдарлама-

сын дамыту ұйымдары үлкен көмек көрсетті.

2006-2016  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасы 

гендерлік тепе-теңдік туралы Президент стратегиясында мем-

лекет пен қоғамның өміріндегі барлық ортада гендерлік асси-

метрияны жоюға көңіл бөлінген. Осы мақсатта жетістікке жету-

де шешімдерді қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігі  негізгі 

индикаторының бірі ретінде анықталған.

Бүгін  барлық  мемлекет  бойынша  қоғамдық  саяси  жұ-

мысқа дайындалған әйелдер қатарынан қадрлық резерв шоғы-

рланған 57 ұйымды біріктіретін республиканың саяси көшбас-

шылық  мектептер  желісі  құрылған.  Азаматтарды  басшылық 

қызметтерге  және  сайлау  органдарына  гендерлік  балансты 

ескере отырып ұсыну барысында партиялық тізімді құруда сая-

си партиялармен жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттік хатшы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер 

істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комис-

сияның  төрайымы    Гүлшара  Әбдіхалықова  Іскер  әйелдердің 

І  Конгерсінде  біздің  мемлекет  гендерлік  теңдік  бойынша  103 

орында деп атап өтті. 

Бүгінде  қазақстандық  әйелдер  негізінен  бизнес  сияқты 

ортаны  қолға  алуда,  көп  әйелдер  әлеуметтік  мәселелерді  ше-

шуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдарды басқарады, алай-

да басқарушы әйелдер көбіне билік қатарында және ірі ұлттық 

компаниялардың  топ-менеджерлер  қызметінен  табылады.  Қа-



12

зақстандықтардың қоғамдық санасында бизнес пен саясаттың 

биіктігін бағындырған ерлерге тең іскер әйелдердің образы қа-

лыптасып келеді.

Бұл әйелдерде мемлекеттің игілігі үшін толық деңгейде 

жұмсауға болатын үлкен саяси тәжірибе мен биік потенциал-

дың  барын  көрсетеді.  Әйелдердің  саясаттағы  рөлі  идеологи-

ялық қоғамның үстемдігіне, сонымен қатар әлеуметтік-эконо-

микалық және мемлкеттің дамуындағы заманауи кезеңнің  саяси 

ерекшелігіне тәуелді екені анық.

Заманауи  қазақ  әйелінің  өмірі  мыңдаған  жіптерден 

құралған қоғаммен, оның әртүрлі қырымен байланысты болған, 

бар  және  бола  береді.  Жеке  еңбегі  арқылы  замандас  әйелдер 

қиын  өндірістік-технологиялық  процестермен  байланысты 

болған. Отбасы, достары және әріптестерімен қарым-қатынас 

арқылы ол өзін бай әлеуметтік қатынастармен ұштастырады.

Ол  әлеуметтік  басқару  институты,  мемлекет,  қоғамдық 

ұйымдар  арқылы  әртүрлі  желілермен  жұмыс  жасайды.  Білім, 

мамандық,  өнер,  спорт  және  т.б.  оған  үлкен  мәдени-рухани 

әлемге есік ашады және қоғамда өз орнын табуға көмектеседі.



Мемлекеттік қызметтегі гендерлік қатынас 

Қазақстан отбасы, әйел және бала мәселелері жөніндегі 

халқаралық келісімдердің жүзеге асырылуына белсенді қатыса-

тын гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған көптеген табысты 

мемлекеттердің бірі. БҰҰ еліміздегі отбасы,әйел және баланың 

заңдық мүддесі мен құқығын қорғауға қатысты жұмыстың атқа-

рылу  барысын  жоғары  бағалады.  ҚР  Президенті  жанындағы 

әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат  жөніндегі 

Ұлттық комиссия қызмет атқарады.

Біздің  мемлекет  гендерлік  теңдікке  жақындауға  нақты 

қадам жасады, себебі гендерлік саясат бұл – ең алдымен, мем-

лекеттің әлеуметтік саясатын құрайтын, отбасы әйел және бала 



13

мәселелері  бойынша  қоғамдағы  отбасының  маңыздылығын, 

жаңа  ұрпақты  тәрбиелеудегі  оның  рөлін  түсіну,  қоғамдық 

тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету, отбасы мен баланың 

мүддесін есепке алудың қажеттілігін мойындау, сонымен қатар 

оларды әлеуметтік қолдауда арнайы шараларды қолданып ше-

шуге  арналған  жеткілікті  құқықтық  база  құрылды.  Гендерлік 

бейімделуге бағытталған «Ерлер мен әйелдердің теңдей құқығы 

мен теңдей мүмкіндігіне мемлекеттік кепіл туралы», «Тұрмы-

стық зорлықтың алдын алу» туралы 2 заң қабылданған. Қазір-

гі таңда біздің мемлекет адамдардың құқығы жөніндегі, оның 

ішінде ерлер мен әйелдердің арасындағы тепе-теңдікті қамта-

масыз етуге, әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20-

дан астам келісімшарт пен конвенциялардың қатысушысы бо-

лып табылады.

Гендерлік теңдікті адамдардың құқығымен, оның ішінде 

әйелдер құқығы және экономикалық дамумен  байланыстыра-

ды. Бүкіл әлемде кедейлікті жоюға бағытталған БҰҰ «мақсат 

тікелей әйелдердің құқығымен байланысты, әйелдер ерлермен 

теңдей құқық пен мүмкіндікте бола алмайынша, қоғам тұрақты 

дамуға жете алмайды» деп санайды. Осылайша, ерлер мен әйел-

дердің теңдігінің дамуы үлкен экономикалық өсімге тасталған 

шақыру ретінде қабылданды. 

Заманауи  әлемде  екі  маңызды  әлеуметтік  стратегия 

бар  –  мемлекеттің  тұрақтыдамуы  мен  гендерлік  саясат.  Ген-

дерлік  теңдік  идеясы  және  ерлер  мен  әйелдердің  ынтымақта-

стығы, олардың келісім мен өзара түсінушілігі бүкіл жер шары 

көлемінде маңызыдылыққа ие. Қоғамдық өмірден және шешім 

қабылдаудан  шығарылған  әйел  бар  қоғам  демократиялыққа 

жатпайды.  Демократия  концепциясы  тек  саяси  шешімдер  ер-

лер мен әйелдердің көзқарасы мен мүддесімен санасқанда ғана 

маңызға ие болады.

Сондықтан, біздің мемлекетіміздегі демократиялық про-

цестің маңызды құраушысы – ол ұлттық гендерлік саясат. Заң 



14

мемлекеттік  органның  басшыларына  ерлер  мен  әйелдердің 

тәжірибесі, мүмкіндігі және кәсіби дайындығына сәйкес мем-

лекеттік қызметке бірден қол жеткізуіне, мемлекеттік және жер-

гілікті биліктің заңдық, орындаушылық және соттық тармақта-

рында тең серіктестік қарым-қатынасты сақтауды қамтамасыз 

етуді бұйырады.

«Мемлекеттік  қызмет  туралы»  Заңға  сәйкес  Қазақстан 

Республикасындағы  жалпы  қолжетімділік  принципі,  яғни  ре-

спублика  азаматтарының  мемлекеттік  қызметке    қол  жеткізуі 

және онда өзінің қабілеті мен кәсіби дайындығына сәйкес іл-

герілеуі мемлекеттік қызмет принципінің бірі болып табылады.

Статус туралы, Қазақстандағы мемлекеттік қызметкердің 

ережесі туралы мәселе қозғағанда, оның ішінде әсіресе әйелдер 

туралы, аталмыш сұрақты тек қана заңдық тұрғыдан  ғана емес, 

сонымен қатар адами тұрғыдан да қарастырған жөн. Мемлекет-

тік қызметте жүрген әйелдер кейбір мәселелермен соқтығыса-

ды.


Дәстүрлі, ескірген көзқарасқа сәйкес, әйелдер отбасы мен 

ошақтың қорғаушысы, балаларды тәрбиелеуші және күйеуінің 

қолдаушысы болғандықтан, мемлекеттік басқару құрылымына 

қатысты жоғары позициялы әйелдер өте аз. Көптеген әйелдерді 

олардың орта буындағы қызметі қанағаттандырады және олар 

көшбасшылыққа  ұмтылмайды.  Бәрақ,  өз  алдына  кәсіби  өсуді 

тапсырма етіп қоятын әйелдер де аз емес. Қорытындысында ол 

тек жеке өсу, мақсатқа жету, өзінің мансабын құруда кәсіби түр-

де өседі.

Бұл  жерде  әйелдің  қоғам  алдындағы  жоғары  жауапкер-

шілігін атап өту қажет және ол мемлекеттік қызметте табысқа 

жетуі  үшін  әрқашан  өзіндік  дамумен  айналысып  және  өзінің 

мүмкіндігін  сенімді  болуы  қажет.  Әйелдердің  мемлекеттік 

органдар  жүйесінде  рөлі  артуы  үшін  жауапты  мемлекеттік 

шешімдерді қабылдауға белсенді қатысуы үшін әйелдердің то-

лық және теңдей мемлекеттік саяси, экономикалық, әлеуметтік 

және мәдени өмірге қатысуына жағдай жасау қажет.


15

Қазақстан  азматтарының  мемлекеттің  қоғамдық-сая-

си  және  әлеуметтік-экономикалық  өміріндегі  сұрақтарының 

өзектілігі  мен  маңыздылығын  ескере  отырып  Үкіметтің  2003 

жылғы 27 қарашадағы Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республи-

касының гендерлік саясатының концепциясы мақұлданды. Ол 

мемлекетіміздегі гендерлік саясаттың негізгі бағыттары – билік 

құрылымдарында  ерлер  мен  әйелдердің  үйлесімді  қатысуына 

қол жеткізу экономикалық тәуелсіз әйел үшін теңдей мүмкін-

дікті  қамтамасыз  ету,  қызметте  өсу  мен  өз  бизнесінің  дамуы, 

отбасындағы теңдей құқық болуына жағдай жасау, жынысына 

қарамастан зорлықтан азат болуды анықтап берді.

Қазақстан  әйелдері  шығыстың  қонақжайлылық  пен  от-

басының ошағын сақтаумен ғана емес, сонымен қатар мемле-

кеттік  өмірге  белсенді  қатысуымен  ерекшеленеді.  Экономика 

саласындағы  жұмысшылардың  жартысына  жуығы  –  әйелдер. 

Олардың  ішінде  дәрігерлер,  мұғалімдер,  мемлекеттік  қызмет-

керлер, шағын бизнес, қызмет көрсету, мәдениет, спорт саласы-

ның өкілдері бар.

Бүгінгі таңда менеджерлер арасында, оның ішінде мем-

лекеттік қызмет басшылары арасында әйелдер көп. Одан басқа, 

қазақстандықтардың қоғамдық санасында ерлермен қатар биз-

несті  бағындырған  іскер  әйелдің  бейнесі  қалыптасып  келеді. 

Осылайша, Қазақстанда ерлер мен әйелдердің теңдігі сақталу-

да.

2004  жылдың  қыркүйегінде  Астанада  өткен  Қазақстан 



әйелдерінің IV форумында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 

тағы да республикадағы гендерлік теңдіктің орындалуына де-

легаттардың  көңілін  аударды  және  Үкімет  пен  әйелдер  істері 

және  отбасы  жөніндегі  Ұлттық  комиссияға  мемлекеттегі  ген-

дерлік теңдік стратегияны дайындауды тапсырды.

Осы  мақсатта,  2006-2016  жылдарға  арналған  гендерлік 

теңдіктің стратегиясында – мемлекеттік органдардағы басшы-

лар арасында 30% өкілдігін әйелдерге жеткізу туралы тапсырма 



16

қойылған болатын. Бірақ, 2010 жылы бұл көрсеткіш 10% құра-

ды. Бірақ бұған қарамастан, 2010 жылғы Дүниежүзілік эконо-

микалық форумда Қазақстан гендерлік теңдік рейтінгісінде 134 

мемлекет арасында 11 орынды иеленді. Осы мәселе бойынша 

біздің республика Еуроодақтың 14 мемлекетін озып шығып, 50 

ең дамыған державаның құрамына кірді. Біздің мемлекетіміз-

дегі гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндігін арттыру бой-

ынш БҰҰ-ның атқарушы кеңесіне Қазақстанның сайлануы та-

быстың халықаралық мойындалуы болып табылды.

Паспортта  жазылғандай,  стратегия  –  мемлекеттегі  ген-

дерлік саясаттың жүзеге асуындағы құралы мен мемлекет және 

азаматтың қоғам тарапынан сараптама жүргізу демократияны 

құрудағы маңызды фактор болып табылады. Сол себепті, стра-

тегияның әр тармағына БҰҰ-ның әйелдер қорының жергілікті 

офисымен бірге жасалынған саясат, экономика, білім, отбасын-

дағы денсаулықты қорғау мәселелері мен әйелдер мен балаларға 

қатысты зорлықтың алдын-алу туралы индикаторлар енген. 

Қазақстан  Республикасы  1998  жылдың    29  маусымын-

дағы әйелдерге қатысты кемсітушіліктің түрлерін жою жөнін-

дегі Конвенцияға кіре отырып, оларға қатысты кемсітушілікті 

жою мақсатында міндетті түрде саясатты жүргізіп, оның ішінде 

Конституцияға  ерлер  мен  әйелдердің    теңдік  принципін  қосу, 

заң көмегі және басқа жолдар арқылы осы принциптің тәжіри-

белік орындалуы болады.

Конвенцияға сәйкес, «Әйелдерге қатысты кемсітушілік» 

жынысына байланысты шектеу және шығарып тастау, әлсізде-

ну мен мойындамауға, әйелдердің (отбасылық жағдайына қара-

мастан) адам құқығын және негізгі саяси, экономикалық, әлеу-

меттік мәдени, азаматтық немесе кез-келген аумақтағы негізгі 

еркіндікті іске асыру және пайдалануға бағытталған кез-келген 

айырмашылықты  білдіреді.  Бұл  анықтаманың  маңызды  тұсы 

кемсітушілік сөзі тек қана ерлер мен әйелдердің заңдық теңдігі-

не ғана емес, олардың негізгі жағдайына сәйкес қолданылады.



17

Мемлекеттік  қызмет  және  жемқорлыққа  қарсы  әрекет 

жөніндегі агенттік мемлкеттік қызметтің кадрларына сарапта-

ма  жүргізді.  Сараптама  мемлекеттік  қызметкерлердің  сандық 

және сапалық құрамын, сонымен қатар персоналды басқару са-

ласындағы ағымдағы жағдайды анықтауға бағытталған.

2015  жылдың  1  қаңтарына  сәйкес  мемлекеттік  қызмет-

тің  саны  мен  мемлекеттік  қызметтің  сапалық  көрсеткішін-

де  Қазақстанда  мемлекеттік  қызметте  гендерлік  үйлесімділік 

сақталған: қызметкерлердің 54,2% әйелдер  45,8% - ерлер. Бізге 

әйелдердің үлесі ортаевропалық көрсеткіштен 3,5% асып тұрға-

нын, өте жоғары көрсеткіш болып табылған 89,7% мемлекеттік 

қызметкерлердің  жоғары  білімдері  бар  екендігін  атап  өтуіміз 

қажет.  Жақында  мемлекет  басшысының  Премьер  министрдің 

орынбасары қызметіне әйел адамды тағайындауы біздің мемле-

кетіміздегі гендерлік саясаттың жүзеге асырылуының бірі деп 

білеміз.

24  жылда  дамыған  мемлекетіміз  Ұлт  көшбасшысының 

салыстыра тексерілген стратегиялық курсының арқасында қа-

зақстандықтар тұрақты саяси жүйесі мен мықты экономикасы, 

тұрақты азаматтық қоғамы бар замануи және табысты мемле-

кет тұрғызды.

Бұл жетістік, мемлекеттің жауапты ішкі саясатты құрай-

тын  маңызды  және  бөлуге  болмайтын  мемлекеттің  гендерлік 

және  отбасы-демографиялық  саясатын  іске  асырылуына  бай-

ланысты болуы мүмкін. Гендерлік теңдіктің дамудағы халықа-

ралық және мемлекеттік тәжірибелергежан-жақты және мұқият 

ескере отырып, ұлттық келісім мен халық бірлігін бекемдеуге, 

Қазақстанның гүлденуі мен көркеюіне қатысты шешімдерді та-

бысты жүзеге асыруға толығымен бағытталған.




  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал