ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
БӨЖ Тақырыбы: Инклюзивті білім беру шеңберінде аутизмді балалармен жұмыстaғы психологиялық-педагогикaлық амалдар Мамандық: 6В01615-Тарих Орындаған: Нурсеитов Н Қабылдаған: Қосжанова У Түркістан-2023ж
Жоспар 1.Кіріспе
2.Негізгі
2.1 Аутистік спектрдің ауытқулары бар балаларға психологиялық педагогикалық сипаттама
2.2 Балалардағы аутистік спектрдің ауытқуларын психологиялықмедициналық-педагогикалық кеңесі жағдайында тексеру
2.3 Аутистік спектрдің ауытқулары бар балалардың ерекше білім алу
қажеттіліктері және оларды инклюзивті білім беру жағдайында
жүзеге асыру
2.4 Аутистік спектрдің ауытқулары бар балаларға кешенді
психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсетуді
ұйымдастырудың заманауи тәсілдері
3.Қорытынды
4. Пайдаланған сілтеме
Кіріспе
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында әлеуметтік өзара іс –
әрекет және қарым-қатынас дағдылары бұзылған балалар санының өсу үрдісі
байқалады, олардың қатарына аутистік спектрдің ауытқулары (әрі қарайАСА) бар балалар жатады. Облыстық психологиялық-медициналықпедагогикалық кеңестің (бұдан әрі – ПМПК) деректері бойынша тек
Қарағанды облысында ғана 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша
облыста АСА бар 389 бала анықталды. 2015 жылдан бастап балалар саны 4
есеге өскен.
Біздің елімізде АСА бар балаларға тиімді кешенді қолдау көрсету
мәселелері толық көлемде шешілмеген. Бұл тек инклюзивті білім беру
туралы ғана емес, сонымен қатар арнайы білім беру туралы да сөз болып
отыр, өйткені осы санаттағы балалардың жалпы білім беретін сыныптарда да,
инклюзивтік тәжірибені енгізумен қатар арнайы сыныптар, арнайы білім
беру ұйымдары жағдайында да білім алу бірдей қиын.
Қазіргі таңда педагогикалық ұжым «қолайсыз» баланы білім беру
процесінен тыс шығаруға немесе осы баланың оған қатысуын айтарлықтай
шектеуге тырысатын жағдай кең таралған. Мұндай мінез-құлық бірінші
кезекте білім беру ортасындағы балалардың бейімделу процесінің
ерекшеліктеріне қатысты педагогтардың жеткіліксіз хабардар болуымен, оқу
тәрбие процесін түзете-педагогикалық қолдауды қажетті көлемде қамтамасыз
етудің жоқтығымен немесе жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.
Қиындықтан шығу көбінесе мұғалімдерге баланың интеллектуалдық
мүмкіндіктеріне сәйкес келетін арнайы оқу бағдарламасы бойынша үйде
жеке оқытуға ауысуда көрінеді. Себебі, өз үйінің әдеттегі жағдайы оқушыға
оқу қабілетін барынша пайдалануға мүмкіндік береді деп қате болжануда.
Тәжірибе көрсеткендей, үйде жеке оқыту оң нәтиже бермейді, өйткені АСА
бар баланың әлеуметтік дамуына ықпал етпейді. Мұндай оқушы үшін білімді
жинақтау және дағдыларды игеру ғана емес, басқа адамдармен қарымқатынас жасау және нақты өмірлік жағдайларда білім мен іскерлікті
пайдалану мүмкіндігіне ие болу маңызды. Соның салдарынан, АСА бар
баланы үйде жеке оқыту оның жағдайын одан әрі күрделендіруі мүмкін.
АСА бар балалар үшін көпвекторлы үлгі барынша оңтайлы болып
табылады, онда инклюзивті білім беру жағдайында да, жалпы білім беретін
мектептегі арнайы сынып жағдайында және арнайы ұйымда да аутистік
көріністердің айқын көрінуіне, баланың даму деңгейіне және ата-аналардың
сұраныстарына байланысты сапалы білім алуға әртүрлі мүмкіндіктер бар.
Мұндай білім беру бағыты оқушы үшін де, мұғалімдер үшін де барынша
ыңғайлы болады, бұл бейімделу кезеңінен өту мүмкіндігін (жарты жылға
дейін созылуы мүмкін), жеке топтан кіші және үлкен топқа өту мүмкіндігін
қамтамасыз етеді.
Осы әдістемелік ұсынымдардың мақсаты – жалпы білім беретін
мектепте АСА бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді
ұйымдастыру ерекшеліктерін болжанып отырған оң нәтижеге бағытталған
кешенді жүйе ретінде ашу, атап айтқанда оңтайлы дамуға қол жеткізу,
әлеуметтендіру, сапалы білім беру болып табылады.