Әлеуметтік-гуманитарлық Ғылымдар факультеті


Бейбарыстың саяси билікке келуі



бет3/4
Дата10.12.2023
өлшемі1,36 Mb.
#136291
1   2   3   4
Байланысты:
Бөж Нұрсұлтан Азия-Африка 2

Бейбарыстың саяси билікке келуі 
Жаңа сұлтанды анықтауға мемлекет қайраткерлері құрылтайда жиналғанда бірауыздан Бейбарысты қолдады. Мемлекет қайраткерлері шатырға кірген кезде сұлтанның наибі, мәмлүк әскерінің бас қолбасшысы Атабет -үл Асакир Фариседдин Ақтай жиынға сәлем беріп, сұлтан Құтұздың қайтыс болғанын біліп, олардан: «Оны кім өлтірді?» деп сұрайды. Бейбарыс: «Менмін», – деп жауап береді. Бұл жауапқа Атабек: «Сұлтаным, таққа отыр», – дейді. Көріп отырғаныңыздай, Құтұзды өлтірген адамның сұлтан болуы заңды болып көрінді. Сол күні, 1260 жылы 26 қазанда Калатул-Жебелге барып, мәмлүк тағына отырды. Калатул-Жебелге – 1176 жылы Салахаддин Эйюби сұлтандық орталығы ретінде құрылысын бастаған қамал және ішіндегі сарайлар .Оның таққа отырғандағы алғашқы әрекеттерінің бірі Құтуз алған салықты азайту болды. Бұл шешім оның орнына сұлтанды өлтірген адамның таққа отыруынан туындаған наразылықты жойып, Байбарыстың абыройын асқақтатты. Осы арада біраз ішкі көтерілістер болды. Олардың кейбіреулері Құтуз басқарған өз адамдары немесе Айюбилер әулетінің өкілдері болды. Бейбарыс көтерілістерді басып, көтерілісшілерді тұтқынға алды, бірақ кейін оны кешіріп, бұрынғы міндеттерін қайтарды .
Осы ішкі келісімдерден кейін Бейбарыстың жаңадан құрылған Мәмлүк сұлтандығының қауіпсіздігі үшін сыртқы қауіптерді жою керек болды. Бұл қауіптер: Солтүстікте Армян Киликия Корольдігімен проблемалар болды. Леванттың жағалық бөлігінде үнемі моңғолдармен ынтымақтасатын крест жорықтары уездері қауіп төндірді. Хулагудың да Айн Джалуттың кегін қайтарғысы келетіні сөзсіз.
Сұлтан Бейбарыстың түркі-мұсылман әлеміне ықпалы
Сұлтан Байбарыс ішкі мәселелерді ретке келтіргеннен елінің жауы Леванттағы крестсішер, Киликиядағы Армян патшалығы және Шыңғыс ханның немересі Хулагудың Илхан хандығы болды. Бұл жауларға қарсы мүдделер қайшылығы жоқ билеушілермен одақ құруға тырысты.
Анадолы Селжұқ мемлекетімен қарым-қатынасы
Сұлтан Бейбарыстың Анадолы селжұқтарымен қарым-қатынасы, нақтырақ айтқанда Анадолы селжұқының тақтан тайған сұлтаны ІІ Иззеддин Кейкавус ІІ Анталияға шегініп кеткен кезеңде одақтас болған Бейбарыс арасындағы хат алмасуы тарихтың ағымын айқындады. Бұл одақ Кейкавустың Константинопольге қашуымен аяқталмады. Бұл одақтық көзқарас бірде-бір бірлескен әрекетке қол жеткізбесе де Кейкавустың өліміне дейін жалғасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет