Әлеуметтік жасырын сауалнама Құрметті жасөспірім!



Дата26.03.2023
өлшемі21,35 Kb.
#76229

Әлеуметтік жасырын сауалнама
Құрметті жасөспірім!
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оған қарсы әрекет ету мәселелерін зерттеуге бағытталған сауалнаманы ұсынамыз. Әр сұрақты мұқият оқыңыздар. Жауап нұсқаларымен танысқан соң, дұрысын белгілеу қажет. Егер де берілген жауаптардың бірде-біреуі қанағаттандырмаса, өз жауабыңыздың нұсқасын жазуыңызға болады.
Сіздің жеке пікіріңіздің құпиялылығы сақталады.
1. Жасыңыз нешеде, қай сыныпта оқисыз?________________________
2. Оқып жүрген мектебіңіз ұнай ма?
А) ия б) жоқ
3. Мектепке сырттан бөтен адамдар келеді ме?
А) ия б) жоқ
4. Егер келетін болса, олар кімдер?
А) бұрынғы сыныптастар
Б) бұрынырақ бітіргендер
В) бейтаныс құрдастар немесе үлкен адамдар
Г) басқа балалардың ата-аналары
5. Қандай мақсатпен келеді?
А) қарым-қатынас жасауға
Б) қыздарға
В) бопсалау немесе ақша жинау мақсатында
Г) басқа да сұрақтармен
6. Сыныптастар, жоғары сыныпта оқитындар немесе мектеп мұғалімдері, бөтен адамдар тарапынан Сіздің мектептен ақша жинау фактілері кездесе ме?
А) ия б) жоқ
7. Егер ондай фактілер бар болса, онда олар бұл жағдайды қалай түсіндіреді?
А) жолдастарға көмек беру
Б) кенеттен пайда болған мәселені шешу үшін
В) «общакқа» ақша жинауға
Г) сабаққа келмегені үшін
Д) ешқандай түсіндірмейді.
8. Осындай жағдайлар туралы естідіңіз бе?
А) оқитын мектебіңізден
Б) басқа мектептерден
В)тұратын мөлтекауданнан
Г) көшеден немесе ауладан
Д) естіген емеспін
9. Сіздің мектептің үстінен қараушы (смотрящий) бар ма?
А) ия б) жоқ
10. Сіз өзіңіз сыныптастарыңыз, жоғары сыныпта оқитындар, педагогтар немесе мектепке сырттан келетін бөгде адамдар тарапынан ақша бопсалау (немесе басқа да құнды заттар) , күштеу (ұрып-соғу, келеке ету т.б) жағдайына кездестіңіз бе?
А) ия б) жоқ.
11. Сіздің мектепке кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор келіп тұра ма?
А) ия б) жоқ
12. Егер келетін болса, сіздерге құқықтық тақырыпта дәріс оқи ма?
А) ия б) жоқ
13. Сіздің мектепте төменгі сыныптарда оқитын оқушыларға қатысты күштеу фактілері кездесе ме, естідіңіз бе?
А) ия б) жоқ
14.Оқушылардан «общакқа» деген сылтаумен ақша бопсалайтын қылмысқа бағытталған топтар туралы білесіз бе?
А) ия б) жоқ
15. Егер берілген сауалдарға алып- қосарыңыз бар болса, онда жазыңыз
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тағы да еске саларымыз: сауалнама жасырын болғандықтан, сіздің жауабыңыз туралы ата-анаңыз, педагогтар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директор, сондай-ақ құрбы-құрдастарыңыз да білмейтін болады.
Оқушының аты-жөні және қолы қажет емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет