«Әлеуметтік желілердің жастардағы тәуелді мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етуін талдау»



Дата15.04.2022
өлшемі4,36 Mb.
#31155
Байланысты:
Надирхан Қарақат АТИ-102 СӨЖ №13

«Әлеуметтік желілердің жастардағы тәуелді мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етуін талдау»

Надирхан қарақат

Ати-102 тобы студенті


Ұялы телефонның зияны

Әлеуметтік желілер шамамен 10 жыл бұрын пайда болды, бірақ, қазіргі заманда оны қолданбайтын адамды табу өте қиын.

Ұялы телефонның зияны жайында көп айтылып келеді. Жиі қолданатын адамды ми ісігіне ұшыратуы мүмкін деген сияқты қорқынышты мәліметтерді ғалымдар алға тартуда. Ал интернеттен келетін қауіп – одан да қорқынышты. Қазіргі таңда интернет жастардың басты ермегіне айналды. Кез келген уақытта, кез келген жерде қосылып алып, өз алдына виртуалды әлемде жүретіндер көбейді. Сөздің, достың қадірі жоғалып барады. Әлеуметтік желілерде байланыс орнатудың түрі көбейген сайын оған қызыға түскендердің қатары артуда. Әлеуметтік желіде мың досы бар жандардың шынайы өмірде сыр бөлісе алатын жалғыз жолдасы да жоқ. Оған өкінбейтіндері де кем емес. Виртуалды әлемді өзі танымайтын, өзі көрмеген досының мақтауына семіріп, өзін керемет жан сезінетіндер жұртпен араласудан қалып барады. Қалай сөйлесу керектігін де ұмыта бастағандай. Әлеуметтік желі деген де ауру-дың бір түріне айналып бара жатқан секілді. Көбінесе жастар ешкім кедергі келтірмесін деген оймен интернетке, әлеуметтік желіге түнде көбірек қосылады.

Қазіргі жастар өз өмірін виртуалды байланыссыз елестете алмай, барлық бос уақытын интернетте өткізеді. Бірақ, егер оны шамадан тыс қолданбайтын болсаңыз, әлеуметтік желінің пайдалы жақтары жеткілікті. Мысалы, ұзақ уақыт бойы көрмеген таныстарыңызбен сөйлесуге және олардың фотосуреттерін көруге мүмкіндігіңіз бар. Соның арқасында, алыс жақта тұратын туыстарыңызбен үнемі байланыста болып, олар немен айналысып жүргенін біліп отырасыз. Әлеуметтік желілер балалардың психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ғаламторда жиі отыратын жасөспірімдер құрдастарымен қарым-қатынасты үзіп, тұйық өмір салтын жүргізе бастайды. Нәтижесінде, шынайы өмірге бейімделу олар үшін қиынға соғады. Сондай-ақ, мұғалімдердің пікірінше, оқушының сабақ үлгерімінің төмендеуінің басты себебі де осы. Виртуалды өмірге тәуелділікті – алкоголь немесе есірткі тәуелділігімен салыстырсақ, қателеспейміз. Оны жедел түрде шешуді қажет ететін проблемалардың қатарына кіргізуге болады. Әлеуметтік желілерді, ақылға қонымды мөлшерде пайдаланған жөн.



Әлеуметтік желіге тәуелділік белгілерін қарастырайық:
  • себепсіз поштаны қайта-қайта тексеру;
  • ғаламторға қажетсіз кіре беру;
  • жақын адамдардың компьютер алдында көп отырасын деген айыптаулары;
  • уақыт өлшемінің жоғалтуы;
  • желідегі қарым-қатынастың басымдылығы;
  • міндеттерді ой елегіне алмау; кездесулерді, тамақ ішу уақытын, күнделікті режимнің бұзылуы;
  • тәуелділіктің барын жоққа шығаруы;-ашушаңдық көрсету, көңіл-күйдің болмауы, шаршау белгілерінің болуы

Әлеуметтік желіге тәуелді болмас үшін


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет