Дәріс №12. Әлеуметтік терапия және оны жүзеге асырудың әдістері
Жоспары
Әлеуметтік терапия ұғымы, функциялары
2. Арт-терапия түсінігі, шығу тарихы және дамуы.
Әлеуметтік терапия – әр түрлі деңгейдегі мәселелерді шешуді ұйымдастыру барысында қолданылатын түрлі шешімдер, процедуралар, іс-әрекеттер, шаралар жиынтығы. Осыдан әлеуметтік терапия қоғамда көп деңгейлі негізде жүзеге асырылатыны көруге болады. Қоғамның көп деңгейлілігін ескере отырып терапияның төмендегідей деңгейлері бар:
Макродеңгей – жалпы қоғамның мәселесін біртұтас объекті ретінде шешу;
Мезодеңгей – нақты әлеуметтік топ, класс, кластаның мәселесін шешу;
Микродеңгей - кішігірім ұжым, жекелеген адамның мәселесін шешуге қалыптасады.
Әлеуметтік терапия әлеуметтік жұмыста маңызды орныда алады. Әлеуметтік терапияны жүзеге асыру процесінде бірқатар функциялар жүзеге асырылады. Әлеуметтік терапияның функцияларына төмендегілерді жатқызуға болады:
Әлеуметтік «емдеу» клиентке мәселелерін шешуге көмектесу; осындай жағдайда әлеуметтік қызметкер басқа ғылымның мамандарымен бірігіп жұмыс істей алады: дәрігер, педагог, заңгер және т.б.
Әлеуметтік қорғау, клиенттің қызығушылықтарын қорғау, қолдау көрсету, клиенттің қажеттіліктерін басқа ұйымдар мен мекемелерге жеткізу, олардан көмек сұрау.
Әлеуметтік даму клиенттегі дамымай қалған қабілеттер мүмкіншіліктерді дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл функциялардың тиімді жүзеге асуы объектінің жеке ерекшелігіне, оған қолданылатын әдіс пен тәсілдердің ерекшеліктеріне байланысты. Әсер етуші объектінің ерекшелігіне орай төмендегідей әдістерді бөліп көрсетуге болады:
Индивидуалды;
Топтық;
Отбасылық;
Еңбектік;
Өзін-өзі тәрбиелеу;
Бихевиористік;
Арт-терапия;
Күлкі терапиясы;
Айна терапиясы.
2. Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды. Осы психотерапияның түрі, яғни арт-терапияның мән жайын ашу және оны қазақ тіліндегі ортада бейімдеуді іске асыру.
Осы курста арт-терапияның шығу тарихы, дамуы, формалары, өткізілу жолдары және психодинамикалық, гуманистік бағыттардағы арт-терапия туралы теориялық ғана түсінік беріледі.
Сонымен қатар, осы арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар туралы айтылады. Жалпы келешекте осы топтық арт-терапияны қолданып, сол топқа қатысушылардың психологиялық өзгешеліктерін, ерекшеліктерін зерттемек ойымыз бар.
Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге, яғни психотерапевткеде оңайға соқпайды. Топтық мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау, қортынды шығаруда қиынға соғады.
Арт-терапияда жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай кедергілердің болмауы, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі түсті қарындаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра. Түрлі түсті қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және т.б. Кейбір сабақтарда, маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи және басқада химиялық заттарды да пайдалануға болады.
Ал театрленген көрініс үшін грим, свеча, костюмдер, музыкалық аспаптар қажет болып қалуы мүмкін. Ереже бойынша сабақтың тақырыбын психолог (арт-терапия жүргізуші) таңдайды. Дегенмен де оны топпен ақылдаса, кеңесе отырып, талдап, талқылап, таңдап алуға болады. Арт-терапияның тақырыбын таңдауға және топтастыруға болады. Осы жайында педагогикалық практикада осы салада еңбек сіңірген М. Либманның классификациясы көбіне және бізге танымал:
- Көркемсурет материалдарын игеруге болады;
- Топ мүшелеріне толқытып, күйзелтіп жүрген мәселе бойынша зерттеу жүргізу;
- “мен” бейнесі, қарым-қатынас жүйесін зерттеуге байланысты;
- жанұя мүшелерімен топ мүшелері жұптасып жұмыс жасай алуы;
- топ мүшелеріне арналған көркемсуреттік іс-әрекет;
Сонымен қатар, кейбір арт-терапиялық (күн мен түн) жаттығулар топ арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа, әлеуметтік алшақтауды реттейді және жеке адамның топпен қарым-қатынасын реттейді. Басқа да көптеген көмек береді. Топ мүшелерінің бірігіп жақсы тақырып таңдауы маңызды сәттердің бірі болып табылады. Таңдап алынған тақырып егер, топ мүшелерінің біреуіне ұнамаған жағдайда қайта талдауды қажет етеді. Талданып қайта түсініп, топ мүшелері келіссе, ол тақырып сол күйінше, ұнамаса басқа тақырыпты алу керек.
Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалар мен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолдану аясы едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психо-аналитикалық негізінен жаймен алыстауда.
Арт-терапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, спонтанды пайда болған өзінің қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалған елестерін сурет арқылы жеткізу.
Сонымен қоса, психотерапевтің жұмыс кезінде топ мүшелеріне көмек беруді және қажет жағдайда қолдау да көрсетуі керек. Әрине, бұл психотерапевтің міндеттерінің біріне жатады. Мұндай топтармен жұмыс жасаушы психолог немесе психотерапевт көптеген сапалы қасиеттерге ие болуы керек. Атап айтатын болсақ, олар, ең біріншіден адамгершілік, басқаларға қай уақытта болсада көмек қолын созуға дайын болу, тұрақтылық, барлық жағдайда түсінушілікпен қарау, сабырлық, кішіпейілдік, төзімдік, адалдық және тағы осы тұлғалық қасиеттер сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |