Экономикалық-математикалық әдістер - экономика міндеттерін математика мен кибернетиканың көмегімен шешу тәсілдері. Экономикалық (экономикалық-математикалық үлгілер), яғни зерделенетін жүйелердің түрлі элементтері арасындағы логикалық және сандық тәуелділіктерді анықтау үшін экономикалық үдерістерді, құбылыстар мен міндеттерді математикалық құралдармен сипаттау. Экономикалық үдерістердің негізгі қасиеттері, олардың өзара байланыстары мен шартғылықтары математикалық үлгілердің көмегімен бейнеленеді. Математикалық үлгіде теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі, тиімділік критерийімен математикалық түрғыда сипатталатын мақсатты атқарым қамтылады Жоспарлау мен басқарудың көптеген міндеттерін шешу кезінде алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ең таңдаулы іс-қимыл бағдарламасын таңдау мақсатымен математикалық бағдарламалау қолданылады.
Дәріс №11. Әлеуметтік қалпына келтіру (реабилитация)
Реабилитация – қайта қалыптастыру. Бұл индивидтің бұрын сонды жоғалтқан әлеуметтік, физикалық, моральды және т.б. қызметтерін қалпына келтіру мақсатында қолданылатын құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, дәрігерлік, кәсіби – педагогикалық шаралардың жиынтығы.
Бұл процесс тек қана әлеуметтік ортада өмір сүруге қалпына келтіру емес, сонымен қатар әлеуметтік ортаны өмір сүретін жағдайды қалпына келтіруге бағытталған шаралар.
Реабилитацияның принциптері:
Кезеңдермен жүзеге асуы;
Дифференциацияны жасау;
Комплексті;
Үздіксіз;
Сабақтастыру;
Бірізділік;
Ақысыз.
Әлеуметтік реабилитация қызметінің түрлері:
Әлеуметтік-медициналық;
Әлеуметтік-педагогикалық;
Еңбектік-кәсіби;
Әлеуметтік-психологиялық;
Әлеуметтік-рөлдерді меңгеру;
Әлеуметтік-тұрмыстық;
Әлеуметтік-құқықтық.
Әлеуметтік индивидтің реабилитацияға сұранысы тууының себептерінің факторларын екі топқа бөлуге болады:
Объективті, яғни әлеуметтік немесе табиғи негізде:
Әлеуметтік залалдар (экономикалық кризис, қарулы конфликт, ұлтаралық қысымшылық).
Субьективті негіздерге:
Субьектінің жеке қызметі, мақсаты, құндылық ориентациялары және қызығушылықтарының өзгеруі (отбасыдан кету, оқудан бас тарту , жұмыстан өз еркімен кету және т.б.);
Девиантты мінез-құлық көріністері.
Әлеуметтік реабилитацияның міндеттері:
Клиенттің қоршаған өмірге енуіне әлеуметтікбейімделуіне қолдау жасау;