Тілден безу бастапқыда адамның өз ана тілін толық мәнде қолдану мүмкіндігі жоқтығынан пайда болады. Өз ана тілін қолдану жарамсыздығы мен можаритарлық тілді толық меңгермеушілік адамның қарым-қатынас құралынсыз қалуына әкеледі де, қоғамның белсенді мүшесі болуына кедергі жасайды.
Р.Филаипсон мен Т.Скутнабб-Кангас тіл саясатының көпшілікке танымал болған бағыттарын былайша топтап көрсетеді:
1.Белгілі бір тілдің (тілдердің) ассимилияциялауына бағытталған саясат. Оның өзі:
а) мажоритарлық тілдің пайдасы үшін миноритарлық тілге ашық түрде тыйым салу;
ә) миноритарлық тілдің қоғамдық қызмет аясын тарылту мақсатындағы бүркемелі тыйым салу.
2.Қалыптасып отырған тілдік жағдаятты сақтауға бағытталған саясат. Оның өзі: