Әлеуметтік педагогтың сөздік-анықтамасы



бет1/4
Дата05.09.2023
өлшемі1 Mb.
#106104
  1   2   3   4

 

ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі
Әрінова Б.А.

ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?

ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?


Қазіргі заман мұғалімі
Рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты деген.
Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады.
Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.
Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.

Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс- тəсілдерін табысты қолдана білуі.
XXI ғасыр мектеп мұғалімнің
азаматтық тұлғасы
  • Қазақ елінің жəне өз мектебінің елжанды патриоты;
  • өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын, адамгершілік деңгейі жоғары тұлға;
  • мектепте моральдық ахуалды жасап, командалық, серіктестік рухты қолдаушы;
  • салауатты өмір салтын ұстанушы.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –нәтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.

Кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі


Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі

  • Оқыту мен тәрбиелеу нəтижелерін жүзеге асырудағы кәсіби біліктілігі;
  • ұстаздық шеберлікті шығармашылықпен меңгеруі ;
  • ғылыми əлеуеті мен бəсекеге қабілеттілігін дамытуға деген ұмтылысының болуы ;
  • объективтілік, дербес əрекетшілдік жəне мақсаттылық, өзара сынды қабылдай алуы;
  • өзін интеллектуалды және жасампаз маман ретінде көрсете білуі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет