Қазіргі заман мұғалімі –
рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты деген.
Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады.
Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.
Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.
Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс- тəсілдерін табысты қолдана білуі.
Мұғалімнің кəсіби шеберлігінің негізі: XXI ғасыр мектеп мұғалімнің азаматтық тұлғасы
мектепте моральдық ахуалды жасап, командалық, серіктестік рухты қолдаушы;
салауатты өмір салтын ұстанушы.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –нәтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.
«Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
«Құзырлылық»-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді
Мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі – физика. Физика- табиғаттың жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
12-жылдық мектеп жағдайында жоғарыда берілген дидактикалық ұстанымдарды физиканы оқыту үдерісіне жүзеге асыру мәселесі пән мұғаліміне жүктеледі. Бүгінгі таңда жаңа талаптарға сай физикапәні мұғалімінің құзыреттілігінжетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
Физика пәнінің оқу материалдары дидактикалық ұстанымдарға негізделеді:
-Ғылымилық. Бұл үстанымның мағынасы — пәнің мазмұны оқушыларға объективті ғылыми ұғымдарды, заңдарды, теорияларды оқып-үйрену және қазіргі ғылымижетістіктерді өмірде, өндірісте қолдану мүмкіндік беретін физиканың даму келешегімен таныстыру ) ;
-Білімді топтастыру. Оқу материалын заңдардың, теориялардың, іргелі түсініктердің төңірегінебіріктіру;
-Тұтастығы. Жаратылыстану ғылымының әлемдегі бейнесі туралы түсінігін толық қалыптастыру;
-Үздіксіздік және сабақтастық. Білім алушылардың физикалық құбылыстар, түсініктер және шамалар туралыбілімдеріненегізделу және үйлестіріп жалғастыру;
— Жүйелілік және түсініктілік. Оқу материалының мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне және даму деңгейіне сәйкестендіру;