Қазіргі таңда құзыреттілік құрамына кіретін түсініктерге бірнеше көзқарастар бар. Солардың ішінен мына құзыреттілік жиынтығын атап айтуға болады. Физика пәніне сай негізгі құзыреттіліктерді атап өтейі
Қазіргі таңда құзыреттілік құрамына кіретін түсініктерге бірнеше көзқарастар бар. Солардың ішінен мына құзыреттілік жиынтығын атап айтуға болады. Физика пәніне сай негізгі құзыреттіліктерді атап өтейік:
1. Оқу танымдық 2. Ақпараттық құзыреттілік.
3.Коммуникативтік құзыреттілік.
4. Әлеуметтік құзыреттілік.
Оқу–танымдық құзіреттілік
ол білімнің қалыптасуы. Физика пәні бойынша нақты тақырыптарға қатысты білімнің толық қалыптасуы.
Әлемді ғылыми таным әдістеріне ие, бақылау және тәжірибе жүргізе алу, өлшеулер жасау, эксперименталды жұмыстардың нәтижелерін өңдеу және түсіндіру;
Физиканың негізгі заңдары мен түсініктерін біледі, негізгі түсініктер мен шамалардың физикалық мағынасын түсінеді, физикалық құбылыстар, заңдар мен теорияларды жетік біледі;
Заманауи астрономия мен астрофизиканың негізгі идеялары туралы түсінігі бар, аспан денелерінің құрылымын біледі, Ғаламның құрылымы мен эволюциясын біледі
Мысалы, электродинамикадан: -магнит өрісі және оның сипаттамалары, магнит өрісіне орналастырылған тоғы бар өткізгішке және қозғалыстағы зарядтарға магнит өрісі тарапынан әсер ететін тоқтардың және күштердің өзара әсерлесуі;
-заттың магниттік қасиеттері,электромагниттік индкуция және оның заңдары , өздік индукция ,құйынды электрөрісі және магнит өрісінің энергиясы;
-айнымалы тоқ , оның пайда болу шарттары және сипаттамалары, резонанст.б.; -табиғи құбылыстарды танудың ғылыми әдістерін игеру; -экспериментті қою және оның нәтижелерін өңдей білу.
Ақпараттық құзыреттілік:
— оқулықтармен , қосымша әдебиеттермен , анықтамалық материалдармен және электрондық басылымдармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
- сонымен қатар интернет желісінде ақпаратты таба білу және оны өңдей білу.
Коммуникативтік құзыреттілік:
-жұпта, топта, ұжымда және өздігінен жұмыс жасай білу;
-практикалық және шығармашылық жұмыстар нәтижелерін талқылауды, сыныптастарының пікірлерін тыңдауды өзінің және сыныптастарының жұмыстарын сын көзбен бағалай отырып, өз көзқарасын еркін және дәлелді айта білу.