«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы №2 семестрлікж ұ м ы с



бет4/6
Дата26.11.2022
өлшемі8,82 Mb.
#52749
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары

Бала Ыбырай
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Қыпшақ тайпасының ұзын руынан шыққан.
Мектеп 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы — қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді
Ыбырай ағартушылық жолында
«Қазақ мектептерін Еуропа жолына, өнер жолына бұрып бастаған ең тұңғыш жаңашыл оқытушы, тарихта өшпестей із қалдырған педагог, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметке қосқан үлесі мен еңбегі зор. Ыбырай жастарды оқу-білім, өнерге ұмтылуға кеңес бергенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дəлелдеуге ұмтылады» — деген пікірмен келісе отырып, оның өмірі мен шығармашылығы Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі кезеңмен байланысты болғанын атап өтуге болады.
Ағартушы өзіндік білім алумен мықтап айналысып əжептəуір табысқа жетеді. Оны педагогика да, əдебиет те, философия да қызықтырды. Осының əсерінен ол сол кездегі бай Орынбор кітапханасына жиі барып барлық күрделі əдебиеттерді қызыға оқыды. Оның рухани əлеміне сол кезде өлкеде тарала бастаған алдыңғы қатарлы ойшылдардың, соның ішінде Ресейдегі революциялық-азаттық қозғалыстың өкілдерінің идеялары əсер етпей қойған жоқ. Оның жеке кітапханасында көрнекті орыс педагогтарының жəне жазушыларының шығармаларымен қатар,
«Современник» журналы жəне Чернышевскийдің, Добролюбовтың, Белинскийдің шығармаларының болуы кездейсоқ емес. Жəне де осыған байланысты оның бірқатар идеялары мен ойлары осы ойшылдардың пікірлерімен сəйкес келді. Шетел авторларынан Шекспирдің, Руссоның, Гегельдің шығармалары да қазақ ағартушысының ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастарының қалыптасуына жағымды ықпал еткенін айта кеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет