«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы №2 семестрлікж ұ м ы с



бет3/6
Дата26.11.2022
өлшемі8,82 Mb.
#52749
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары

Кадет корпусы
Шоқанның ағартушылық көзқарастары бай мазмұнға толы. Ол қазақтардың кедейлік тұрмысының жəне саяси белсенділігінің төмендігінің себебі ретінде надандықты санады. Осыдан ол ағартуды аса жоғары бағалаған. Оның пікірінше, білімді адамдар кедейшілікпен нəтижелі түрде күресе алады. Халықтың дамуы үшін ең бірінші бостандық пен білімді қажет еткен ойшыл, патшалық биліктің қазақ даласына ғылымды жəне мəдениетті жібермеу саясатына қарсы тұрды.Бұл мəселеге байланысты қазіргі ғылыми зерттеулерде кездесетін мына пікірмен келісуге болады: «Қазақ ойшылы өзінің «білімсіз, мəдениетсіз, тұрлаусыз» халқының ауыр жағдайына күйзеліп, отарлық езгі мен ұлттық тепкінің астында жүрген елінің күреске шығуға мүмкіндігінің мүлдем жоқ екенін ашына жазады»
Дегенмен, ағартушы осындай отарлық езгіден этникалық ерекшеліктерінің эволюциялық даму жолында өз сапалық түрлерін сақтап қалуға тырысқан, қазақ халқы ешуақытта басқа өркениеттік ұлттардың жетістіктерінен аулақ болған жоқ деп есептейді. Тіпті, оның айтуынша, қазақ халқының дамуы мен өркениеттік мəдениетке жақындаудың бір жолы — ол жалпы азаматтық ағартушылыққа қол жеткізу болып табылады. Осы айтылған ойларымызды растауда Шоқанның мына сөздерін еске алуға болады: «Біздің тұжырымымыз еуропалық, əрісі жалпы адам баласына тəн ғылым-білім бұлағының нəр алуда, сол мақсатқа жету жолындағы бөгеттермен батыл күресу. Бұл дамуға, мəдениетті өрістетуге қабілеті қандай да болмасын халықтың түпкі мақсаты болу керек. Ал қазақтың еуропалық қайта туындау идеясын қабылтайтын қабілеттілігін арттыру үшін оған алдын ала білім беру арқылы ой қабілеттілігімен жүйке жүйесін жетілдіру керек»
Ш.Уәлихановтың саяси құқықтық көзқарасы
Шоқан көзқарасы
Ойшыл мəжбүрлі реформаларға түбегейлі қарсы болған. Күшпен жүргізілген реформалар адамзатқа үлкен қасіреттер əкеледі деп тұжырымдайды. Ол ондай əдістерге қазақ даласында жол беруге болмайтыны туралы айтады. Сондай-ақ «жалған теорияларға негізделген жəне басқа халықтың өмірінен алынған» реформалар да қасірет əкелуі мүмкін. Солардың қатарына ол дайындалып жатқан сот реформасын жатқызады. Үкіметтегі шенеуніктердің реформа туралы пікірді халықтан емес, ақсүйектерден сұрауын қате деп санайды. Оның айтуынша, реформаторлар мен заң шығарушылар өз қызметтерінде қоғамдық пайданы ескерулері тиіс. Осы ойларды əрі қарай дамыта келе, Шоқан жалпы саяси басқару, билік жүргізу, əрқашан «қоғамдық организм жан-жақты дами алатын мызғымас прогресс заңына негізделіп», іс жүзінде асырылуы тиісті деп тұжырымдайды ғалым 
Шоқанның ойларында қоғамның өзгерістерге деген қажеттілігі қоғамдық даму жəне халықтың өмір сүру деңгейіне байланысты екені көрсетіледі. Бұл жерде дифференцияланған бағыт қажет деп санайды ойшыл. Сонымен бірге ағартушы халықтың өмір принциптерінің сақталуына көп көңіл бөлген. Оның ойынша, көп ғасырлық дəстүрлер жəне халық тапқырлығы көшпелі қоғамның əлеуметтік-саяси жəне адамгершілік бастауларының негізі болып табылады. Осыдан ұлттық, тарихи, мəдени дəстүрлерді жəне көшпелі тұрмыстың ерекшеліктерін жан-жақты ескеру қажет деп санайды ойшыл. Ол қоғамдық дамудың төменгі сатыларының саяси құрылымының жетістігі ретінде гуманизм идеясы болуы тиіс деп санады жəне адамгершілік мəселесіне зор көңіл бөледі. Ол үстем таптың адамгершілік принциптерін сынға алып, қарапайым халық пен бай адамдардың мүдделері сəйкес келмейтінін атап көрсеткен. Жалпы алғанда, ойшыл қазақтарды бейбітшіл, дарынды халық екеніне шүбə келтірмей, олардың прогреске жету жолдарын қарастыруға тырысқан жəне осыдан өз халқының айқын болашағының кепілін көрген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет