«Балдә Мен №42 «Ақ ниет» гимназиясының 2 «з» сынып оқушысымын. Маған тәлім



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата27.01.2017
өлшемі3,17 Mb.
#2784
  1   2   3   4   5   6

№№ 19-20 (203-204)

11  қазан

2014 жыл

Ел ер


«Балдә

Мен  № 42  « Ақ ниет»  гимназиясының  

2  «з»  сынып оқушысымын.  Маған  тәлім-

тәрбие  мен білім беріп отырған  Қалампыр  

Кенжеғалиқызын ұстаздар  күні  мерекесімен  

құттықтаймын.   Ұстазыма  табыс,  денсаулық  

тілеймін.

Ұстазым менің ұстазым

Өзіңе  әркез  ұқсадым

Білім алып  өзіңнен

Өтеді менің  қыс-жазым.

Гүлназ ИБРАШЕВА

№42  « Ақ ниет»  гимназиясының 

 2 «з» сынып  оқушысы

Ұстазым             

       мақтанышым

            Менің  ұстазым  -  Қазбек  Рыскалиұлы.  Ол  ағай  маған 

алғашқы  білім  баспалдағы  «Әліппе»  кітабын  ұсынып,  білім 

нәрімен  сусындатып,  қолыма  қалам  ұстатты.  Мейірімді, 

талапшыл,  сабақтары  қашанда  қызықты,тартымды  ағайымыз 

өз ісінің майталман шебері. Ағай әрбір мерекеде кештер өткізіп 

тұрады. Ата-аналармен байланысы да,өте жақсы. «Ұстаз болу 

жүректің  батырлығы»  дегендей  менің  ұстазым  мақтанышқа 

лайық. Алда ұстаздар мерекесіне орай,  ұстазымды төл мерекесімен құттықтай отырып, 

зор денсаулық мол бақыт тілеймін.

    

Аружан НҰРЛЫБЕК 

Жамбыл жалпы білім беретін 

                                           мектеп-балабақшасының  

 4-сынып оқушысы  Жусандой ауылы, Қаратөбе ауданы   



 Менің ұстазым

Әр  адамның  өмірінде  сүйікті  ұстазы  болады  деп  ойлаймын.  Ал  менің  сүйікті  ұстазым  

 – менің алғашқы ұстазым - Сауле Мендықұлқызы.  Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, 

білімді  және  мейірімді  жан.  Бәрімізді 

өз  баласындай  көреді,  ақыл  айтып 

отырады,  көп  нәрселерді  үйретіп  жүр. 

Оның әрбір сабағы қызықты да, сапалы 

болып өтеді. Өмірде өз анаңнан кейінгі 

қадірлі  тағы  бір  адам  болса,  ол  — 

алғашқы ұстаз.

Мен  алғашқы  ұстазымды    мақтан 

тұтамын!


                                                      

Ернар ИЗМАҒАМБЕТОВ 

 

А.Тайманов атындағы



№34 мектеп-гимназиясының

      4 «б» сынып оқушысы

Менің сыныбым

Мен 


Бұлдырты 

жалпы 


білім 

беретін 


орта  мектебінің  5  «А» 

сыныбында оқимын. 

Биыл 

 

бастауыш 



мектебінен, үлкен мектепке 

келдім.  Осы  мектепте 

көптеген  мұғалімдермен 

таныстым. 

Олардың 

барлығымен 

жақсы 

араласып, түсінісіп кеттім. 



Әр  мұғалімнің  сабағы 

ерекше  болады,  олардан 

тәлім  алып  жүргеніме 

мақтан  етемін.  Әр  сыныптың  сынып  жетекшісі  болады,  менің  сынып 

жетекшім  -  Исмагулова Арай Абылхалыққызы. Арай апай бізге көптеген 

қызықты  шаралар  ұйымдастырды.  Сыныбымызбен  сол  шараларға 

белсенді  қатысып  отырамыз.  Мектепішілік  шаралардан  бірнеше  рет 

орын  алдық,  сонымен  қатар  менің  сыныбымның  бірнеше  оқушылары 

«Ақбота» интеллектуалдық марафонға қатысып, өз білімдерін шыңдай 

түсті. 


Мен  өз  сыныбымды  мақтан  тұта  аламын  және  мақтан  тұтып   

жүрмін.


Нұрғали ЫДЫРОВ

Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебінің

 5 «А» сынып оқушысы

Сырым ауданы

Ұстаздық еткен 

жалықпас


Үйретуден  балаға-

деп 


Абай 

атамыз 


айтқандай, 

«Ұстаз- 


қастерлі  сөз».  Ұстаз 

барлық  мамандық  иесін 

тәрбиелейтін 

оқытып 


үйрететін абзал жандар.

Ұстаз  алдынан  тәрбие 

алмайтын жан жоқ.Атап 

айтсақ, ғалым да, ақын да, дәрігер де, ғарышкер 

де, құрылысшы да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған, 

сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы 

құрметпен бас иеді.Біз сияқты мыңдаған тарыдай 

бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, таудай 

азамат  етіп  шығаратын  ұстаздарға  барлық 

адамзат баласы борыштар деп ойлаймын. Сондай 

ұстаздардың бірі менің талапшыл ұстазым - Лаура 

Валерийқызына  айтар  алғысым  шексіз.  Барлық 

ұстаз  жандарға  білім  жолындағы  еңбектеріңіз 

талмасын  дегім  келеді.  Төл  мерекелеріңіз  құтты 

болсын.

Ханшайым МЕҢДІҚҰЛ

ЖББ Т.Жароков атындағы ОМ-тің

3 «в»сынып оқушысы

Жәнібек ауданы



Сүйікті 

менің 

ұстазым

Әрбір оқушының өз жүрегіне 

жақын  сүйікті  ұстазы  болады. 

Ұстаз 


былайша 

айтқанда, 

мектептегі 

екінші 


анамыз.

Осындай  менің сүйікті ұстазым 

– Райгүл Серікқызы. Ұстазым өз 

мамандығын сүйеді, сабаққа жан-жақты дайындықпен 

келіп,  биік  шеберлігімен,  қарапайымдылығымен, 

адамгершілігімен  бізді  баурап  алды.  Сабаққа 

қызықтыру мақсатында сыныптан тыс іс-шараларды  

жиі өткізеді. 

Апайымыз  бізге  білім  беруге,  ой-пікірімізді 

тиянақтауға  бар  күшін  жұмсап  атсалысады. 

Білгенін  үйретеді.  Оқушының  жаманын  жасырып,  

жақсылығын асырады. 

Мен  өзімнің  сүйікті  ұстазымды  мұғалімдердің 

төл  мерекесімен  құттықтап,    шығармашылық 

табыс,  қажымас  қайрат,  отбасына  амандық,  мықты 

денсаулық тілеймін.



Алимжан МУРАТОВ

Қ.И.Сәтбаев атындағы ЖОББ 

мектебінің 3-сынып оқушысы

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы



Теректі ауданы, Хамза 

Есенжанов атындағы ЖОББМ-нің 

ұстаздарына «Самалдан ақ тілек  

Басылымына баланың,

 Кең жүрекпен қараған.

Х. Есенжанов атындағы 

мектебіндегі

Ұстаздар біздің ұлы адам. 

Шәрапи ағам ылғи да

Жаздырады Cамалын 

Әріптестеріне де айтады 

Жәйін ұқ- деп,  баланың.

Ұстаздарым аяулы

Құтты болсын мейрамың!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!   ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!



№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

2

«Күз мереке, күз 

береке» апталығы  

Біздің  мектебімізде  «Алтын  күз»  апталығы 

оздырылды.Оған 

5-10 


сынып 

оқушылары  

қатынастырылды. Бұл апталық  оқушыларымызды 

қызығушылықтарын және шығармашылыққа баулу 

мақсатында  жүргізілді.  Оқушылар  күз  мезгіліне 

байланысты  суреттер  салып,  тақпақтар  мен 

мақал-мәтелдер,  жұмбақтар  арқылы  сайысып, 

күз  өнімдері  бойынша  мүсіндер  жасап,  өздерінің 

қызығушылықтарын көрсетті. 

Апталық  сайысына  5-9  сынып  оқушылары 

қатынасып, 6-сынып оқушысы Айтжанова Наргиза 

«Күз  ханшайымы»  атанды.  Сонымен  қатар  25-

қыркүйек күні облысымызда өтілген «Күзгі өнімдер» 

байқауына  8-сынып  оқушылары  Ғалымжан 

Венера  мен  Жанғабылов  Бейбарыс  қатынасып, 

ынталандыру  мен  қатар  «Абаттандыру  және 

көгалдандыру»  бойынша  2-орын  алып  келді.  Бұл 

жарысқа  биология  пәнінің  оқытушысы  Асқарова 

Гүлнар  Ибатоллақызының  еңбегі  деп  айтуға 

болады.  Бұл  ұстазымызға  болашақта  да  биік 

шыңдардан көріне беріңіз демекпіз. 

 Ағырыс УРАЗОВА

С. Есетов атындағы ОЖББМ-нің  технология 

пәнінің оқытушысы

Талдықұдық ауылы,Казталов ауданы

Дені саудың жаны сау

Денсаулық  күніне  орай,  білім  мекемелерінде  әр  түрлі 

спорттық шаралар өтті. 

Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің 

ағзаға  тигізетін  кері  әсері  және  одан  туындайтын  ауру 

түрлері,  олардың  алдын-алу  шаралары  туралы  білуге, 

салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шараға  

қаламыздағы  №  20 

орта  жалпы  білім 

беретін 


мектебінің 

ұстаздар  ұжымы  мен 

оқушылары  белсене 

ат салысты.  Спорттық 

шаралардың 

бас 


төрешісі 

болып 


бекітілген  Т.Чапурина  

ә р і п т е с т е р і н 

салауатты 

өмір 


салтын 

ұстаудың 

маңыздылығына   тоқтала отырып әр сайысты жете бағалай 

білді.


Нәтижесінде челнокты жүгіруден С.Мамаева, ұзындыққа 

секіруден  Л.Жумашева,  футболдан  А.Кнежников,  30 

сек-тапресстен  Ю.Мамин,  газқағарды  уақытқа  киюден 

А.Чебаторов, 

турникке 

тартылудан 

К.Ажгереевтер 

жеңімпаздар болып танылды.                                                  



Г.САТАЕВА

№ 20 ОЖББМ-нің  қазақ тілі мен әдебиеті 

пәні мұғалімі

«Балаға мейірім 

сыйла»

 

№1 ЖББОМ-де «Балаға мейірім сыйла» үндеуімен республикалық 



«Мектепке жол» акциясы ұйымдасқан түрде өткізілді.         

Дәстүр  бойынша  акция  барысында  мектеп  жасындағы  балаларды 

мектепте  оқумен  қамту,  әсіресе  күн  көрісі  төмен  отбасылардан  шыққан 

балаларға  әлеуметтік  көмек  көрсету  жоспарланып,  жүзеге  асырылды. 

Мектебімізде          «Мектепке  жол»  марафоны  әлеуметтік  педагог 

Ж.И.Кенжигарина,  У.С.Чунгульбаеваның  ұйымдастыруымен    өткізілді.    Демеушілеріміз  балаларға  киім 

–кешекпен , сөмке, оқу құралдарын табыс етті.      Шарада сөз сөйлеген тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

А.Б.Дауева    оқушыларға  жаңа  оқу  жылында  сәттілік  тілеп,  демеушілік  көрсеткен  қайырымды  жандарға 

алғысын  жеткізді. 

Сонымен қатар оқу ісінің меңгерушісі Л.И.Вавилинаның ұйымдастыруымен биыл мектеп табалдырығын 

алғаш аттап отырған  «Бірінші сыныпқа бірінші рет» іс – шара өткізіліп сыйлықтар табыс етілді.

Ал  мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен қамқорлыққа алынған Пугачев орта мектебіне «Жылжымалы 

жәрмеңкесі» өткізіп оқу құралдары мен аяқ киім берілді.

Акцияға    белсене  ат  салысқан    «Роза»  ЖШ-ның  төрайымы    Н.Е.  Розаға,  «АГС»    АҚ  президенті 

Т.И.Шектебаевке,  «АКХП»  директоры      Р.С  Герасимчукке,  ИП  «Кананьяев»  А.Н.Кананьяевке,    «Ясмин» 

директоры  М.Ж.Машевке,    АҚ  «Конденсат»  директоры  А.З.Абзалиловке  жақсылық  танытқан  барлық 

қайырымды жандарға алғысымыз шексіз.

У.ЧУНГУЛЬБАЕВА

№1 ЖББОМ-нің Әлеуметтік педагогі

 Бөрлі ауданы Ақсай қаласы

Ата – ана 

алғысы

Жаңа 

оқу 

жылының 

қарсаңында  Бөрлі  ауданының 

Тихонов мектеп – балабақша 

кешенінде  «Балаға  мейірім 

сыйла!» ұранымен «Мектепке 

жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. 

Бөрлі  ауданы,  Қарақұдық  селолық  округінің  азаматы, 

Тихонов  мектеп  –  балабақша  кешенінің  түлегі,  «Жұлдыз»  шаруа 

қожалығының  басшысы  Назаренко  Михаил  Павлович  «Мектепке 

жол» республикалық акциясы аясында мектептің әлеуметтік жағдайы 

төмен Распутний Анатолий  жанұясына көмек қолын созды. 

Шаруа қожалығының басшысы М.Назаренко  7 сынып оқушысы 

Распутний  Зояға  спорттық  киім  мен  спорттық  аяқ  киім  сатып  алып 

берді. 

Отбасының отанасыРаспутняя Любовь Михайловна қиналған кезде 



көмек қолын созған ақ жүректі жанға өзінің ризашылығын жеткізіп, оған 

мықты денсаулық, жанұялық бақыт, еңбегіне табыс тіледі. 



Ж. АМАНКУЛОВА

Тихонов мектеп – балабақша 

кешенінің әлеуметтік мұғалімі 

Бөрлі ауданы



«Мен, сен және ол – салауатты 

мықты ел»

Жақында 


осы 

атаумен 


«Денсаулық апталығы» аясында 

Подстепный  қазақ  жалпы  орта 

білім  беретін  мектебінде  6-8 

сынып  оқушылары  арасында 

сыныптан тыс шара өткізілді. Бұл 

шараның  мақсаты  –  оқушылар 

арасында салауатты өмір салтын 

насихаттау,  халықтық  тәрбиені 

бала  бойына  сіңіру,  бір-біріне 

деген  сыйластық,  қамқорлық 

қарым-қатынасын нығайту, жылдамдыққа баулу. 

Шара  барысында  оқушыларға  түрлі  мәліметтер  айтылып,  бірнеше  ойындар 

өткізілді.  Сонымен  қатар,  сыныптан  тыс  шарамызға  мектебіміздің  медбикесі 

Мамышева Сара Ахметқызы қонаққа келіп, зиянды заттардан бойын аулақ ұстау 

мақсатында  өз  медициналық  кеңестерін  ұсынды.  Балаларға  түрлі  тақырыпта 

жадынамалар  таратылды.  Шара  соңында  «Жас  Ұлан»  ұйымының  белсенді 

оқушылары  «Мен  өз  денсаулығымды  сақтаймын,  өз-өзіме  көмектесемін»  атты 

ұранмен  Флешмоб  ұйымдастырды.  Балалардың  барлығы  қосылып  билеп,  оқу 

жылының басында біраз көңіл-күйлері көтеріліп қалды.

Иә, халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың 

келешегі, көркеюі, осы балалардың қолында. Сондықтан салауатты өмір салтын 

сақтау мақсатында осындай игі шаралар өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

 

 



 

 

 Нұргүл ИХСАНОВА

Подстепный қазақ ЖОББМ-нің аға тәлімгері 

Теректі ауданы

«Ұланбасы- 

Ұландардың  ұйтқысы»

 

Мичурин    ЖОББ    мектеп-балабақшасында   



мектебіміздегі балалар мен жасөспірімдер қозғалысының 

бірыңғай  бағытын    жасақтап,  бір  мақсат  пен  міндетке 

ұмтылуы  мен  рухтық  үрдісте  тәрбие  беру  жүйесін 

қалыптастыру мақсатында мектепте «Ұланбасы»сайлауы 

өтті. «Ұланбасы»лауазымына өзіндік  алға қойған мақсаты  

бар  және білім бағыты  бойынша жетістіктері  мол  8-10 сынып  аралығындағы  оқушылар  

қатысты.  Әр  үміткер  өз  өтініштерін  «Жасұлан»комитетіне  ұсынып,қатысуына  тілек    білдірді. 

Бес  үміткер тіркеліп,бір  апта  бойы  жұмыстанып, «Мен Ұланбасы болсам...»деген  тақырыпта 

өздерінің авторлық  бағдарламаларын ұсынды. Сонымен  қатар, әр  үміткерге ұстаздары  және  

сыныптас  достары  атынан  мінездеме  тапсырылу міндеттелді.Оздырылғалы отырған  шараға 

2-11  сыныптар түгелдей  қатыстырылу  көзделген  болатын. Сайлау  тәлімгерлер  Э.Д.Бекбаева  

мен  Ж.Е.Мұкамбетқалиева    және  «Жас  Ұлан»ұйымының  белсенділері    арқасында  мектеп  

дәлізінде  сағат  13

00

-  де  ұйымшылдықпен    және    тиянақтылықпен  ұйымдастырылып,  сағат 



15

00

-де  аяқталды. Дауыс  берушілер  сайлау  тәртібі  бойынша ұйым  мүшелерінен құралған 



комиссияға барып  тіркеліп,қолдарына  үміткерлердің  есімі  жазылған бюллетеньдер арқылы  

дауыс  берді. 

Нәтижесінде  9-сынып    оқушысы    Айбол  Жанғали  114    дауыс    жинап,  бірауыздан  

«Ұланбасы»лауазымына    ие    болды.  Жаңа  сайланған    «Ұланбасыға»  жетістіктер    тілей  

отырып,болашақта  жас  ұрпақтың  бойына  рухани  және  мәдени  тәрбиелерді  сіңіру  жолында  

өз үлесін  қосады  деген  үміттеміз.



Э. БЕКБАЕВА, 

Ж. МҰҚАМБЕТҚАЛИЕВА

Мичурин мектеп-балабақшасының  тәлімгерлері

Зеленов ауданы

Әсет  –  спорт  

шебері  !

2014  жылдың  15-21  қырқыркүйек  

аралығында      Алматы  қаласында 

тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы 

Кубогы  жарысы  оздырылды.  Жарысқа  

Қазақстанның    барлық  облыстары  мен 

Астана,  Алматы  қалаларынан  12  құрама  

және  барлығы  83  ойыншы  қатысты. 

Ойындар  әр  тақта  бойынша  швейцарлық 

жүйеде  7  турдан    жүргізіледі.  Жарыс  өте  тартысты  деңгейде 

өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер соңғы 7 турдың нәтижесі 

бойынша ғана анықталды. 

Командалық  есепте  БҚО  құрамасы  –жүлделі  ІІ  орынға  ие 

болып, үлкен табысқа қол жеткізді. БҚО құрамасы арнайы ІІ –ші 

дәрежелі дипломмен және Кубокпен  марапатталды. Жекелей 

есепте:  Матылов  Сайлан  (ХДСШ)-ІІІ  орын,    Рамазанов  Гизат 

(СШҮ)- ІІ орын,  Ерниязова Ализа (СШҮ)-ІІ орын, Қайыржанов 

Әсет (СШҮ)-І орынға ие болса,  Карина Аида (СШҮ) Оразмухамбет 

Гүлназ (СШҮ) қыздарымыз жақсы деңгейде ойындарын көрсете 

білді.


Жарыс  нәтижесі  бойынша  Мектептен  тыс  жұмыс  орталы-

ғының тәрбиеленушісі жас  тоғызқұмалақшы  Қайыржанов  Әсет   

«ҚР-ы  спорт  шебері»    нормасын  орындап,  мерейімізді  үстем 

етті.  


Жас тоғызқұмалақшыларымызға  алдағы уақытта да үлкен 

табыстар тілейміз.



Нұргүл  МҰРАТОВА

 

 

 Мектептен тыс 

жұмыс орталығының әдіскері



№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

3

Ұс таз – мектеп 

жү р егі

Ұстаз  –  ұлы  тұлға.  Ақын,  жазушы,  ғалым  бәрі 

де  ұстаз  алдында  кішік.  Өйткені,  олар  ұстаздың 

алдын  көрген,  тәлімін  тыңдаған.  Дүниедегі  ең 

қымбат,  аяулы  жанның  бірі  мен  үшін,  басқалар 

үшін де алғашқы ұстаз деп ойлаймын.

Ұстаз  –  мектептің  жүрегі.  Осы  бір  ұғым  әрбір 

шәкірттің  есінде  сақталған.  «Ұстаздың  еткен 

жалықпас,  үйретуден  балаға»  демекші,  олар  біз 

үшін,  яғни  жас  ұрпақ  үшін  аянбай  еңбек  етеді. 

Менің ұстазым - Айгүл Саржанқызы.

Ұстаз  –  ұлы  есім.  Себебі,  кез  келген  маман 

ұстаздан  дәріс  алып,  өмірде  өз  қалауымен  орын 

тауып  жатады.  Айгүл  Саржанқызы  бізді  әрқашан 

шаттыққа  бөлеп,  мейірімін  төгіп  жүргені.  Бала 

болғасын  бізде  кейде  бұзықтық  жасап  қоятын 

сәттер жиі болады. Ондайда бізге ұрыспай, ақырын 

түсіндіріп айтуға тырысады. А.Саржанқызы беретін 

қазақ  тілі,  математика,  әдебиет  пәндерін  сүйіп 

оқимыз.  Ұстазымыздың  сіңірген  еңбегі,  адал  ісі, 

төккен  тері  босқа  кетпейді.  Әр  оқушы  ұстазының 

үкілеген  үміті  дейді  ғой,  еңдеше  біздер  еңбегін 

ақтап, үлгілі оқушы болуға тырысамыз.

Жарқын жүзді, ақкөңіл ұстаздан тәлім алғанға 

не жетсін. Әрдайым апайымыз бізді адамгершілік, 

тазалық,  ұқыптылық,  кішіпейілділік,  ізеттілік, 

қарапайымдылық,  жауапкершілік  деген  адам 

бойындағы  жақсы  қасиеттерге  үйретіп  бағуда. 

Өтірік-өсек, қызғаншақтық, жалқаулық, қорқақтың, 

сатқындық  және  басқалары  сияқты  қасиеттерден 

аулақ болу керек. 

Өзімнің ұстазыммен қоса, барлық ұстаздардың 

алдында  басымызы  иіп,  ардақтау  –  адамдық 

борышымыз деп өз ойымды аяқтаймын.



МАҚСАТ КЕҢЕСОВ

№ 10 А.Байтұрсынұлы атындағы орта 

мектептің, 4 «а» сынып оқушысы

Ұстаздық 

еткен  

жалықпас...



Мен  ұстазымды  жақсы  көремін.  «Адамның 

адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп Абай атамыз 

айтқандай  мектептің  тірегі  де,жүрегі  де-ұстаз.  Менің 

алғашқы  ұстазым-Таудаева  Алмаш  Салахадинқызы. 

Алмаш апай менің екінші анам секілді. Ол қажырлылық 

пен    еңбекқорлықты    жанына  серік  еткен  мейірбан, 

бала жанын түсінетін ұлағатты ұстаз. Ұстазымыз бірінші 

сыныпқа келгенде,ең алғаш қалам ұстатып әдемі әріптерді 

салуды үйреткен,шәкірт жүрегінен өз орнын тапқан жан. 

Әр  сабағын  қызықты  өткізетін  ұстаздың    сабағын  әр 

оқушы  асыға күтеді. Біз ұстазымызды үлгі тұтамыз.

Біліміңмен сусындап

Тәрбиеңмен шынықтым

Алғыс айтам ұстазыма

Мерекеңмен құттықтап, - деген жүрек жарды өлеңімді 

арнаймын.



Саулемай САДЫҚ                                                   

Сарытоғай ОЖББ мектебінің 4-сынып оқушысы.                                                                      

Сарытоғай ауылы,Ақжайық ауданы

Аяулы ұстазым

 

Ұстаз – ұлағатты есім. Ұстаз барлық өмірін 



балаға арнайды. Ел басқарған басшы да, егін еккен 

егінші де ұстаздан білім алған. Сондықтан ұстаздарды 

қадірлеуіміз керек. 

 

Біздің  мектепте  ұстаздар  өте  көп.  Соның 



ішінде  менің  аяулы  ұстазымның  орны  ерекше.  Ол 

–  Нұргүл  Сайфоллақызы.  Ұстазымды  өте  жақсы 

көремін.    Ол  кішіпейіл,  өзгенің  бақытын  аялаған, 

өз  уақытын  аямаған  асыл  жан.  Болашақта  жеткен 

жетістіктеріміздің көп үлесі осы ұстазымның арқасы 

деп білемін. Мен ұстазымды мақтан етемін.



Саят БАҚТЫҒАЛ

Т.Жароков атындағы орта мектептің 

3 «б» сынып оқушысы

Жәнібек ауданы

Апайымды мақтан 

етемін


 

Ұстаз  –  біздің  екінші  анамыз.  Менің  алғашқы  ұстазым 

–  Гүлпаш  Мұханбетқызы.  Гүлпан  апай  маған  оқуды,  жазуды 

және  санауды  үйретті.  Ол  бізге  тек  білім  беріп  қана  қоймайды, 

бізді  тазалыққа,  ұқыптылыққа,  тәртіпке,  еңбекке,  ана  тілімізді 

құрметтеуге,  елімізді  сүюге  баулыды.  Сынып  оқушыларын  бір 

үйдің баласындай тату ұстайды. Сабақтардың бәрі қызықты өтеді. 

Біздер  сабақты  мұқият  тыңдаймыз,  жақсы  оқуға  тырысамыз. 

Апайды  өте  жақсы  көреміз,  мектепке  баруға  асығамыз.  Білім 

берген ұстаздарды ұмытуға болмайды. Біздер оларды қадірлеуге 

керекпіз. Мен өз апайымды мақтан тұтамын.

АЛИХАН КУБИЕВ

3 «а» сынып оқушысы



Ұстаз – ұлы есім

Менің  ең  алғаш  қолыма  әліппе  ұстатқан  ұстазым  -  Ақгүл 

Сүйеубайқызы.  Ұстазымыз  маған  ұнайды.  Осы  апайымның 

арқасында  озат  оқушы  болып  жүрмін.  Ұстазым  маған  оқуды, 

әдемі жазуды, есеп щығару үйретіп келеді. Ал мен Ақгүл апайдың 

айтқанын тыңдаймын. Ұстаз оқушы үшін қасиетті тұлға. Мен Ақгүл 

Сүйеубайқызына рахмет  айтқым келеді.  Ұстаздың  есімі  мәңгілік 

жадымызда сақталады.



АМАН ШҰҒЫЛА

Подстепный қазақ орта мектебінің

2 «а» сынып оқушысы

Өмір жырын шерте білген

Қазақстанда 2007 жылдан бері дәстүрлі өткізіліп жатқан

«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында биылғы жылы көрнекті жазушы 

Сайын  Мұратбековтың  «Жусан  иісі»  және  «Басында  Үшқараның» 

туындыларын оқуға таңдалды.

Осыған орай, Орал қалалық М.Горький атындағы кітапханасының 

оқу  залының  ұйымдастыруымен  Сайын  Мұратбековтың  «Жусан 

иісі»  шығармасына  әдеби  саяхат  Орал  гуманитарлық  колледжі 

студенттерінің қатысуымен, шығарма талқыланды.

Акцияның  мақсаты  -  бүкіл  ел  болып  бір  жыл  бойы  бір  кітапты 

оқып,  талқылау.  Шара  барысында  студенттерге  жалпы  акция 

туралы түсінік берілді.  Жазушының өмір жолы қызметі, отбасы және 

шығармашылығымен жөнінде слайд көрсетілді. 

«Жусан иісі» повестінің негізгі бөлімдеріне шолу жасалып, басты кейіпкерлеріне толық сипаттама берілді. Жастар 

шығармадан үзінділер оқи отырып, осы туындыдан алған әсерлерін ортаға салып пікір бөлісті.

Соғыс  кезіндегі  жетім  баланың  өмірін  сипаттай  отырып,  автор  оқырмандарға  қандай  ой  тастады?,  жазушы 

шығарманы неге «Жусан иісі» деп атады? және т.б. сұрақтарға қатысушылар оқығандарынан қызығушылықпен өз 

ой-пікірлерін талқыға салды.

Мағыналы шара барысында кітапханашы «Табиғатынан өзгеше талант иесі» кітап көрмесіне әдеби шолу жүргізіп, 

шығарманың мағынасына байланысты «Жетім көрсең жебей жүр» видеоролик көрсетілді. 

Ұ.Жолдасовтың «Сәби бақыты» әнінің ырғағымен кішкентай бөбектер ортаға шығып бір-біріне шар лақтырып, 

көпіршіктер  үрлеп  ойнады.  Сәбилеріміз  жетімдік  көрмесін,  болашақтары  жарқын  болсын  деген  ізгі  ниетпен  шара 

мәресіне жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет