* * * * * * * *
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
БАСТАУЫШ КЛАСС МҰҒАЛІМІНІҢ МОДЕЛІ
Мусагалиева Баянсулу Саматқызы
Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында «Бәсеке басы білім, ел басқаратын болашақ жастардың
білімділігі мен біліктілігінде» деген. Ендеше, ұстаздар қауымы ел басқаратын
болашақ жастардың білімін қамтамасыз ету керек. Сондықтан да мектептегі оқу
үрдісінің барысы әр түрлі педагогикалық әдіс - тәсілдермен жүйелі түрде
оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен
белсенділігін арттырады.
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр
боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне
көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім
беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі,
көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық
бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. [1, 56 б]
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім негізі бастауыш
мектепте берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама
көлемінде ғана білім беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан - жақты дамуын
қамтамасыз етуі керек. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің
ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады.
Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.
Кезінде Елбасы «21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері
анық» деп айтқан болатын. Егемен еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуі,
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі, білім беру
жүйесіндегі қазіргі уақытта болып жатырған соны өзгерістердің көрінісі болып
отыр. [1, 78 б]
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін
арқалап келеміз»,- деген сөзі жай айтыла салған жоқ. Еліміздің болашағы мен
көркеюі, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және
шығармашылыққа баулу мәселесі туындайды. Онсыз мектептің инновациялық
үдеріс сатысынан өтпей дамуы мүмкін емес екеніне көзіміз жетіп отыр. Себебі,
мектеп келешек ел басқарар, жер - суына иелік етер, ел - халқын гүлдендірер,
мерейін өсірер жасампаз жандарды шыңдар бірегей орта, киелі орын екенін
білеміз.
Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен
сусындаған оқушы. Ал білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланатыны
бәрімізге белгілі. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім берудің тиімді
жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың өз - өзіне
сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу -
материалдарын терең ұғына білуге баулыу, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой
тастау - мұғалімнің шеберлігіне байланысты. [2, 5 б]
Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық
саласындағы белсенді, шығармашылық іс - әрекетке қабілетті, озық ойлы, тапқыр
да нәзік, сезімтал, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Бастауыш
мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту,
сабаққа ынта - жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту - бүгінгі таңдағы
негізгі мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру
жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды,
шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің
ең маңыздысы. Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін,
тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін
жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. [3, 15 б]
Бастауыш мектеп – бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту,
тәрбиелеу, дамыту және өзін - өзі іске асыруына қолайлы жағдай туғызатын негізгі
буыны. Сондықтан мектептегі тұтас педагогикалық үрдісі заман талаптарын
қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастырылуы, ғылыми негізделуі және
әдістемелік қамтамасыз етілуі тиіс. Жалпы білім берудің ірге тасы болып
саналатын бұл буынның өзіндік ерекшелігі, мәні мен маңызы зор. Білім беру
саласындағы өзгерістер де алдымен бастауыш сатыдан басталады. Осы аталған оң
өзгерістерді жүзеге асыру үшін бастауыш сынып мұғалімі сол білімдермен өзі
қаруланған болуы тиіс. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - қоғамдағы елеулі
---5 --
------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 10 желтоқсан 2015 ж | № 29-30 (149-150)
өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым – қатынас құралдарының қарыштап
дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. [4, 49
б]
12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан
өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай - ақ қоғам пайдасына
қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім,
құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. [5, 12 б]
12 жылдық білім берудің басты ерекшелігі – баланың жан - жақты дамуына, өз
пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық
әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін - өзі танып, келешегін айқындауға
саналы түрде дайын болуға, саяси өмірге араласуға мүмкіндік береді.
12 жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар,
оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкелетін, құнды идеялардан туындайтын жаңа
оқыту технологияларын енізуді талап етеді. [5, 18 б]
12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы Халық
педагогикасын, салт – дәстүрін, әдет – ғұрыптарды жан – жақты, терең білетін 12
жылдыққа көшу мәселесі – біздің еліміздің, ұлттық өнеріміздің, нұрлы
болашағымыздың мәселесі. Біздің мемлекетіміздің бүгінгі жайы, ертеңгі даму
көкжиектері Қазақстан Республикасының тұтастай даму болашағын айқындайтын
бірден – бір фактор деуге болады.
А. Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп һәм
сондай болмақшы.
Яғни мұғалім білімді болса, білім біліп шықпақшы. Сондай болған соң, ең әуелі
мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін
мұғалім.»
А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы
керек. Мұғалімнің басты қызметі - оқушы ұзақ жолды қысқарту үшін және сол
жолдан қиналмай өтуі үшін керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін
балаларға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бет алысын діттеген
мақсатына қарай түзеп отыру. [6, 19 б]
Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа өзгерістерге бет
бұру үшін мынадай талаптарды ескеру керек деп ойлаймын:
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ерте
бастан қолға алу;
- Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жеткізу;
- Шығармашылық іс - әрекетіне және үнемі ізденісте болуына жағдай тудыру,
- Өзіндік жұмыс түрлерін орындай алу,
- Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық
қабілеттерін қалыптастыру,
- Ақпараттық технологияларды меңгерту.
Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше
құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің
алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір
білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға
дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға
үйрету, ойын да дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта
оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. [6, 21 б]
Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау
мүмкін діктері әр түрлі болады. Дегенмен әр бала бір нәрсеге бейім болады.
Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын,
тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту кезінде
үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп
дәлелдейді. Сол себепті, бастауыш сынып балаларының қабілетін кеңінен өрістете
дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушының
шығармашылық іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз - оқушыны ойлай білуге
үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен
шығармашылық іс - әретті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының
шығармашылығына бағыт - бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.
Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойлау қабілетін дамыту туралы «Ойлау -
жанның өте бір қиын, терең ісі»,- деп атап көрсете келіп, мұғалім баланың ойлап
үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді. [6, 38 б]
Оқушы бойындағы шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқу мен білім
алуға деген ұмтылыс күннен - күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында
білім нұры тасып, ішкі дүниесінің сыртқы ортамен байланысы дамып,
дүниетанымы арта түседі.
Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын ала жоспарланған сұрақтар
мен танымдық ойындар арқылы оқушы ынтасын, зейінін, ой - қиялын дамытуға
септігін тигізуі керек. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамыту да - өзекті мәселелердің бірі.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол тауып кетуі үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлеледі шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. [7, 10 б]
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Жастарды белсенді, азаматтық
ұстанымды, жауапты, жоғары адамгершілік, отансүйгіштік сезімді және
көшбасшылдық қасиеттерді қалыптастырған, шығармашылық жағынана дамыған
жеке тұлға тәрбиелеу» делінген, бұл бағдарламаның мақсаты екендігі бәрімізге
белгілі. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын
мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал білім сапасын артыру, оның деңгейін әлемдік
білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру, түптеп келегнде, мұғалімге, оның
кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты.
[7, 16 б]
Өзекті мәселелердің бірі болып отырған «Қазақстан - 2030» жолдауында да, «Білім
туралы» заңда даоқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға
ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бастауыш мектептің алдындағы
шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдардң пікірінше, оқушыларды
дамыта оқыту, яғни оқушының оқу әрекетінің қалыптасуы, оқуға деген ынтасының
артуы. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес. Сол себепті
бастауыш сыныптарда 12 жылдық білім беруге толық көшудің алдында оқыту мен
тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгеру керек. [7, 6 б]
Қорытындылай келе, мұғалім кез келген педагогикалық іс-әрекетте оқушыны
және өзін-өзі дұрыс ұйымдастыра білсе екеуіде жан-жақты дамыған, бәсекеге
қабілетті тұлға болып шығады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Р. А. Бексұлтанова. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында // 12 жылдық
білім. А., 2006
2. А. Б. Хайруллина. Оқушының интеллектуалдық икемділігі // 12 жылдық
білім. А., 2006
3. З. Ж. Әділбекова. 12 жылдық білімге көшу //12 жылдық білім. А., 2006
4. Ү.Б. Жексенбаева. 12 жылдық білім берудің құрылымдық – мазмұндық
ерекшеліктері //12 жылдық білім. А., 2006
5. К. Ж. Аганина. Құзыреттілік тұрғылар негізінде білім мазмұнын
жетілдіру //12жылдық білім. А., 2006
6. Л. Н. Хабарова. Кілтті құзыреттіліктер. //12жылдық білім. А., 2006
7.
Г. Ж. Наменова.12жылдық білім беру жүйесіне көшу //12жылдық білім. А.,
2008
* * * * * * * *
ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ МЕН ХАЛЫҚТЫҚ
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӨЗАРА ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
№8 Жалпы орта білім беретін мектептің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Доскожаева Жанар Алимусаевна
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне қойылар талап жоғары. Өзін-өзі тану
бағыты-жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды өз бастауы деп білетінін айтсақ,
ол ұлтымыздың салт-санасымен, дәстүр-қалпымен сабақтасып жатыр. Қазақта әр
маусымның өзі табиғи қалпына сай халықтық дәстүрлермен ерекшеленеді.
Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесіне қатысты “Самарқанның көк
тасы еріген күн...” деген тіркес ежелден бар. Жастарды кішіпейілділікке,
достыққа, кешірімге баулу арқылы “Самарқанның көк тасы ерігенде, біздер неге
татуласпаймыз?” дей отырып, өзара достыққа, кешірімге баулудың маңызы зор.
Мектепте өтетін Наурыз мерекесінің түрлендіріліп, жаңаша заманауи
бағдарламалармен айшықталып жүргізілуі әр балаға қуаныш сыйлап, қазақ
халқының ұлттық мерекелерінің мәртебесін көтереді.
Халықтың денсаулығы-ел дамуының аса маңызды тұтқасы,
болашағымыздың кепілі. Қазақ халқы “Бірінші байлық-денсаулық”, “Ауырып
ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” деп жан саулығы мен тән саулығын,
қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, нығайтуға мән берген. Салауатты өмір
сүру, адам денсаулығына зиян заттардан аулақ болуды балалар бойына
қалыптастыруда “Денім сау болсың десең...”, “Менің денсаулығым-менің
болашағым” тақырыбы бойынша өткен сабақтарда эссе- толғаулар жазып, нақыл
сөздердің мағынасын ашты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты
қорғау, аялау туралы тақырыптарда оқушылар табиғат-тіршіліктің бастауы, адам
табиғаттың бір бөлшегі екендігін түсініп, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы
білімдерін кеңейтті. “Табиғат- тал бесігің , аялай біл!” тақырыбына эссе-толғау
жазып, пікірталас өткізді. “Табиғатты қорғау-дәстүріміз” атты тәрбие сағатында
оқушылар табиғатпен үйлесімділік таба біліп, табиғатты аялау туралы түсініктерін
кеңейтті, табиғатқа жауапкершілікпен қарап, ұқыпты болу-әр азаматтың міндеті
екенін түсінді. “Көгалдандыру-көптің ісі” атты мектеп маңын көгалдандыру
жұмысына белсене араласып, әр оқушы өз үлесін қосып, әр тіккен шыбықтың
еңбекпен отырғызылуына мән берді.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі-жас ұрпаққа адамгершілік-
рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды
қалыптастыру. “Адамгершілікке тәрбиелеу құралы-еңбек пен ата-ана үлгісі”
деп ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, баланың өмірге белсенді
көзқарасының бағыты-ата-ана мен мұғалімдер арқылы қалыптасады. Жас
жеткіншекті жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі
адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
“Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-
қаларсың ұятқа”, “Жаман дос жолдасын қалдырар жолға” деген мақалдардың
мағынасы терең.
Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік, ешқашан ескірмек емес. Адамгершіліктің
қайнар бұлағы-халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрінде. “Әлдилеген әлемді бесігімен...” тақырыбында өткен сабақта
оқушылар ана туралы жазылған тамаша ғибратты сөздер мен өлеңдердің
мағынасын ашып, аналарының балаға мейірімін, махаббаты мен үлкен еңбектерін
ақтауға, балалық сүйіспеншілікпен жауап беріп, құрметтеуге тәрбиеленді.
Көрнекті педагог В.Сухомлинский “Егер балаға қуаныш пен бақыт бере
білсек, ол бала солай қалыптасады” дегеніндей, шәкіртке жан-жақты терең
білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата
білсек, ертеңгі азамат-жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына,
айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі
мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам
қалыптасады. “Ынтымағы жарасқан қазақ елі” тақырыбында өткен сабақта
оқушылар Қазақстан Республикасында мекендеп, бақытты өмір сүріп отырған 131
ұлт пен ұлыстың өзара достық қарым-қатынасы және еліміздегі тыныштық пен
бейбітшіліктің маңызы туралы түсінді. Әр ұлттың әнін айтып, биін билеп, достық
көңілмен, ынтымақты өмір сүруге, отанын сүюге тәрбиеленді.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау-ұлттық дәстүрге айналған.
Отбасында, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны
қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. “Үлкенді сыйла”, “Сәлем бер, жолын
---6 --
------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 10 желтоқсан 2015 ж | № 29-30 (149-150)
кесіп өтпе” деген ұлағатты сөздердің мәні өте зор. “Ата-анаң-алтын тұғырың”,
“Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін білмес” деген мақал-мәтелдің
мағынасына терең бойлап, “Ата-анам-берік қорғаным” тақырыбына эссе жазды.
“Ата салты-асыл қазына” атты тәрбие сағатында оқушылар ата салтының
ұлттық құндылық ретіндегі мәнін ашып, салт-дәстүрдің, ата салтының ұрпаққа
мұра ретіндегі маңызын түсінді.
Қазақ намысшыл халық “Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді”
дегендей, Отанын сүюдің негізі-ұлттық намыс. “Басқа елде сұлтан болғанша, өз
еліңде ұлтан бол!” деген сөздің мағынасы өте кең, оқушылармен осы тақырыпта
өткен пікірталас қызу талқылауға түсіп, әр оқушы өз ойын нақты дәлелдермен
түсіндірді. Мектепте “Ұланымын елімнің” тақырыбында жоғарғы сынып ұлдары
арасында өткен сайыстың мақсаты XXI ғасырда, білім мен ғылым дамыған
замандағы қазақ жігіттерінің бойындағы асыл қасиеттер мен ер азаматтың
қоғамдағы рөлі туралы білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып,
оқушылардың бойындағы іскерлік, тапқырлық қасиеттері мен өнерлерін шыңдау
арқылы отансүйгіштікке, имандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу негізінде елге
деген сүйіспеншілігін арттырып, әскери борышын өтеуге дағдыландыру. Сайыста
балалар өздерін отанның жас ұландары екенін көрсетіп, дәлелдеді.
Ұрпақ болашағы ұлт-болашағы. Өзін-өзі тану пәні-баланы отаншылдыққа,
әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділік пен қамқорлыққа,
табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі-әлемге теңдесі жоқ тәрбие. М.Жұмабаев
педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны туралы “Педагогика” атты
еңбегінде былай дейді: “Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып
келе жатқан жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты
үшін қызмет ететін болғандықтан әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен
тәрбиелеуге міндетті”.
Қазіргі жаһандану кезінде батыс өркениетінен біздің үйренетініміз де бар,
ысырып тастайтын тұстарымыз да бар. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан ұлттық
мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен
жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді,
ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу-біздің негізгі мақсатымыз.
* * * * * * * *
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Ақшұқыр ауылы, Ақшұқыр мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сейдахметова Самал Игаловна
Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Қ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру.
2. Таза, әдемі, ұқыпты жазуға баулу
3. Ой-өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ .Білімді тексеру.
О дыбысының орнына а дыбысын қойса, сөз мағынасының өзгеруіне көңіл
бөлу.
Тақтадан оқып талдау: Шопан, Шора,тор, той.Шапан, шара,тар,та
-О дыбысы қандай дыбыс?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Жұмбақ шешу
Жапалақтап жауады, Кішкентай ғана бойы бар,
Жердің бетін жабады. Айналдырып киген тоны бар.
Бұл не аппақ мақтадай? (қой)
Кәнеки, кім табады? (қар)
- Ендеше біз бүгін қандай әріппен танысамыз?
- Қ әріпі
Сыныптағы Қ әріпі кездесетін оқушыларды атау. Мысалы: Қарақат, Қарлығаш,
Ардақ, Қанат, Қанат т.б
ә) Қа-ра-қат, қа –ла, қа-лақ, қо-нақ сөздерін буынға бөліп, қ дыбысының орнын
байқату.
б) Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
в) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру.
г) Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру.
Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.
Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.
-Қ қандай дыбыс?
-Сөздің қай буынында жазылады?
- Қала аттары қалай жазылады?
Сергіту сәті:
Кірісейік сабаққа,
Кірісейік жазуға.
Сөйлем құрату.
Жазудан «5» алайық,
Қанат тақтаға қара.
Үйге қуанып қайтайық.
Қарлығаш құстың аты.
Дәптермен жұмыс: Қ әрпін жазып үйрену
Қала тақырыбына мәтін құрау.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
Ү. Үйге тапсырма беру
Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс
ҮІ. Бағалау
«ҒАЖАЙЫП СЫЙҚЫРЛЫ АСПАПТАР»
Ақтөбе қаласы № 33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі білім орталығының
музыка жетекшісі Аитова Лаззат Зурулловна
№2 орта тобының музыкадан
ашық ҰОІӘ-нің сценариі
ҰОІӘ-нің мақсаты: Балаларды музыкалық аспаптармен таныстыру.Музыкалық
дыбыстардың жоғарылығы мен ұзақтығын ажырата білу. Музыка ырғағын сезіп,
оркестр құру.
Орта тобының балалары музыка залына кіреді.
Саз жетекшісі балалармен амандасады.
Балалар бірінші амандасып алайық.
Апай:-Сәлеметпе, балалар,
Балалар:-Сәлеметсіз бе!
Мотивациялық қозғаушы:
Саз жетекшісі:
-Балалар қазір біз сендермен әдемі ән шырқаймыз!(пианиноның қасына барып
ноталарын қарайын деп жатырғанда, тесік-тесік нотный тетрадьты көреді)
-Балалар мына менің ноталарым қайда кетіп қалған? Кім менің ноталарымды алып
кеткен?Ноталардан музыка шығады ғой!
Музыкасыз ешқашан өмір сүру мүмкін бе?
Полька, Гопак, Вальсті,би билемеу мүмкін бе?
Ал маршпен жүрмесең.....
Жоқ музыкасыз өмір сүру мүмкін емес,
Мерекеде әдемі ән саласың,
Би де билеп аласың.......
Балалар:Музыканы жақсы көреміз,
Әрқашанда тыңдап жүреміз!
(Музыкамен Құлыншақ кіреді)
-Саламатсызда р ма балалар И-а-а-а! Неге көңілсіз тұрсыңдар?
Балалар: Апайдың ноталарын біреулер алып кетіпті!
Құлыншақ:- Оны еріншек мысық алып кетті. Ол тек тыныш жерде ұйықтағанды
жақсы көреді.Оның қайда тұратынын мен білемін. Балалар, мен сендерге
көмектесемін! Кәне шеңберге тұрыңдар, к е т т і к!
Музыкалық-ритмикалық жаттығу
Ритмикалық жаттығу: «Лошадка»
Құлыншақ: Балалар жолымызды қысқарту үшін ән шырқайық.
Саз жетекшісі: Балалар Құлыншаққа ән айтып берейік.
Ән: «Жануарлар әні»
Құлыншақ: И-о-о-о! Келдік! Балалар әне ана әдемі сарайды көріп
тұрсыңдар ма, сол сарайда мысық тұрады.Мен енді кетейін, анам іздеп қалар, сау
болыңдар!
Балалар:Рахмет саған Құлыншақ! Сау бол!
Ұйымдастыру-іздену:
Саз жетекшісі: Балалар мына сарай неткен әдемі, биік, зәулім.Кәне мен есікті
түртейін.
-Тук-тук-тук.
(экранда мысықтың суреті шығады, артта мысықтың дауысы шығады)
Саз жетекшісі:-Сәлеметсізме Мысық!
Мысық: Сәлеметсіздер ме...М я у!
Саз жетекшісі:-Мысық біз балалармен ән шырқайық деп едік ноталар жоғалып
кетіпті. Сен көрген жоқсың ба?
Мысық:-Ия, мен көрдім. Мен сендердің ноталарыңмен шамалы ойнай тұрайын
деп алған едім, ноталарды тыңдадым, қандай әдемі әуендер шығады....Маған өте
ұнап қалды.Мен оны сендерге қайтарғым келмейді.
Саз жетекшісі:-Мысық сен бізге ноталарды қайтып бер, өйткені балабақшадағы
балалар ән салып би билеулері керек.
1-б:Мен ән айтқым келіп тұр!
2-б: Ал мен би билегім келіп тұр!
3-б: Мен музыка тыңдағым келіп тұр!
Мысық:-Жарайды, онда менің тапсырмаларымды орындасаңдар мен сендерге
ноталарыңды қайтып беремін.М я у!
-Мені мұқият тыңдаңдар!
-Балалар музыкада қандай дыбыстар болады?
Балалар:-Жуан және жіңішке
Мысық: Тыңдаңдар мынау қандай дыбыс? (аудиодан жуан барабанның дыбысы
естіледі)
Балалар:-Жуан
Мысық: Ал тыңдаңдар мынау қандай дыбыс? (аудиодан жіңішке металлафонның
дыбысы естіледі)
Балалар: Жіңішке
Мысық: Менің тапсырмамды орындадыңдар,Муррррр.
Саз жетекшісі:Балалар жуан, жіңішке дыбыстарды да нотамен ойнайды.Мысық
тағы қандай тапсырмаң бар?
Мысық:-Сендер экраннан музыкалық аспаптарды көріп тұрсыңдар ма?Ал енді
мен сендердің есту қабілеттеріңді және есте сақтау қабілеттеріңді байқағым
келеді. Қазір сендер экрандағы аспаптардың дауыстарын бір-бірлеп тыңдайсыңдар
да сол аспаптарды құрастырасыңдар.Ал экранға қарап аспаптарды атаңдар.
Балалар:- бубен, даңғыра, үшбұрыш, кастаньетта, кселофон, маракас, ағаш
қасық(аспаптардың суреттері шығадыаудиодан, бубеннің, дауылпаздың,
кселофонның дыбыстары шығады, балалар аспаптың атын атап, экранда
аспаптарды құрастырады)
Мысық: Жарайды, менің тапсырмамды орындадыңдар.Ал енді айтыңдаршы
оркестр дегеніміз не? Оны экраннан тауып беріңдерші? (экранда бір адам, 2-3 адам
және оркестрдің суреті шығады)(Балалар оркестрді көрсетеді)
---7 --
------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 10 желтоқсан 2015 ж | № 29-30 (149-150)
Балалар:-Көп адамдар бәрі бірігіп аспаптарда ойнаса оны «Оркестр» дейміз.
Мысық: Жарайсыңдар, балалар сендер тағы да менің тапсырмама жақсы жауап
бердіңдер.Қазір сендер оркестр құрасыңдар.Дайынсыңдар ма?
Балалар:-Ия! Дайынбыз!
Мысық: Балалар экранда қандай аспап шықса, сол аспапты ұстап отырған бала
музыкаға қосылып ойнайды.
Музыкалық аспапта ойнау: «Шулы аспаптар»
Саз жетекшісі: Мысық біздің балалар барлық тапсырмаларды орындап шықты.
Мысық: Жарайсыңдар балалар!Мен сендерге ноталарыңды қайтып беремін.Маған
ренжімеңдер. Менің сарайымның қасынасендерге сыйлық тығып кеттім, өздерің
тауып алыңдар!Сау болыңдар! М я у! (сыйқырлы музыка ойналады)
Саз жетекшісі:-Балалар біздің ноталар қайтып келді! Алақай!Кәне көңілді ән
шырқайық!
Ән: «Балабақшам»
Саз жетекшісі:Балалар айтыңдаршы музыкасыз өмір сүруге бола ма?
1-б:- Жоқ! Онда өмір көңілсіз болады
2-б:Нота болмаса, музыка болмайды.
3-б:Әндерді тыңдай алмаймыз
4-б:Би де билей алмаймыз
5.Біздер музыкалық аспаптарда ойнай алмайтын боламыз!
Саз жетекшісі:Жарайсыңдар балалар! Сендер бүгін қандай әсер алдыңдар?
1-б:Маған өте қызық болды
2-б:Маған оркестрде ойнаған ұнады
Саз жетекшісі: Балалар өздеріңнің көңіл-күйлеріңді мына смайліктермен білдіре
қойыңдар(балалар смайліктерді мысықтың сарайының терезесіне жабыстырады)
Балалар: Алақай!
Саз жетекшісі: Балалар мында Мысық сендерге сыйлық тастап кетіпті. Кәне бері
келіңдер. (балаларға сыйлықтар таратылады)
Рефлексивті түзету: Балалар қуанышты сезіммен музыка залынан шығады.
* * * * * * * *
«ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН»
ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ
Муханова Агила Есмырзаевна
Ақтөбе қаласы МдБО №33 «Нұрсәт» балабақшасының
дене тәрбиесі және жүзу жетекшісі
Құрметті ата - аналар, ұжымдастар, бүлдіршіндер бүгінгі отбасы күніне
арналған « Әкем, шешем және мен!» атты спорттық эстафеталық сайысымызға
қош келдіңіздер. Тәуелсіздік күніне байланысты шаралар еліміздің барлық
жерлерінде
тойланып өтуде. Сондай - ақ бүгін біздің балабақшамызда тойланбақшы. Ендеше
құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі беріледі.
Жүргізуші: Денсаулық - ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі
Денсаулық – ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Cайысты ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысатын отбасыларды,
Арнайы ықыласпен шақырамыз.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1.Иманова А.А.
2. Салимова Ф.Б.
Спорттық сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
Жүргізуші: Бақшада бүгін басталған
Дайын бол жарысқа
Жүгір, секір қалыспаң,
Бір - бірімен жарыста.
I – бөлім « Кім шапшаң» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Топ мүшелері қапшықпен секіріп, кедергіден айналып қайту.
Құралдары: (Қапшық – 4 , кедергі - 4).
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы I - бөлімнің бағасын берейік
Бала тәрбиелеген тәрбиеші
Бала болып ойнайды.
Бала өсірген ата – ана,
Бала болып ойнайды - деп II - бөліміміз «Епті отбасы» сайысын бастаймыз.
II – бөліміміз «Епті отбасы» сайысы
Ойын шарты: Топ мүшелері құрсауды кеглилер арасымен домалатып жүріп,
кедергіден айналып қайту. (Құралдары: құрсау - 4, кеглилер, кедергі - 4).
Әділқазылар алқасы «Епті отбасы» сайысының бағасын берейік.
Жүргізуші: Уақыт, уақыт куәсің сен бәріне!
Нұр төгеді мына әлем біздерге.
Денсаулықтың әліппесі әрқашан,
Шынығайық әр кез біз спортпен дей келе III - бөліміміз «Кішкентай
қонжықтар»сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Әкесі мен анасы кезекпен - кезек балаларын арқалап межедегі тудан
айналып жүгіріп қайту.
( Құралдары: Ту - 4)
Әділқазылар алқасы осы бөлімнің бағасын берейік.
Жүргізуші: Қалма жұрттың соңында
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда
Жету үшін мұратқа - деп IV - бөліміміз «Ойлан тап» сайысын бастаймыз.
IV - бөліміміз «Ойлан тап»
Ойын шарты: Допты аяқтың арасына қысып алып, кеглилер арасынан жүріп,
межеде тұрған есепті шығарып, кері қайту. Ал балалары кеглилер арасымен
жүгіріп, шығарылған есепті алып, әділқазыларға апару.
( Құралдары: Доптар - 4, кеглилер, есептер )
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы 4 - бөлімнің бағасын берейік.
Жүргізуші : Топ болып біз жүрейік,
Ойнайықта күлейік.
Отбасы деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса – деп ең соңғы «Шапшаң отбасылар» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: 1 – ші әкесі кеглилер арасынан жүгіріп барып, межеде шашылып
жатқан, геометриялық пішіндерден үйдің қабырғасын қойып, кері жүгіріп қайту.
Ал анасы кеглилер арасынан жүгіріп келіп, үйдің шатырын қойып, кері жүгіріп
қайту. Әр топ өз үйлерін құрастырады. Сол құрастырған үйге, ата - анасы
қолдарын айқастырып алып, баласын отырғызып сол үйге апарады.
Құралдары: ( кеглилер, геометриялық пішіндер )
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы соңғы бөлімнің бағасын берейік.
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей,
Тараса бізге жарады - демекші сайысымызддың шарттары бойынша қорытынды
шығарып, жеңімпазды анықтап, марапаттау сөзі әділқазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші : Денсаулық – басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір - салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Ендеше денсаулықтың –
кепілі спорт демекші спортпен шұғылданайық. « Біз бақытты жанұя» атты
эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Белсенділік танытып қатысқан
отбасыларға көп - көп рахмет. Жақсылықта кездескенше қош сау болыңыздар!
* * * * * * * *
Ақтөбе қаласы № 33 «Нұрсәт» мектепке
дейінгі білім орталығының
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Отарова Салтанат Биржановна
Тақырыбы: “The world of toys”
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы
түсініктерін кеңейту, оларға арнап тақпақтар айту.
Ғажайып сәттер пайдалану арқылы балалардың
ойыншықтар туралы түсінігін қалыптастыру
арқылы тілін, сөйлеу мәнерін жетілдіру. Жаңа
сөздердің мәнін, мәнерін түсіну. Санау дағдыларын
жетілдіру. Ағылшын тілінде 1-5-ке дейін санау
дағдыларын бекіту. Ойыншықтардың түстерін ажырата біліп, ағылшын тілінде
атау. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ойыншықтарды ұқыпты
ұстауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Ойыншықтардың суреті, сандарға байланысты жеке кеспе
қағаздар, аудиотаспа, интерактивті тақта
Билингвальді компонент:
New words: Toys – ойыншықтар
a car - машина
a doll - қуыршақ
a ball - доп
a teddy bear – қонжық
Numerals – сандар
One – бір
two – екі
three – үш
four – төрт
five – бес
Colours – түстер
Red – қызыл
yellow – сары
green – жасыл
blue – көк
(балалар ән-күй залына кіреді, сол мезетте Ойыншықтар ханшайымымен кездеседі.
)
Hello, my children!
Hello!
I’m “Toy’s Princess”. I’m glad to see you. Today we will go to the country of
toys.
Мен «Ойыншықтар ханшайымымын». Мен сендерді көргеніме
қуаныштымын. Бүгін біз «Ойыншықтар әлеміне » барамыз. Ол елде барлығы
ағылшын тілінде сөйлейді. Сондықтан барлығымыз бірге тілімізге жаттығу жасап
жиберейік!
Фонетикалық жаттығу:
Тіліміз ертегі оқығанды жақсы көреді. Бірақ оның үйі қараңғы.
Сондықтан, ол оқыған кезде жарық түсіру керек болады: r-r-r.
Ол ұйқтағанда былай дыбыстайды: h-h-h.
Тіліміз үйшігі таза болғанды жақсы көреді. Ол таңдайда отырып, тілмен кілемін
қағады: t-t-t.
Ол үйінің ауасын тазартады: w-w-w.
(мұғалімнен кейін фонетикалық жаттығуларды қайталайды)
---8 --
------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 10 желтоқсан 2015 ж | № 29-30 (149-150)
Сиқырлы желқағарға үрлеп, әдемі әуенмен балабақшаға «Ойыншықтар» еліне
барады Мінекей, барлығымыз «Ойыншықтар» әлеміне де келіп те қалдық. Ендеше
ағылшын тілінде ойыншықтар туралы барлығымыз бірге тақпақ айтайық!
We are girls
We are boys
We go by van
We take many toys.
Мына жерде хабарландыру жазылып тұр екен. Мен оқып берейін.
Dear guests!
Attention! There were lost some toys in our
Toyland! Please, help us!
Біздің «Ойыншықтар» әлемінде біраз ойыншықтар жоғалды, соларды табуға
көмектесіңдер!
Көмектесеміз бе балалар?
Иә, әрине! (кенет қонаққа Қуыршақ Элис келеді.)
Hello! I’m a doll. My name is Alice.
Қуыршақ Элис сен жоғалған
ойыншықтарды көрмедің бе?
Ол ойыншықтарды мен алдым, оларды
менен алуларың үшін менің 3
тапсырмамды орындауларың керек!
Орындаймыз ба?
Иә!
Мыны жерде Қуыршақ Элис бізге
тапсырмасын дайындап қойыпты
келіңдер, орындайық!
1-тапсырма:
Ойын : «Санын тап!» Ойыншықтар мен сандарға байланысты жеке балаларға
арналған кеспе қағаздар таратылады. Ойыншықтар суретіне қарап, тиісінше санды
қасына қою және оларды ағылшын
тілінде атау.
Интерактивті тақтамен сергіту
сәті орындалады. (Балалар
қимылмен сергіту сәтін жасап, әнін
айтады)
Элис, біз сенің тапсырмаңды
орындадық! Ендеше бізге
ойыншықты берсеңші!
Орындап қойдыңдар ма?!Қап!Алыңдар! (бергісі келмей, ызаланып)
Рахмет!
Енді тағы тапсырмамды орындаңдар!
2-тапсырма:
Ойыншықтарды ағылшын тілінде атау.
Ойыншықтар атауларын ағылшын тілінде атау.
a car - машина
a doll - қуыршақ
a ball - доп
a teddy bear – қонжық
Міне, 2-ші ойыншықтарың!
Қуыршақ Элис: Ммм!Ендеше мынау 3-ші тапсырмаларын!
3-тапсырма:
«Лото» ойынымен балалардың қолы жаттырылады.
Дидактикалық ойын : «Түсін ата» Интерактивті тақтада дидактикалық ойын
қосылады. 4 қуыршақ беріледі. Балалар ағылшын тілінде қуыршақ сөзін айтады.
Қуыршақ киімдерінің түстері ажыратылады. Бұл ойында балалар тақтамен өздері
жұмыс жасайды және сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар қойылады:
What is it?
A doll
Let’s count
One, two, three, four…
What colour is it?
It is red
What colour is it?
It is yellow
What colour is it?
It is green
What colour is it?
It is blue
Good! Жарайсыңдар! Түстерді ажырата біледі екенсіңдер!
Қуыршақ Элис! Біз барлық тапсырмаңды орындадық! Соңғы ойыншықты беруіне
болады. (қуыршақ ойыншықты береді)
Ойыншықтарды тауып
қайтардық. Элис сен көрдің бе
біздің балалар мейірімді, бір-
бірімен жақсы қарым-қатынаста,
дос! Сен де біздің балаларға
қосыл, барлығымыз қосылып
ағылшын тілінде ән айтайық!
Мынау қандай ойыншық?
Қонжық
Ағылшын тілінде атайықшы!
a teddy bear
Ал, ендеше, ағылшын тілінде Қонжық туралы ән айтып берейікші!
Teddy-bear, teddy-bear, turn around
Teddy-bear, teddy-bear, touch the ground
Teddy-bear, teddy-bear, show your shoe
Teddy-bear, teddy-bear, that will do!
Әуенмен ағылшын тілінде ән орындалады.
Балалар, біздер «Ойыншықтар әлеміне» келіп, хабарламаны оқып, ойыншықтарын
тауып, иесіне қайтардық. Енді Қуыршақ Элиспен қоштасайық!
Good bye!
Bye!Bye!
Балалар біз қайда бардық?
Ойыншықтар әлеміне
Жарайсыңдар!
Біз кімді кездестірдік?
Қуыршақ Элисті
Ойыншықтар әлемінде біз не істедік?
Ойнадық, тапсырмалар орындадық....
Ал,ендеше менің де сендермен қоштасатын уақытым келді Good bye!
Bye!Bye!
(Сиқырлы желқағарға үрлеп, әдемі әуенмен балабақшаға оралады)
* * * * * * * *
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Жосалы кенті А.Жанпейісов атындағы
№105 орта мектептің бастауыш сынып
мұғалімі Тұяқбаева Мөлдір
Сабақтың тақырыбы: Денелер, заттар. Табиғат құбылыстары
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік
Табиғи және жасанды денелердің айырмашылығын ажырату, заттардың бір –
бірінен қасеті жағынан айыра білуге, табиғи құбылыстардың өзгеруі жайлы түсінік
беру. ә)Дамытушылық. Дүниетанымын дамыту. Сұраққа
толық жүйелі жауап беруге дағдыландыру.
б)Тәрбиелік. Табиғатты аялауға тәрбиелеу
Әдісі:Сұрақ – жауап, түсіндірмелі, сәйкестендіру.
Көрнекілігі:Табиғат суреттері
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушының назарын сабаққа аудару
II. Үй жұмысын тексеру
« Аялдама ойыны»
« Аялдама ойыны» арқылы өткен тақырыпты пысықтау
1 аялдама
1Тәжірибе дегеніміз не?
2аялдама
1Бақылау әдісі дегеніміз не?
3аялдама
1Тыныс алу мүшелері
4аялдама
1Егер термометр + 20С немесе – 10С көрсетсе сен қалай киінер едің?
5аялдама
1Ата заңымыздың 29 бабы
III. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Тақырыпты оқыту
IV. «Біліміңді шыңда» Тапсырмалар
1 тапсырма Денелер туралы мәлімет жасау
2 тапсырма Заттар туралы. Мысал келтіру.
3 тапсырма Өлі және тірі табиғаттағы өзгерістерді ата
4 тапсырма Жыл мезгілдеріне өзіне тән құбылыстарды ата
5 тапсырма Адам қандай табиғат құбылысын өз қажеттілігіне пайдалана білді
V. Өтілген тақырыпты пысықтау «Біліміңді сына»
1 тапсырма. Суреттен тірі табиғи денелерді тауып жаз.
2 тапсырма. Өлі табиғи денелерді тауып жаз.
3 тапсырма. Жасанды денелерді тізіп жаз.
4 тапсырма. Суреттегі заттар мен денелерді сәйкестендір.
5 тапсырма. Жасанды дене мен табиғи денелердің, өлі табиғат суреттерін салу
VI. Сабақты бекіту
Сабақта не ұнады, не ұнамады?
VII. Оқушыны бағалау
VIII. Үй тапсырмасы :Табиғат құбылысы. Заттар. Денелер
* * * * * * * *
Ақтөбе қаласы № 33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі
білім орталының тәрбиешісі Утегулова М.Т.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Тапқырлар еліне саяхат».
Мақсаты: а) Білім салаларын интеграциялау арқылы айналадағы дүниенің елеулі
белгілерін бір санынан бес санына дейінгі түсінікті жетілдіре отырып, заттардың
белгілерін тауып және оларды сол белгілеріне қарай анықтау қабілетін
қалыптастыруды жалғастыру.
ә) Балалардың зейіні мен логикалық ойлау, сөйлеу, сұраққа толық, дұрыс жауап
беру қабілетін дамыту.
б) 1-ден 5-ке дейінгі сандарды танып ермексаз арқылы бейнесін жасауға үйрету.
Қол икемділіктерін жетілдіріп, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекет түрі: Интегралды оқу іс - әрекеті.
Тобы: Ересектер тобы
Білім салалары: Таным, Қатынас, Денсаулық, Шығармашылық, Әлеуметтік орта.
Әдіс-тәсілдер:АҚТ (интерактивті тақта қолдану), әңгімелеу, сөздік түсіндіру,
көрсету, сұрақ-жауап, жеке жұмыс.
Қажетті көрнекіліктер: Математикалық театр, интерактивті тақта, 1-ден 5-ке
---9 --
------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 10 желтоқсан 2015 ж | № 29-30 (149-150)
дейінгі сандар, аңдар суреттері, карточкалары, вагондар суреті бейнеленген сурет,
ермексаз, тақтайша, су, шүберек.
Оқу іс- әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізді сиқырлы театр күтіп тұр. Есігін ашып, ішке үңіліп
көрейікші.
Ханшайым: Сәлеметсіздер ме балалар! Келгендеріңе қуаныштымын!
•
Көңіл күйлерің қалай?
•
Керемет.
•
Менің де көңіл күйім өте тамаша!
•
Мен «Тапқырлар елінің Ханшайымымын». Балалар қызықты тапсырмалар
орындауға дайынсыңдар ма?
•
Ия дайынбыз.
•
Ендеше, тапсырма бір санына байланысты болмақ.Кәнеки бір
саусақтарыңды көрсете қойыңдаршы!
•
Жарайсыңдар!
1)
Айналаға қарасаң бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз. Осы
бір санына байланысты біреуден ғана тұратын табиғаттың бір бөлшегін атап
көрейікші! Ойланып көрейік!
Жер бетіне шуағын, жылуын төгеді.
Нұрын сеуіп жылытады.
Күн. Күнде біреу.
Түнімізді жарық етіп нұрландырады,
Ол тек қана көкте аспанда болады.
Ай. Айда біреу.
•
Ал біз тұратын планета не деп аталады?
•
Жер. Жерде біреу.Онда біз өмір сүреміз. Ол әлемде біреу ғана.
•
Біз тұратын ел қалай аталады?
•
Қазақстан деп аталады. Қазақстан біздің Отанымыз. Отан да біреу.
2)
Ойын – жаттығу: «Өзің білетін екі-екіден заттарды ата».
Ойланып көрейік.
Ол біздің дене мүшелеріміз де болуы мүмкін.
Екі көз, екі қол, екі аяқ, екі құлақ.
3)
Үстел үстіндегі көрнекіліктермен тапсырмалар.
Әр бала жолақшаның үстінгі бөлігіне 1-ден 5-ке дейінгі сандарды, төменгі
бөлігіне заттардың суретімен сәйкестендіріп орналастырады.
4)
Тақтамен жұмыс: «Жасырынбақ» ойыны.
Жүргізуші кез-келген жануар мен құсты вагонға орналастырады. Балалар олардың
орналасу ретін анықтап, нешінші вагонда екенін атайды.
5)
Сергіту жаттығуы: «Шырша» АҚТ қолдану арқылы.
6)
Ойын. Интерактивті тақта: «Жасырынған сандар»
Сюжетті көріністен 1-ден 5-ке дейінгі сандардың қандай заттарға ұқсайтынын
анықтап атау.
7)
Сандарға байланысты тақпақтар.
Жіңішке жалғыз таяқша,
Бір саны ол айрықша.
Екі саны байыпты.
Аққуға ұқсап қалыпты,
Ұзын мойын, құйрықты,
Қазды да қатар қойыпты.
Екіліктен кейін қараңдар,
Үш саны шықты, жарандар.
Үшінші орын –тұрағы,
Үш ілмекті қосып тұрады.
Үштен кейін төрт болар, бір жылда төрт мезгіл бар.
Қыс мезгілі-күн суық, ақ қар жатыр жер жауып.
Көктемде болар жер жаңа, егейік егін далаға.
Жазғы тұрым күн ұзақ, аптап тұрар күн шуақ.
Алтын күз бізге берер нұр, жеміс-жидек пісіп тұр.
Басталады саусағым бас бармақтан 1-ші.
Балан үйрек келеді санағанда 2-ші.
Ортан терек, биігі, тұрып қалған 3-ші.
Шылдыр шүмек келеді, кезегім деп 4-ші.
Кішкентай бөбек таласпай, болған екен 5-ші.
Саусақ жаттығуы: «Үкі»
Орманда қараңғы,
Бәрі, бәрі ұйқыда.
Үкі ғана ұйықтамапты,
Маңғазданып отыр қатты.
Әрі-бері отырды да,
Қараңғыға қанат қақты.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс:
Балалар кез келген санның таңбасын жасайтын сиқырлы ермексазды алып келдім.
Ал енді 1-ден 5-ке дейінгі сандардың таңбасын бейнелеп жасап көріңдерші.
1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері ретпен санап оқу іс-әрекетін
қорытындылау.
Жарайсыңдар! Білімді екенсіңдер! Менің көңілімнен шықтыңдар!
Барлықтарыңды өте жақсы деп бағалаймын.
Білімдеріңді одан әрі тереңдете беріңдер!
* * * * * *
Алматинская область
Илийский район село Акший
ГКУ средняя школа № 8
Учитель русского языка и литературы
Аблаева Гульнафис Бакытжановна
Класс: 5А,Б
Достарыңызбен бөлісу: |