35
Д.И. Дубров, А.Н. Татарко құндылықтардың мәдени трансмиссиясы
ұғымына берілген анықтамаларды талдай келе: «что данное
понятие можно
определить как передачу ценностей одного поколения к другому в процессе
социализации личности» [94, c. 300] деп тұжырым жасайды. Яғни
құндылықтардың мәдени трансмиссиясы тұлғаның әлеуметтену үдерісінде
құндылықтың бір ұрпақтан екінші ұрпаққа табысталуы ретінде түсіндіріледі.
J.W. Berry, Y.H. Poortinga, M.H. Segall, және P.R. Dasen бойынша «Мәдени
трансмиссия» термині генетикалық механизмдердің көмегімен түрлі ұрпақта
нақты белгінің пайда болу үдерісін білдіретін биологиялық (генетикалық)
трансмиссияның аналогы ретінде туындауы мүмкін. Мәдениаралық
психология, этнопсихология тұрғысынан алып қарағанда әлеуметтану мен
мәдениеттің шартты белгісі ретінде мәдени трансмиссияның келесі түрлері
бөліп қарастыралады: «In vertical transmission parents transmit cultural values,
skills, beliefs, and motives to their offspring. ˂...˃ In horizontal cultural transmission,
we learn from our peers in day-to-day interactions during the course of development
from birth to adulthood. ˂...˃ And in oblique cultural transmission, we learn from
other adults and institutions (for example in formal schooling), either in our own
culture or from other cultures» [95, p. 20-21]. Яғни мәдени трансмиссия
түрлерінің ерекшеліктері төмендегідей:
1) ата-анасынан үйрену (тікелей мәдени трансмиссия);
2) замандастарынан, достарынан үйрену (көлденең мәдени трансмиссия);
3) ересектер мен білім беру ұйымдарынан, ұлттық мәдениет пен өзге
мәдениеттен үйрену (көлбеу мәдени трансмиссия).
Э.Д. Сүлейменова тілдік және мәдени трансмиссияның көлденең және
тігінен жүзеге асырылуы тұрғысында: «Смена поколений в каждом обществе
происходит как одна из изначальных и естественных предпосылок его
существования, при этом сами поколения – относительно самостоятельные
образования – обеспечивают непрерывную передачу (трансмиссию) языка и
культуры как по горизонтали в пределах одного поколения, так и по вертикали
из предшествующих поколений» деп тұжырым жасайды [96, c. 14].
Демек қоғамда ұрпақтар алмасуы оның өмір сүруінің бастапқы және
табиғи алғышарты болып есептеледі. Осы орайда, алдыңғы ұрпақтан келесі
ұрпаққа табысталатын тілдік және мәдени трансмиссияның көлденең (бір ұрпақ
ішінде) және тігінен (алдыңғы ұрпақ арқылы) берілу түрлері болады.
G. Trommsdorff бойынша мәдениеттің ұрпақаралық трансмиссиясы бір
ұрпақта басымдыққа ие құндылықтар, білім мен тәжірибенің келесі ұрпаққа
табысталуына қатысты болады: «Continuity and change of cultures over
generations are affected by cultural transmission. The intergenerational transmission
of culture refers to to the way values, knowledge, and practices that are prevalent in
one generation are transferred to the next generation» [97, p. 126].
А.И. Кравченко «Культурология» сөздігінде
мәдени трансмиссия
терминінің дидактикалық құраушы ретіндегі қызметін басты назарға алып,
мәдени мұраның берілуін, жеткізілуін және сақталуын қамтамасыз етудегі
маңызын атап өтеді. А.И. Кравченко бойынша: «Мәдени трансмиссия –
36
мәдениеттің алдыңғы буын өкілдерінен келесі ұрпаққа табысталу, жеткізілу
үдерісі» [98, c. 280].
Түркі антропонимиясын лингвомәдениеттану тұрғысында зерттеудің
маңызы жөнінде Г.Ф. Благова: «Әлеуметтік ортада, құндылық бағдар жүйесінде
ұрпақ
арқылы
берілетін
мәдени
трансмиссия
тұрғысында
түркі
антропонимиясын маңызы зор мәдени қарым-қатынас феномені ретінде
қабылдауға болады. Антропонимияда, яғни ат қою дәстүрінде ойлау мен мінез-
құлықтың этникалық стереотиптері айқын көрініс табады» [96, c. 754] деп атап
өтеді.
Батыс еуропа елдеріндегі антропонимдердің әлеуметтік және мәдени
тарихын зерттеген S. Wilson өз еңбегінде антропонимиядағы трансмиссия
жөнінде: «Elsewhere, transmission might be directly from one generation to the next.
Parents’ names were given to children, for example, in Bologna and the Trentino in
the seventeenth and eighteenth centuries» дейді. Яғни XVII-XVIII ғасырларда
Италияның Болонья және Трентино қалаларында балаға ата-анасының есімі
беріліп отырған. Бұл тұрғыда S. Wilson келесі мысалды келтіреді: «My
grandfather was called Méou [a diminutive of Barthélemy], my father was called
Méou, my name is Méou, so I want my son to be called Méou» [100, p. 225]. Бұл
мысалдан есімнің отбасындағы үлкен ұлға берілгенін анық аңғаруға болады.
Ата-ананың есімдері балаларына отбасылық мұра ретінде табысталып отырған.
Антропонимдер ұрпақтан ұрпаққа тікелей жеткізіледі.
Қазақстандағы тіл саясаты тұрғысында тілдік трансмиссия, ана тілі,
азаматтық сәйкестілік, этникалық сәйкестілік мәселелері бойынша зерттеу
жүргізген Э. Сулейменова, М. Ақберді, Г. Қойшыбаева өз еңбектерінде
ұрпақаралық (респонденттің анасымен, әкесімен, атасы және әжесімен тілдесуі)
және ұрпақішіндегі (респонденттің ағасы мен әпкесінің, ата-анасының, ата-
әжесінің өзара тілдесуі) тілдік трансмиссияның ерекшеліктерін анықтайды [101,
c. 23-24].
Мәдениет қоғамдағы ойлау мен іс-әрекет арқылы анықталса, тіл – ойды
білдіру мен жеткізу құралы болып табылады. Тілдік бірлік ретінде
антропонимдерде қоғамдағы әлеуметтік және мәдени, саяси оқиғалар жайлы
нақты ақпарат көрініс тауып отырады.
Антропонимдер алдыңғы буын өкілдерінен ұрпақаралық тілдік
трансмиссия арқылы беріліп, жеткізіліп, сақталып отырады. Яғни
антропонимдік трансмиссия дегеніміз – антропонимдердің алдыңғы буын
өкілдерінен кейінгі ұрпаққа мұра ретінде табысталу, жеткізілу үдерісі болып
табылады.
Антропонимиядағы трансмиссия құбылысын анықтаудың алғышарттары:
адам → сана → мәдениет → тіл → тілдік сана → мәдени трансмиссия → тілдік
трансмиссия → ұрпақаралық трансмиссия → ономастикалық трансмиссия →
антропонимдік трансмиссия. Антропонимдік трансмиссия ұлттық тіл қорында
сақталған кісі есімдерінің болашақ ұрпаққа жеткізілуі, табысталуы болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: