Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы


  Заманауи  қазақ  антропонимиясы:  лексика-семантикалық



Pdf көрінісі
бет41/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

2.1 
Заманауи  қазақ  антропонимиясы:  лексика-семантикалық 
топтастырылуы 
Халқымызда  сәби  жарық  дүние  есігін  ашқаннан  кейін  орындалуға  тиісті 
маңызды  міндеттердің  бірі  –  азан  шақырып  ат  қою  немесе  есім  беру  дәстүрі. 
Балаға  есім  берілу  барысында  оның  мәнді,  әрі  мағыналы  болуына  баса  назар 
аударылады.  Әдетте  балаға  жасы  үлкен,  елге  сыйлы,  құрметті,  беделді, 
абыройлы кісі есім береді. Сонымен бірге тілдік санада кісі есімінің білдіретін 
мағынасы оның тағдырына әсерін тигізеді деген наным-сенім қалыптасқан.  
«Ертеде адамдар табиғатты, жер-суды, тау-тасты, ағашты, өсімдіктерді де 
жанды  нәрсе  деп  есептеп,  оларға  сыйынып  отырған.  Адамзат  дамуының  көне 
дәуірінде  атау  мен  аталған  заттың  арасында  ажырамас  байланыс  бар  деген 
түсінік болған» [117, 4 б.]. 
Кісі  есімінің  көркем,  мәнді  және  мағыналы  болуы  оның  өзіндік  менін 
қалыптастыруға  септігін  тигізіп,  психологиялық  тұрғыда  білгілі  бір  деңгейде 
өмір  сүру  салтына  әсерін  тигізеді.  Мысалы,  өз  есімінің  білдіретін  мағынасы 
оның тағдырына ықпалын тигізгені жайлы Жаназар есімді орта жастан асқан ер 
кісі төсек тартып, ауыр қалде жатқанда мынадай оймен бөліседі: «Менің жаным 
тыныш  емес,  үнемі  жаным  қиналып,  жаным  азар  болып  жүремін.  Неліктен 
атымды Жаназар деп қойды екен...?». Науқас осыдан соң ауыр күрсініп, балаға 
ат  қойғанда  оның  мағынасына  мән  беруге  кеңес  береді  (ауызекі  әңгімеден, 
респондент Әлиакбарұлы Махмұт, 82 жас) [118, 27 б.].  
Келтірілген  мысал  негізінде  қазақ  халқының  есім  беруде  оның  білдіретін 
мағынасы  адам  өміріне  белгілі  бір  деңгейде  ықпалын  тигізетіні  жайлы  сенімі 
басым екендігін аңғаруға болады. 
Профессор С. Аманжоловтың анықтамасы бойынша: «Семантика дегеніміз 
–  сөздің  мағынасы  деген  сөз.  Жалпы  сөз  мағынасын,  оның  ескі,  жаңа  түрінің 
мағыналық жақтан өзгеру жолдарын тексеретін ғылымды семасиология дейді» 
[119,  47-52  бб.].  Ғалым  семасиология  сөздердің  қалыптасқан  түрін  ғана  емес, 
сөздердің  тарихи  дамуын,  мағыналарының  өзгерісін  де  зерттейтін  сала 
екендігін айтады.  
Мағына  ұғымына  берілген  бірнеше  анықтаманы  қарастырайық.  «Қазақ 
тілінің  лексикологиясында»  Ә. Болғанбаев,  Ғ. Қалиұлы  сөздің  мағынасына 
келесідей  анықтама  береді:  «Мағына  дегеніміз  –  ойлау  мен  сөздің  арасында 
жатқан аумақ. Мағына бұл ойлаудан сөзге дейін жүрілетін жол» [120, 155 б.].  
Сөздің  мағынасы,  яғни  лексикалық  мағына  жайлы  А. Ысқақов:  «Әрбір 
сөздің  өзге  сөздермен  қарым-қатынасқа  түспей  жеке-дара  тұрғандағы 


43
 
 
(статикалық  күйдегі)  нақтылы,  я  негізгі  мағынасы,  әдетте,  лексикалық  я  тура 
мағына деп аталады» [121, 7 б.] дейді.  
Б. Ақбердиева бойынша: «Лексикалық мағына – зат, құбылыс, іс-әрекеттің 
санада бейнеленіп, тұрақталған ұғымының мазмұны» [122, 73 б.].  
Жалқы  есімнің  семантикасы  деп  негізінен  экстралингвистикалық 
сипаттағы оның құрамдас компоненттерінің тіркесін ұғынамыз, жалқы есімнің 
семантикасы  ақпараттан  жинақталады,  ал  ақпарат  тілдік,  сөйлеу  және  арнайы 
ономастикалық 
функциялардан, 
стилистикалық 
және 
эстетикалық 
маңыздылықтардан құралады [123, 73 б.]. 
Б.Ә. Досжанов  антропонимге  арқау  болған  сөздің  алғашқы  номинативтік 
мағынасы  мен  антропонимдік  мағынасы  арасындағы  айырмашылық  жөнінде: 
«Барақ есімінің алғашқы мағынасы көне түркі тілінде «сабалақ, жүндес, аңшы 
ит дегенді білдірсе, қазіргі тілімізде «барақ ит» деп сол күйінде қолданылады. 
Оның  шығуы  көне  дәуірлердегі  тотеммен  байланысты.  Алайда  антропоним 
ретінде  туынды  мағынасы  басты  назарда  болады.  Соңғы  ғасырларда  тарихта 
болған  Би  Барақ,  Барақ  хан,  Барақ  сұлтан,  Көкжал  Барақ  секілді  атақты 
адамдардың ерен қасиеттері ескеріліп, бұл есімнің әуелгі мағынасы жойылып, 
ауыспалы мағына иемденеді. Келесі ұрпаққа бұл есімнің қойылуы батыр, дана 
т.б. болсын деген ниетпен жүзеге асты» дейді [123, 63 б.].  
Б.М. Тілеубердиев жоғарыда айтылған пікірді қолдай отырып, мағыналық 
тұрғыдан даму барысында, эстетикалық талғамның өсуіне қарай кісі есімдері әр 
дәуірде  жаңаша  сипаттарға  ие  болғанын  айтады:  «Аталған  Барақ  есімімен 
қатар,  Ит,  Күшік  секілді  кісі  аттарының  алғашқы  мағынасы  кие  тұтумен 
байланысты  болса,  кейінгі  дәуірлерде  бұл  жануардың  түрлі  кемшіліктері 
ескеріліп,  ырымдау  басты  назарға  алынды  (Итемген  еcімінің  шығу  мотивтері 
бұған  дәлел).  Салыстыра  қарар  болсақ,  алғашқысы  көк  тәңіріне  табыну,  өгіз, 
бөрі, жануарларын кие тұтумен мағыналас, ал кейінгілері ЫрымбайЖаманбай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет