Әйел антропонимиясы. Аффикстік тәсілмен жасалған әйел есімдері:
-ым, -ім – Айым, Асылым, Балым, Назым;
-ар – Жанар;
-дай, -дей – Айдай;
-ты, -ті, -лы, -лі – Дәмелі, Сәтті, Райлы, Шырайлым, Мерейлім,Үкілім;
-лық – Мұңлық;
-жан – Айжан, Балжан, Гүлжан, Тойжан, Тоқжан;
-ған, -кен, -ген – Аңсаған, Айкен;
-аш, -еш – Айнаш, Алмаш, Дәмеш.
Б. Әбдуәлиұлы өз жұмысында бастапқы мағынасынан алшақтап,
антрополексемалық сипатқа ие болған компонеттерге келесілерді жатқызады: -
бай, -бек, -гүл, -жан, -ман, -тай, -хан, -келген (-ді), -берген (-ді, -сін), -туған (-
ар). Олар жалғанған сөздердің барлығы дерлік антропоним қызметін атқарады
[86, 50 б.].
Қазақ тіліндегі қазіргі туынды тұлғалы антропонимдердің құрамында
кездесетін антропокомпоненттерге: ай, ақ, бал, ер, гүл, күн, нұр, бай, бек, бақ,
бала, бике, бибі, бөпе, гүл, ғали, ерке, жан, сұлу, тай, төре, хан жатады.
Ер
антропонимиясы.
Ер
есімдерінің
жасалуында
кездесетін
антропокомпонеттер төмендегідей:
- ер антропокомпоненті арқылы жасалған жасалған антропонимдер: Ералы,
Ерасыл, Ербол, Ерболат, Ерғали, Ержан, Еркебұлан, Ерғалым, Ерқанат, Ерлан,
Ерназар, Ернияз, Ермәди, Ермұхамед, Ернар, Ернат, Ернұр, Елдос, Елжан,
Елжас, Ерден, Ердос, Ерсайын, Ерсейіт, Ерсұлтан, Ертай, Ерхан;
- ай антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Айбар, Айбарыс,
Айбек, Айбол, Айзат, Айдос, Айсұлтан, Айтуар;
- ақ антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Ақәділ, Ақарыс,
Ақберген, Ақболат, Ақжан, Ақжар, Ақжол, Ақжігіт, Ақкелді, Ақнан,
Ақсұлтан, Ақтілек;
- ғали антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Айғали,
Жанғали, Нұрғали;
нұр антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Әлинұр, Нұрасыл,
Нұрбатыр, Нұрбек, Нұрдәулет, Нұрдос, Нұрдосет, Нұрмахан, Нұрмұхаммед,
Нұрсерік, Нұрсұлтан, Нұртілеу;
- күн антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Күнтуған,
Күнтуар;
62
- бақ антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Бағашар,
Бақберген, Бақдәулет, Бақдәуір, Бақкелді, Бақнұр, Бақыт, Бақытжан,
Бақтияр;
- жан антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Асылжан,
Ғалымжан, Бауыржан, Бекжан, Дәуіржан, Елжан, Зауыржан, Жантөре,
Нұржан;
- ерке антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Еркебек,
Еркебұлан, Еркеғали;
- бала антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Балабек,
Балаби, Балақожа;
- төре антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Ертөре,
Жантөре, Нұртөре, Хантөре;
- хан антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Абылайхан,
Айхан, Әділхан, Әлихан, Есімхан, Ерхан; Жеңісхан, Мейірхан, Мұсахан, Нұрхан,
Шерхан, Шыңғысхан, Хангелді.
Әйел антропонимиясы. Әйел есімдері келесі антропокомпоненттер арқылы
жасалады:
- ай антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер Айгүл, Айғаным,
Айдана, Айдария, Айжамал, Айжан, Айжұлдыз, Аймекен, Аймерей, Айзере,
Айнұр, Айсая, Алтынай, Нұрай;
- ақ антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Ақбибі, Ақбілек,
Ақбота, Ақерке, Ақжан, Ақжібек Ақжүзік, Ақзер, Ақманат, Ақмарал,
Ақмаржан, Ақназ, Ақтілек, Ақторғын;
- бала антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Айбала,
Ақбала, Гүлбала, Балажан, Жанбала;
- бибі антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Айбибі,
Нұрбибі, Бібінұр, Бибіхан;
- бике (-ш) антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Айбике,
Ақбикеш;
- бөпе антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Ақбөпе,
Айбөпе;
- гүл антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Айгүл, Ақгүл,
Бибігүл, Бейбітгүл, Гүлбала, Гүлбану, Гүлбаршын, Гүлдариға, Гүлден,
Гүлжазира, Гүлжан, Гүлжанат, Гүлжәмилә, Гүлзия, Гүлмира, Гүлназ, Гүлнұр,
Гүлсім, Гүлфайруз, Гүлім;
- нұр антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Ақнұр, Балнұр,
Гүлнұр, Жаннұр, Нұрай (Нұрайым, Нұрайлым), Нұржамал, Нұрсәуле, Нұрзезім,
Нұрсұлу, Семанұр, Таңнұр.
- күн антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Айкүн, Күнсұлу,
Күнімай.
- бақ антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Бағжан, Бақнұр,
Бақбереке;
63
- жан антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Айымжан,
Алияжан, Алтынжан, Аружан, Гүлжан, Жанбота, Жанбике, Жангүл, Жансая,
Жансәуле, Тоғжан, Ұлжан;
- ерке антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Айерке, Ақерке,
Балерке, Елерке, Еркеайым, Еркежан, Еркеназ, Еркенұр, Жанерке, Назерке;
- хан антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: Гүлхан,
Ханайым, Ханзира, Хансұлу.
Сонымен ер және әйел антропонимдерінің жасалуында ортақ ақ, ерке,
жан, нұр, хан, зада антропокомпонеттері екендігін аңғаруға болады. Алайда,
гендерлік айырмашылықтарға қатысты ер мен әйел антропонимдеріне тән
компонеттер де бар. Мысалы, ер есімдері – ер, бай, бек, ғали, төре, ал әйел
есімдері – гүл, бибі, бике, бөпе, сұлу антропокомпонеттері арқылы жасалады.
Қазақ тілінде түбір тұлғалы кісі аттарынан басқа біріккен тұлғалы кісі
аттары да көп. Олардың компоненттері зат есім мен сын есім, етістік пен зат
есім, сын есім мен зат есім тіркестерінен келеді де, тұтас бір атауды білдіреді
[13, 140 б.].
Сонымен қазіргі ер және әйел есімдерін сөз таптарынан жасалу жолдары
бойынша төмендегідей талдауға болады.
Ер есімдері. Сөз таптарынан жасалу жолдары:
1) зат есім + зат есім: Айбатыр, Айсұлтан, Бақдәулет, Бекназар, Жансерік,
Жанқуат, Бекарыс, Нұрзат, Нұрсұлтан;
2) зат есім + сын есім: Еркенже, Жақсыбай; Ерасыл, Нұрасыл;
3) зат есім + етістік: Айтуар, Әуезберді, Есбол, Тәңірберген, Ырыскелді,
Тілеуберді, Ербол, Ерболат, Нұртілеу, Таңатар;
4) сын есім + зат есім: Кенжебек, Ақжол, Аққұлан, Асылжан, Аманжол,
Асқартау, Ақтілек;
5) сын есім + етістік: Ақберген, Ақкелді;
6) сан есім + зат есім: Біржан, Сегізбай;
7) етістік + зат есім: Бердібек, Тілеужан, Болсынай, Жайнагүл;
8) етістік + етістік: Аяпберген, Сатыбалды, Тілеуберген;
9) етістік + үстеу: Тұрсынәлі, Ырысәлі.
Әйел есімдері. Сөз таптарынан жасалу жолдары:
1) зат есім + зат есім: Айжұлдыз, Айкүміс, Айсымбат, Алмагүл, Гүлбала,
Гүлшахар;
2) зат есім + сын есім: Айсұлу, Нұрсұлу, Айкенже, Ақкенже, Жансұлу;
3) зат есім + етістік: Гүлболсын, Гүлжайнар, Ұлболсын, Ұлтуар;
4) сын есім + сын есім: Ақжарқын, Ақсұлу;
5) сын есім + зат есім: Ақмарал, Алтынай, Алтыншаш, Асыларай, Еркеназ,
Сұлушаш;
6) сан есім + зат есім: Бірғаным, Мыңшаш;
7) етістік + зат есім: Жайнагүл, Тұрсынай, Тұрғангүл;
Тілдік бірліктерді саралау нәтижесінде қазіргі қазақ антропонимиясында
ұлға мен қызға қойылатын ортақ есімдер кездесті: Айзат, Ақжан, Ақниет,
Ақпейіл, Ақтөре, Ақтілек, Ақсұңқар, Аңсар, Арай, Арафат, Ардақ, Арман,
64
Айнұр, Асылжан, Асылхан, Аян, Әділет, Әлинұр, Бағдат, Бағжан, Бақнұр,
Бақыт, Бақытжан, Бағлан, Бейбіт, Бекзат, Дәулет, Дидар, Елнұр, Жан,
Жанар, Жанат, Жаннұр, Жарқын, Зейін,
Көркем, Қалжан, Қанағат, Қаршыға,
Мақсат, Мерей, Нұржанат, Нұршат, Оңласын, Орынбасар, Өркен, Парасат,
Райхан, Рауан, Рахат, Риза, Рысхан, Сағадат, Салтанат, Самал, Сәулет,
Сымбат, Сұнқар, Табиғат, Тілектес, Үміт, Ханзада, Шадияр, Шалқар,
Шапағат, Іңкәр.
Ер және әйел антропонимдерін ажыратуға мүмкіндік беретін тек
категориясына қатысты бір түбірден жасалып, -а жалғануы арқылы ажыратуға
болатын заманауи есімдер қатары артқандығын атап өтуге болады: Айдан –
Айдана, Алан – Алана, Даян – Даяна, Дидар – Дидара, Дияр – Дияра, Диляр –
Диляра, Елжан – Елжана, Замир – Замира, Карим – Карима, Мүслім –
Мүслима, Рашид – Рашида, Раян – Раяна, Ренат – Рената, Ризат – Риза,
Руслан – Руслана, Сағи – Сағия, Салим – Салима, Саян – Саяна, Сұлтан –
Сұлтана.
Сонымен әйел антропонимдерімен салыстырғанда ер антропонимдерін
жасауда қолданылатын аффикстер саны көбірек. Заманауи антропонимдік
қорда келесі -ан, -ен, -дық, -тік, -ыс, -іс -с, -ыш, -іш аффикстерінен жасалған
әйел есімдері кездеспеді. Антропокомпонеттер арасында ер компоненті ер
есімдерін жасауда, гүл компонеті әйел есімдерін жасауда кеңінен қолданылады.
Сондай-ақ гендерлік айырмашылықты ажыратуға мүмкіндік беретін
антропокомпонеттер де бар.
2.2.2 Қазақ кісі тектерінің құрылымдық-сөзжасамдық түрлері
Заманауи қазақ антропонимиясын құрылымдық, сөзжасамдық талдау
нәтижесінде кісі есіміне қарағанда кісі тегінің жасалу жолдары күрделі болып
келеді. Кісі тегін жасауда қолданылған аффикстер саны жағынан ауқымдырақ
болып келеді.
Кісі тегі құрамында кездесетін аффикстер:
-ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі – Қалдыбаев, Малдыбаева, Меңдібаев, Бақтыбаев,
Құттыбаев, Сүттібаева, Нұрлыбаев, Сырлыбаев, Өтеули(і)н;
-шы, -ші – Жаңбыршы(н)ов, Сұраншы(н)ов, Қойлыбаева, Жұмысши(ы)ева,
Жылқыши(ы)ева, Майлыбаева;
-дар – Айдаров, Жандарбаев, Жылқайдаров, Қалдаров, Қойайдаров;
-дас, -дес, -тас, -тес, -лас, -лес – Жолдасбеков, Тілектесов, Тілеуслесов;
-лық, -дық, -дік – Бабалықова, Амандықова, Қуандықов, Жақсылықов,
Сағындықов, Сүйіндіков;
-ай, -ей – Ақа(й)ева, Әміре(й)ева, Доса(й)ев, Ек(і)ейбаев, Жұбана(й)ев,
Көбе(й)ева, Қона(й)еева, Қоса(й)ев, Қыза(й)ев, Сағына(й)ев, Шыға(й)ева;
-ақ, -ек – Жайнақова, Қонақбаев, Тарақова, Сейтекова;
-ан, -ен – Айманов, Жұманов, Қосанова, Бекенова, Төленов; Төртенов;
-ар, -ер – Атарова, Асарова, Бастаров, Көшеров, Қайнарбекова, Тоқтаров,
Тұрарова, Сүйерова, Өсеров, Шаншарбаев;
-ан, -ен – Досанов, Жоланова, Қожанова, Қосанов, Бекенов, Көкенова;
65
-аш, -еш – Бабашев, Айешова, Қарашев, Тілешова, Сұрашева, Өтешова;
-жан – Айтжанов, Асжанов, Есжанова, Керімжанов, Қаражанов,
Молжанов, Нұржанова, Рақымжанов, Таужанова;
-лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен – Бауланов, Бостанов, Берденов, Ерденов,
Майтенов, Нұрланов, Төленов, Өтеуленов;
-қай, кей – Балақаев, Доске(й)ев, Жауке(й)ева, Күреңке(й)ева, Малке(й)ева,
Тауке(й)ева, Тілеуке(й)ев;
-қан, -ған, -кен, -ген – Байкенов, Елеукенов, Жұбатқанова, Қоңырқанов,
Қалкенов, Қашағанова, Сәткенбаев, Тоқтағанов, Төлегенова;
-сыз, -сіз – Сансызбаева, Елеусізов, Еренсізов, Қадірсізов, Тергеусізов;
-сын, -сін – Байтұрсынов, Жарылқасын, Құралсынов, Тоқтасынов,
Тұрсынов, Игісінов, Елеусінов, Көбейсінов, Сүйесінов;
-бай
–
Алмаба(й)ев,
Асықба(й)ева,
Балғаба(й)ева,
Дәрібаева,
Қайрақба(й)ев, Қарсақба(й)ев, Тауба(й)ев, Тезекба(й)ев, Шалаба(й)ев;
-бек – Ақылбеков, Алмабеков, Асырбеков, Еркебеков, Жұмабеков,
Иманбеков, Кемелбекова, Қуатбекова, Құсбеков, Тайбеков, Өрімбеков;
-дай, -дей, -тай, -тей – Аманта(й)ев, Жан(й)даева, Жолта(й)ева,
Көлта(й)ева, Нұрта(й)ев;
-мыс, -міс – Құрамысов, Токтамысов, Төлемісова, Тілемісова;
-ман, -мен – Айменова, Байменова, Бегманов, Болманов, Құлманова,
Мейірманова, Нұрманова, Тайманова, Телманова, Тұрманов;
-мас, -мес – Елемесов, Бөлемесов, Қойсоймасов;
-мыс, -мыш – Қармысова, Баймышев, Нұрмышев;
-ыс, -іс, -с – Қонысбаев, Нақысбеков, Тұрысбаев, Тілесова, Жеңісов;
-ыш, -іш – Ақышев, Нұрышев, Қалышов, Қапышева, Сүйінішова.
Кісі тегінің сөз таптарынан жасалу жолдары. Қазақ тіліндегі екі
компонентті етістіктен жасалған кісі есімдерінің көп жағдайда мағыналас
болатыны жайлы З.К. Жанғабылова: «Мәселен, Аяпберген, Аяпберді,
Жарылғапберген, Сұрапберген, Сұрапалды, Тілепалды, Тілепберген, Тілепберді
есімдері көптен баласы болмай жүрген отбасында кездесетін болса, Сатыпалды
есімі – қазақтың өз баласын сатып алу ғұрпына байланысты қойылған есім. Ал
Өтепберген, Төлепберген есімдері қайтыс болған баладан кейін туылған балаға
төлеуіне келген бала мағынасында қойылатын есімдер. Бердіоңғар есімі оңынан
берді мағынасында қойылған болса, Тоқтаболат есімі – енді осымен тоқта,
жетеді, болады деген мағынада баласы көп үйлерде кездесетін есім. Бұл есім
дара тұлғада Болдық түрінде де кездеседі» деп атап өтеді [76, 66-67 бб.].
Сөз таптарынан жасалған кісі тектері заманауи кісі есімдерімен
салыстырғанда балаға есім таңдауда шексіз қиялға ерік берумен, яғни бай
антропонимиялық қордың болғандығымен ерекшеленеді. Кісі тегінің
сөзжасамдық сипаты кешенді болып табылады, қазақ тілінің байырғы сөздері
кеңінен қолданыс тапқан:
- зат есім + зат есім: Белгібаев, Баймұратов, Байшапанов, Ердәулетов,
Қаламхатов, Мұзбұлаков, Тасеменова, Өмірсеріков;
- зат есім + сын есім: Бай(қ)ғараева, Нұртазин, Жоламанова, Түнқараева,
66
- зат есім + етістік: Айтуғанов, Байбо(л)сынов, Байтілеуова, Жантуарова,
Жанбо(л)сынов, Жаубасаров, Италмасова, Сүтемгенов, Танатарова, Ізтілеуов;
- сын есім + сын есім: Өрғ(қ)араева, Аманесенова, Кенжеқараева,
Есенсариева;
- сын есім + зат есім: Ақтаева, Ашықбаев, Жақсыбаев, Жаманбалина,
Кө(п)бжанова, Қаражанов, Қарамолдаева, Қаражігітова, Тазабаев;
- сын есім + етістік: Аман(к)гелдиев, Есенбердиев, Көпжасаров,
Тоқбергенов;
- есімдік + зат есім: Бәрібаев;
- етістік + зат есім: Тоқтабаев, Төлебаева, Тілеужанова, Шаншарбаев;
- етістік + етістік: Аяпбергенов, Қалапбергенова, Сатыбалдиева,
Төлепбергенова, Тілепбергенова, Өтепбергенова;
- сан есім + зат есім: Алтыбаева, Үшкемпіров, Жетіруов, Сегізбаев,
Елубаев, Қырықбаев, Жетпісбаева, Тоқсанбаева, Жүзбаева, Мыңбаев;
- сан есім + етістік: Жүзжасарова, Мыңжасарова;
- үстеу + зат есім: Әуелбеков, Жаңабекова, Өтебаев, Өтеғұлов;
- екінші компоненті етістік категорияларынан жасалған кісі тектері:
Елегенов, Жүргенов, Төлегенов, Табылғанов, Сақтағанова, Төлегенов,
Есенгенов, Келгенбаев, Көбегенов, Өтегенов.
Сонымен талдау нәтижесі бойынша заманауи қазақ кісі есімі мен тегі
арасында айтарлықтай айырмашылықтар анықталды. Заманауи кісі есімдері
қатарынан қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып жеткен наным-сенімдері,
ырымдары, салт-дәстүрлеріне байланысты есімдерді сирек кездестіруге болады.
Бүгінгі таңда жас ата-аналар сәбиге есім таңдауда оның сыртқы формасына,
дыбысталуына, заманауи және сәнді есім болуына баса назар аударады, яғни
есімнің білдіретін мағынасына аса мән берілмейді. Кісі тегін жасауда
қолданылған кейбір жұрнақтар қазіргі есімдерді жасауда мүлдем
қолданылмайды. Туынды тұлғалы антропонимдер байырғы сөздерді аффикстік
тәсіл арқылы түрлендіру негізінде жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |