Елім, жерім, Отан



Дата15.12.2023
өлшемі13,84 Kb.
#139376
Байланысты:
Махамбет (2)


Арпалысқан "елім, жерім, Отан" деп...!

Қанша қилы нәубеттерді өткерген,


Өр қазағым рухқа толы от кеудең.
Сол "отты рух" Алашымды сүйреді,
Құралды да батырлар мен бектерден!

Сол батырдың бірі бабам - Махамбет,


Арпалысты "елім, жерім, Отан" деп!
Бұл бабамыз "нағыз батыр" болмаса,
Қан майданның зәһар дәмін татар мед(і)!

Жан алысып, жан беріскен батырым,


Орақ тілмен тік сөйлеген ақыным.
Ширатады, жігерлейді адамды,
Оқығанда әр сөзіңнің мәтінін.

"Қорғаймын" деп дархан халық даласын,


Біріктірдің қайсар қазақ баласын.
Басшы қылып "Исатайды" алдың да,
"Шын достықпен" таба білдің жарасым!

Басып өттің жалпағынан жалғанды,


Биік көрдің бодау кешкен Ордаңды.
Семсеріңнен секем алса дұшпаның,
Жақтастарың сезе білді қорғанды!

Тербеткендей тектіліктің бесігін,


Жылатпаған жетімі мен жесірін...
Қазақ аты өшпейінше ғаламнан,
Еш өшпейді бабам сенің есімің!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет