bed-sit [‘bedsit] = bed-sitting room
bed-sitter [,bed’sitə(r)] = bed-sitting room
bed-sitting room [,bed’sitiŋru(:)m] n аралас
бөлме (ұйқы ж/е қонақ бөлмесі ретінде
қолд.)
bed sore [‘bedsɔ:(r)] n ұзақ жатқаннан болған
дененің қызаруы
bedspread [‘bedspred] n төсек жапқыш
(жамылғы)
bedstead [‘bedsted] n төсек қаңқасы, рамасы
bedtime [‘bedtaim] n төсекке жатар уақыт,
ұйықтайтын уақыт ♦His ~ is eight o’clock. – Оның ұйықтар уақыты сағат сегіз. ♦It has (It’s) was past your ~. – Сенің жатар уақытың баяғыда болған. bee I [bi:] n 1.ара (жəндік) 2. (idm) *the ~’s knees (ауызекі) өте жақсы, тамаша нəрсе ♦She thinks that she is the ~’s knees. – Ол (қыз) өзін кереметпін деп ойлайды. *the bird and the ~s bird *busy as a ~ busy *to have a ~ in one’s bonnet (сөзбе сөз: тақиясында ара(сы)
болу) басты қатырған, миды жегідей жеген ой,
идея ♦Dad has got a ~ in his bonnet about saving electricity. – Электрді қалай үнемдеймін деген ой əкемнің басын қатырды. bee IІ [bi:] n (US) (достардың, көршілердің,
т.б.) бас қосуы, жиналысы ♦a working ~ - жұмыспен бас қосу ♦a sewing ~ - киім тігу үшін жиналу beech [bi:ʧ] n, adj шамшат, бук (ағаш)
beef [bi:f] A.n 1.(a) сиыр еті ♦~ cattle – ет беретін сиырлар (b)(plbeeves [bi:vz])
еті үшін өсірілетін ірі қара (бұқа-сиыр)
2.бұлшық ет күші 3. (pl~s) (slang) арыз,
шағым B.v (slang) 1.~ (about smth/smb) шағымдану, арыздану ♦What are you ~ing about now? – Не жөнінде шағымданып тұрсың енді? 2. (phr v) *~ smth up күшейту,
ұлғайту; қызық ету ♦The new evidence ~ed up their case. – Жаңа айғақ олардың ісін күшейте түсті. beefburger [‘bi:fbз:gə(r)] n бифбургер (сиыр
етінен істелген гамбургер)
beefcake [‘bi:fkeik] n бұлшық еттері білеудей
сұлу мүсінді кісі
beefeater [‘bi:fi t(r)] n 1. (Лондон мұнарасын
күзетуші) күзетші ұлан 2. (slang) ағылшын
(адам) 3.лықа тойған адам
beefsteak [‘bi:fsteik] n бифштекс (қақтап
пісіруге арналған сиыр етінің жуан тілімі)
beef tea [,bi:f’ti:] n сиыр (еті) сорпасы
beef-witted [,bi:f’witid] adj топас, ақымақ
beefy [‘bi:fi ] adj (-ier, -iest) бұлшық еті
білеудей, денелі
beehive [‘bi:haiv] n араның омартасы, ұясы
bee-keeper [‘bi:,ki:pə(r)] n ара бағушы,
омарташы
bee-line [‘bi:,lain] n 1.тура жол, сызық 2.
(idm) *to make a ~ for smth/smb (ауызекі)
біреуге/бірн-ге турасынан, төтесінен жүру
♦As soon as he arrived at the party he made a ~ for the bar. – Жиын-тойға келген бетте ол барға (арақ-шарап құятын орын) төтесінен тартты. been [bi:n; bin] pp of be (м: I have never ~ to London, I have ~ looking for you, etc)
beep [bi:p] n, v бип, бипіл, бипілдеу ♦The computer ~s regularly. – Компьютер ылғи да бипілдейді. beeper [bi:pə(r)] n пейджер (біреуге телефон
шалу керектігі ж белгі беретін құрал)
beer [bi:ə(r)] n 1.сыра, пиво 2. (idm) *~ and skittles қызық, тамаша ♦Marriage isn’t all ~ and skittles. – Үйлену – оңай, үй болу – қиын. *small ~ мардымсыз нəрсе, əншейін адам
beerhouse [‘bi:ə(r)haus] n сырахана
beermat [‘bi:ə(r)mæt] n сыра кружкасының
астына қойылатын дөңгелек төсеніш
beery[‘bi:əri] adj 1.сыра сияқты, сыраға
толы 2.сыра ішкен, сыраға тойған ♦~ exuber- ance – сыраға балқыған ♦~ breath – сыра иісі мүңкіген дем beestings[‘bi:stiŋz] n [pl] уыз (жаңа туған
малдың алғашқы сүті)
beeswax[‘bi:zwæks] n ара балауызы
beet[bi:t] n 1.( кейде sugarbeet) 2.(US) = beet-
root 3. (idm) *red as ~/beetroot қызылшадай
қып-қызыл (м: ұялғанда)
beetle I [‘bi:tl] A.n қоңызB.v (Brit) қоңызша
қорбаңдау
beetle II [‘bi:tl] A.n тоқпақB.v тоқпақтау,
тоқпақпен ұру
beetle III [‘bi:tl] A.adj шығып, салбырап
тұрған ♦~ brows – шығыңқы қабақ, қастар B.v 1.шығып, салбырап тұру, төну ♦a cliff that ~s over the sea – теңізге төніп тұрған құз жартас 2.(қауіп ж) төну, ентелеу ♦The pros- pect of bankruptcy ~d over him. – Оған тақырға отыру қаупі төнді. beetle-browed [‘bi:tl,braud] adj 1.қалың,
шығыңқы қастары, қабағы бар 2. қабағы
салыңқы, тұнжыраған
beetle-crusher [‘bi:tl,krʌʃə] n 1. (Brit) (əзілдей,
сөзбе сөз: қызылша жаныштағыш) үлкен аяқ
киім 2.үлкен, жалпақ табан 3. (slang) полицай
beetle-head [‘bi:tlhed] n ақымақ, топас
beetling [‘bi:tliŋ] adj төніп, салбырап тұрған ♦~ cliffs – төріп тұрған құздар, жартастар beetroot [‘bi:tru:t] = beet
beeves [bi:vz] pl of beef befall [bi’fɔ:l] v (ptbefell [bi’fel], ppbefallen [bi’fɔ:lən]) (тек 3-ші жақта қолд) болу, ұшырау,
душар болу ♦We shall never leave you what- ever ~s. – Біз, не болса да, сені тастамаймыз. ♦A great misfortune befell him. – Ол үлкен бақытсыздыққа душар болды. befallen [bi‘fɔ:lən]pp of befall befell [bi‘fel]pt of befall befi t [bi‘fi t] v (-tt-) (тек 3-ші жақта қолд)
(ауызекі) лайықты, жарамды, сай болу ♦You should dress in a way that ~s a woman of your position. – Сен өз лауазымыңдағы əйелдерге лайықты киінуің керек. ♦The chairman travelled club class, as ~ted his status. - Өз дəрежесіне сай, төраға бизнес класпен ұшты. befi tting [bi’fi tiŋ] adj лайықты, жарамды, сай
болу ♦to act with ~ modesty – жарасымды сыпайылықпен əрекет ету befi ttingly [bi’fi tiŋli] adv befog [bi’fɒg] v (-gg-) тұмандану, күңгірттену,
көмескілену ♦Low-hanging clouds ~ged the city. – Аласа бұлттар қаланы торлады. ♦Old age has ~ged his mind. – Кəрілік оның есін тұмандады. befool [bi’fu:l] v алдау, ақымақ қылу
before [bi’fɔ:(r)] A.adv бұрын, алдында,
əлдеқайда, баяғыды, ерте, ертерек, дейін,
шейін ♦You should have told me so ~. – Бұлай деп маған бұрын айтуың керек еді. ♦It had been fi ne the day ~. – Одан бір күн бұрын тамаша болған еді. ♦That happened long ~. – Ол баяғыда болып кеткен. ♦I’ve seen that fi lm ~. – Ол фильмді бұрын көргенмін. B.prep 1.алдында, бұрын, дейін, шейін ♦~ lunch – түскі ас алдында (түскі асқа дейін) ♦the day ~ yesterday – алдыңғы күні, бұрнағы күні ♦two days ~ Christmas – Рождестводан екі күн бұрын ♦The year ~ last he won a gold medal
174
175
and the year ~ that he won the silver. – Алдыңғы жылы ол алтын медаль жеңіп алды, ал одан бұрынғы жылы күміс алған. ♦He arrived ~ me. – Ол менен бұрын келді. ♦He taught English as his father had ~ him. – Өзінен бұрын əкесі ағылшын тілін қалай оқытса, ол да солай оқытты. ♦We’ll know ~ long. – Көп ұзамай білетін боламыз. 2.(біреудің/бірн-ң) алдында,
бұрын ♦We knelt ~ throne. – Біз тақ алдында тізерледік. ♦The task ~ us is not an easy one. – Алдымыздағы тапсырма оңай емес. ♦B comes ~ C in the alphabet. – Алфавитте В С-дан бұрын келеді. ♦He puts his work ~ every- thing. – Ол бəрінен бұрын өз жұмысына көп мəн береді. ♦She said it ~ witnesses. – Ол бұны куəгерлердің алдында айтты. 3. (кітаби) гөрі,
болғанша ♦death ~ dishonour – масқарадан гөрі өлім 4. (кітаби) (біреуден/бірн-н қысым
гөріп деген мағ) ♦They retreated ~ the enemy. – Олар жау алдында шегініп кетті. ♦The ship sailed ~ the wind. - Жел кемені айдады. C.conj 1. бұрын ♦Do ot ~ you forget. – Ұмытпай тұрғанда істеп таста. ♦It may be many years ~ we meet again. – Біз кездесер бұрын талай жылдар өтер. ♦Before the week was out, they were dead. – Апта өтпес бұрын олар жан тəсілім етті. ♦It will be a long time ~ we fi nish this dictionary. – Бұл сөздік біткенше талай уақыт бар. 2.гөрі, өйткенше, т.с.с. ♦I’d shoot myself ~ I apologized to him! – Одан кешірім сұрағаннан гөрі атылып өлгенім артық! beforehand [bi’fɔ:hænd] adv 1.алдын ала,
ерте, бұрын, т.с.с. ♦I had made preparations ~. – Мен дайындықты алдын ала істедім. ♦We were aware of the problem ~. – Біз мəселені бұрыннан білгеміз. 2.~ (with smth) ерте, тым
ерте, асығыс ♦She is always ~ with the rent. – Ол үй арендасы ақшасын ылғи да ерте төлеуге тырысады. befoul [bi’faul] v 1.былғау, ластау 2.(қасиетті
жерді, адамды) қорлау, масқаралау, абыройын
төгу
befriend [bi’frend] v дос қылу, дос болып кету
♦They ~ed the young girl, providing her food and shelter. – Олар кішкентай қызға ас пен баспана беріп үйір қып алды. befuddle [bi’fʌdl] v 1.есін кетіре мас қылу
♦be ~ed by drink – мас болып қояншықтану 2.əбігерге түсіру, ақымақ ету ♦She ~ed the pub- lic with campaign promises. – Ол (əйел) сайлау науқанындағы уəделерімен жұртты құрғақ дəмелендірді. beg [beg] v (-gg-) 1.~ (from smb); ~ (for) smth (from/of smth) қайыр, садақа сұрау, садақамен
күнелту ♦There are hundreds ~ging in the streets. – Көшелерде жүздеген адам қайыр сұрап күнелтеді. ♦a ~ging letter – көмек сұраған хат ♦He was so poor he had to ~ (for) money from passers-by. – Кедей болғаны соншама, ол ары-бері өтушілерден қайыр сұрап күнелтуге мəжбүр болды. 2.~ smth (of smb)/ ~ (smb) for smth жалыну, жалбарыну, қиылу, қиыла
өтіну ♦Set him free, I ~ (of) you. – Жалынамын, жіберші оны! ♦May I ~ a favour (of you)? – Түсініңізші? (т.с.с.) ♦He ~ged mercy (of the king). – Ол корольден мейірім етуін өтінді. ♦He ~ged (her) for forgiveness. – Ол (одан) кешірім етуін өтінді. ♦The boy ~ged to be al- lowed to come with us. – Бала бізбен бірге жүргісі келіп жалынды. ♦I ~ (of) you not to take any risks. – Тəуекелге бармауыңды өтінемін. 3. (idm) *to ~ leave to do smth бірн-е істеуге
рұхсат өтіну *to ~ smb’s pardon кешірім өтіну
*to ~ the question мəселе талқылаудаы қажет
етпейді деген мағ. ♦This planning proposal ~s the question whether we need more sports facili- ties at all. – Жоспарлау жөніндегі ұсыныс бізге спорт инфраструктурасы қажет пе деген сұрақты қажет етпейді. *I ~ to differ мен
келісе алмаймын дег мағ ♦I must ~ to differ on this point. – Мен бұл жерде келіспеушілігімді білдіруге тиіспін. *to be going ~ging керегі
жоқ болу ♦If that sandwich is going ~ging, I’ll have it. – Егер мына сəндуич (сэндвич) ешкімге керек болмаса, мен жеймін. ♦There is a bottle of wine going ~ging if anyone is in- terested. – Егер керек болса, ешкімге қажет емес бір бөтелке шарап бар. *I ~ your par- don кешіріңіз, ғафу етіңіз . ♦ «You have taken my seat». «Oh, I ~ your pardon». – «Сіз менің орнымды алып қойыпсыз». «Оһ, ғафу етіңіз». ♦I ~ your pardon – I didn’t hear what you said. – Ғафу етіңіз – айтқаныңызды естімедім. ♦I ~ your pardon, but the woman you’re insulting hap- pens to be my wife. – Кешіріңіз, сіз намысына тиіп жатқан əйел менің əйелім болады. 4.
(phr v) *~ off уəдесін орындай алмаймын деп
кешірім өтіну ♦He promised to attend but then ~ged off. – Ол алдында келемін деген, сосын келе алмаймын деп кешірім өтінді. *~ smb off біреуге кешірім берілсін деп өтіну
begabbledadj мəнсіз, бейіл-берекетсіз
əңгімеге, сөзге толы, дабырлаған
began [bi’gæn] pt of begin beget [bi’get] v (-tt-, ptbegot [bi’gɒt] не өте
ертедегі қолд-с begat [bi’gæt], ppbegotten [bi’gɒtn]) 1. (архаизм) əкесі болу, туу ♦Abra- ham begat Isaac. – Ибраһим Исақты дүниеге əкелді. 2. (кітаби не көне қолд) тудыру,
дүниеге əкелу пайда болғызу ♦War ~s mis- ery and ruin. – Соғыз күйзеліс пен бүліншілік əкеледі. ♦Hunger ~s crime. – Аштық қылмысқа итермелейді. beggar [‘begə (r)] A.n 1. қайыршы, ғаріп,
бейшара 2.(ауызекі) жүгермек, қу, пəле ♦You lucky ~! - Əй, жолы болғыш қу (неме)! ♦lazy ~ - жалқау қу (жүгірмек) 3. (idm) *~s can’t be choosers (ауызекі) (сөзбе сөз: бейшарада
таңдау жоқ) ♦I would have preferred a bed, but ~s can’t be choosers, so I slept on the sofa. – Мен төсекті қалар едім, алайда мен бейшарада не амал бар - диванда ұйықтап шықтым. B.v 1.қайыршылану, күйзелу ♦a nation ~ed by crippling taxes – аяқты тұсаған салықтан қайыршыланған ел 2. (idm) *to ~ description, etc суреттеуге тіл жетпеу, айтып жеткізуге
мүмкін болмау ♦a sunset which ~ed description – суреттеуге тіл жетпейтін күннің батуы ♦His conduct was so bad it ~ (all) description. – Оның жүріс-тұрысының жаман болғаны соншама, айтып жеткізу мүмкін емес. beggarly [‘begə(r)li] adj 1.өте кедей,
күйзелген, қайыршы 2.мардымсыз ♦a ~ wage – мардымсыз жалақы beggary [‘begə(r)i] n 1.сіңірі шыққан
кедейлік, асқан қайыршылық 2.қайыршылар,
ғаріптер 3. (pl~ies) қайыршылар мекені,
қайыршы орта
begging [‘begiŋ] A.n қайыршылық B.adj қайыршы, қайыр сұраған
begin [bi’gin] v (-nn-, ptbegan [bi’gæn], pp begun [bi’gʌn]) 1.бастау, кірісу ♦to ~ work – жұмысты бастау, жұмысқа кірісу ♦to ~ a meeting – кездесуді, мəжілісті бастау ♦The building has not even been begun. – Құрылыс əлі басталмады да. ♦I began school when I was fi ve. – Мен мектепті бес жасымда бастадым. ♦He has begun a new book. – Ол жаңа кітап (оқи я жаза) бастады. ♦When does the concert ~? – Концерт қашан басталады? ♦I am ~ning to understand. – Түсіне бастадым. ♦Where does Asia ~? – Азия қай жерде(н) басталады? 2.
(кітаби) ♦I can’t even ~ to thank you. – Саған қалай деп рахмет айтарымды (да) білмей тұрмын. ♦He didn’t even ~ to understand. – Ол тіпті түсіне де бастаған жоқ. 3.(idm)
*charity ~s at home charity *to ~ with (a)
біріншіден, (ең) əуелі ♦I’m not going. To ~ with I haven’t a ticket, and secondly I don’t like the play. – Бармаймын. Ең əуелі, менің билетім жоқ, сосын ол пьесаны ұнатпаймын. (b)
алғашында, бастапқыда, ең алғашы ♦To ~ with he had no money, but later he became quite rich. – Бастапқыда оның көк тиыны да болмады, сосын келе байып кетті. beginner [bi’ginə(r)] n 1.(а)бастаушы,
жаңадан бастаған (b)жаңадан жұмысқа
кірген, тəжірибесіз 2.(idm) *~’s luck бастай
салғандағы кездейсоқ сəттілік, жолы
болғыштық
beginning [bi’giniŋ] n 1.басы, бастау, бастама
♦I missed the ~ of the fi lm. – Мен фильмнің басын жіберіп алдым. ♦You’ve made a good ~. – Сен жақсы бастама істедің. 2. (көбінесе
pl) бастау, көз ♦Did democracy have its ~s in Athens. – Демократия Афиныда бастау алған ба? ♦Many big businesses started from small ~s. – Көптеген ірі фирмалар аздан бастаған. 3.(idm) *the ~ of the end ақырының, соңының
басы, бастамасы ♦Defeat in this important battle was the ~ of the end for us. – Осынау маңызды шайқаста жеңіліске ұшырау біз үшін пəленің басы болды. begird [bi’g:ə(r)d] v (ptbegirt я begirded)
қоршау, қамау, (қоршай) орау
begirt [bi’g:ə(r)t] pt of begird
begone [bi’gɒn; US -gɔ:n] interj (архаизм)
құры! құрт көзіңді! жоғал!
begonia [bi’gəuniə] n (бот) бегония
(тропикалық гүлді өсімдік)
begorra [bi’gɒrə] interj (Irl) а, құдай! аһ,
шіркін! ♦Begorra, it’s a fi ne day. – Аһ, шіркін, күн қандай тамаша десеңші. begot [bi’gɒt] pt of beget begotten [bi’gɒtn] pp of beget begrime [bi’graim] v ластау, кірлеу
176
177
begrudge [bi’grʌʤ] v 1.ренжу, кею, өкпелеу
♦I ~ every penny I pay in tax. – Салық үшін төлейтін əр тиыным үшін кейимін. 2.көре
алмау, қызғану, іші күю ♦Nobody ~s you your success. – Ешкім де сені табысыңды қызғанбайды. begrudgingly [bi’grʌʤiŋli] adv 1.ренжи, кейи,
т.с.с. 2.қызғана, көре алмай
beguile [bi’gail] (көне қолд, кітаби) v 1.(a)
қызықтыру, еліктіру ♦The travellers were ~d by the beauty of the landscape. – Аймақтың əсемдігі саяхатшыларды еліктірді. (b) ~ smb (with smth) қызықтыру, еліктіру, назарын,
көңілін аулау♦He ~d us with many a tale of ad- venture. – Ол неше түрлі хикаяларды айтып көңілімізді аулады. (c) ~ smb (with/by smth) (уақытты, т.б.) көңілді өткізу ♦Our journey was ~d with spirited talk. – Біздің сапарымыз қызу əңгімемен өте шықты. 2. ~ smb (into doing smth) алдау, көз байлау ♦They were ~d into giv- ing large sums of money. – Олар алданып оған көп ақша берді. beguilementn beguilingadj beguilinglyadv begum [be’gʌm; ‘beigʌm] n бегім (бұрындары
Орт. Азияда, қазірге кезде Оңт. Азияда жоғары
дəрежелі мұсылман əйелін білд)
begun [bi’gʌn] pp of begin behalf [bi’hα:f; US -’hæf] n (idm) *on ~ of smb/on smb’s ~; US in ~ of smb/in smb’s ~ біреудің атынан, орнынан, біреу(дің мүддесі)
үшін ♦On ~ of my colleagues I thank you. - Əріптестерімнің атынан сіздерге рахмет (айтамын). ♦Ken is not present, so I shall accept the prize on his ~. – Кен мұнда жоқ, сондықтан мен сыйлықты ол үшін аламын. ♦Don’t be un- easy on my ~. – Мен үшін əуре болма. behave [bi’heiv] v 1.~ well, badly, etc (towards smb) (жақсы, жаман, т.с.с.) мінез көрсету,
жүріп-тұру, өзін-өзі ұстау ♦She ~s (towards me) more like a friend than a mother. – Ол менімен шеше емес, дос сияқты ұстайды өзін. ♦He has ~d shamefully towards his wife. – Ол əйеліне ұяларлықтай мінез көрсетті. 2.~ (oneself) өзін-өзі дұрыс ұстау, дұрыс жүріп тұру, оң
мінез таныту ♦Children, please ~ (yourselves)! – Балалар, тəртіпті болыңдар! 3.(машина,
т.б.ж.) жақсы жұмыс істеу ♦How is your new car ~ing? – Жаңа машинаң қалай жүріп жүр? -behaved (сын е-мен (adj) бірге келіп күрделі
сөз құрайды) ♦well-behaved children, badly-be- haved class – тəртібі жақсы балалар, тəртібі нашар класс (сынып) behaviour (US behavior) [bi’heivjə(r)] n 1.жүріс-тұрыс, тəртіп, мінез-құлық (a) ♦She was ashamed of her children’s ~. – Ол (əйел) балаларының тəртібі үшін ұялды. ♦Their ~ towards me shows that they don’t like me. – Олардың маған көрсеткен мінезі мені жаратпайтындықтарын білдіреді. (b)♦to study the ~ of infants, apes – сəбилердің, адам тəрізді маймылдардың мінез-құлқын зерттеу 3. (idm) *to be on one’s best ~ best
behavioural (US -oral) [bi’heivjərəl] adj 1.жүріс-тұрыс(тың), тəртіп(тің), мінез-
құлық(тың) не осыларға қатысты ♦~ science – адам мінез-құлқын зерттейтін ғылым behaviourism (US -orism) [bi’heivjərizəm] n (психол) бихейвиоризм
behaviourist (US -orist) [be’heivjərist] n бихейвиорист, бихейвиоризмді жақтаушы
behead [bi’hed] v басын шабу, басын алу
♦Charles I was ~ed in 1649. – Чарльз І-нің (Карл І Стюарт – ағылшын королі) басы 1649 ж. алынды. beheading [bi’hediŋ] n басын шабу, басын алу
beheld [bi’held] pt, pp of behold
behemoth [bi’hi:mɒθ] n 1.(Інжілдегі) зор
хайуан, мақұлық, құбыжық 2. (US ауызекі)
аджаһа 3.(кітаби) алып, алпауыт, өте зор
нəрсе ♦fi ve warships, including two 64,000-ton ~s – ішінде 64 мың тонналық екі алпауыт (өте зор соғыс кемесі) бар бес соғыс кемесі