Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру



Pdf көрінісі
бет16/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
Демография бойынша есеп: 
Е
ліміз бойынша туу деңгейі 
өте төмен және жыл санап төмендеп келеді. Бұл дегеніміз, 
өмір сүру ұзақтығын қаншалықты жақсартқанына 
қарамастан, уақыт өте келе қоғамымызда адамдар саны 
азайып, қарт адамдарға жәрдемдесу үшін өте көп жұмысқа 
қабілетті адамдарға мұқтаж болатындығымызды 
білдіреді. Зейнеткерлік жасты ұлғайту немесе жас 
адамдардың еңбек өнімдерін жақсарту қажет болады.
Бұл аргументтегі
«Еліміз бойынша туу деңгейі өте 
төмен және жыл санап төмендеп келеді»
аргументінде 
екі аралық қорытынды негізделеді: 1) «уақыт өте келе 
қоғамымызда адамдар саны азаяды», 2) «қарт адамдарға 
жәрдемдесу үшін өте көп жұмысқа қабілетті адамдарға
мұқтаж боламыз». Осы аралық қорытындылар бірлесе 
отырып негізгі қорытындыға алып келеді: «Зейнеткерлік 
жасты ұлғайту немесе жас адамдардың еңбек өнімдерін 
жақсарту қажет болады».
2.4. Аргументтер құрылымы
Мәтіндегі 
қорытындының 
орналасуына 
қарай, 
аргументтер әртүрлі құрылымда жасалынуы мүмкін. Келесі 
түрлерін қарастырайық: 
1) Қорытынды аргументтің басында орналасқан:


42
Қайрат Манашев, бокстан Қазақстан ұлттық 
құрамасының бастығы:
Серік Сәпиев жеңуі қажет.
Ең 
жауапты адам – команда капитаны, лидер. Команданың 
барлығын өзі сүйрейді.
2) Қорытынды аргументтің ортасында орналасқан:
Александр Иванов, 2010 жылғы әлем чемпионы: 
Илья 
Ильин Лондонда жеңіп көрсін. 
Оның осы жолы жеңіске 
жететініне күмәнім бар.
 Өзім туралы айтпағанда, бірақ, 
одан күшті жан жоқ еместігі анық. 
3) Қорытынды аргументтің аяғында орналасқан:
Владимир Кличко, ауыр салмақтан WBA/WBO/
IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Геннадий — өте 
талантты боксер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет