Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


 Жорамалдар - кемшіліктер



Pdf көрінісі
бет18/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66
Байланысты:
Критикалық ойлау негіздері

2.6. Жорамалдар - кемшіліктер
Жорамалдың екінші түрі аргументте кеткен 
кемшілікті толтыру үшін қажет болады. Кемшілік немесе 
көрсетілмеген дәйек негізгі немесе қосымша болуы мүмкін.
Мұндай басқа дәйектер мен қорытынды арасындағы 
жеткіліксіз тізбекті келесі мысалда қарастыруға болады: 
Алкоголь жарнамасына тиым салу шарап—су өнімдерін 
өндірушілерге, жарнамаға кететін шығындарын үнемдеуге 
көмектеседі. 
Өндірушілер 
арасындағы 
бәсекелестік 
бағаның түсуіне алып келеді. Осының нәтижесінде 
алкоголь жарнамаларына тиым салу алкогольдік өнімдерді 
қолданудың молаюына әкеліп соғады.
Бұл аргументтің қорытындысы соңғы сөйлем: 
«алкоголь жарнамаларына тиым салу алкогольдік 
өнімдерді қолданудың молаюына әкеліп соғады» болып 
табылады. Неге? Өйткені, шарап –су өнімдерін өндірушілер 
бәсекелестікке қабілетті болу үшін өз өнімдерінің 
бағасын түсіре бастайды. Бұл дәйек аралық қорытынды 
болып саналады. Яғни, ол басқа бір дәйекке сүйенеді. 
Егерде шарап-су өнімдері әдеттегідей тауар болса, онда 
экономика қағидасы бойынша мұндай тауардың сатылым 
көлемі баға түскен кезде өсуі тиіс деп есептейді. Алайда, 
әдеттегіден өзгеше, баға түскен кезде сатылым көлемі де 
түсетін тауарлардың да бар екендігін қаперде ұстау қажет. 
Негізінен мұндай тауарларға қазақстандық тұтынушылар 
жанын беруге дайын тұратын люкс класындағы ерекше 


49
тауарлар жатады. Бұл аралық қорытынды шарап-су 
өнімдерін өндірушілер үшін, жарнамаға тиым салынуы 
олардың жарнамаға жұмсайтын қаржысын үнемдеулерін 
жәрдемдеседі деген дәйекке негізделеді. Біз жарнаманың 
мол қаржыны талап ететіндігін түсінеміз, алайда біз 
оның кейбір тетіктерін білмейміз. Ал, бұл берілген 
контексте сондайлық маңызды емес. Енді қарап отырсақ, 
жарнамаға кететін қаржысын үнемдей отырып, компания 
өз өнімдерінің бағасын түсіре алады екен. Мұндай 
жорамалдардың логикалық дәлме-дәлдігіне қарамастан, 
компания дәл солай жасайды дегенге ешкім кепілдік бере 
алмайды. Бәлкім, девальвация немесе бөтелке бағасының 
өсуіне орай, компанияға шарап-су өнімдерінің бағасын 
өсіруіне тура келетін шығар. Осыған орай, алкогольді 
өнімдері сатылым көлемінің артуы бар болғаны жорамал 
ғана. Сондықтан да біз критикалық ойлай алатын адам 
ретінде мұндай аргументтерге көзсіз сенбеуіміз керек. Бұл 
жағдайды дұрыс бағалай білу үшін бізге қосымша негіздеме 
және аргумент қажет. Сонда ғана біз өз бетімізше ақылға 
сиымды қорытындыға келе аламыз.
Күмәнді жорамалға қатысты басқа мысалды 
қарастырайық: 
Кейбір 
адамдар 
«атыс-фильмдері» 
көрерменге кері әсерін тигізбейді деп сендіреді. Бірақ, 
егерде теледидар көрерменге әсерін тигізбесе, әлеуетті 
сатып алушыларға әсер ету мақсатында ешкім де 
миллиондаған жарнама түсірмес еді. Бүгінде біз өзіміз 
де осындай жарнаманың әсерінен шеколад, киноға билет 
сатып алғандығымызды ескерсек, мұндай жарнамалардың 
мақсаты мен тиімділігін жақсы түсінеміз. Осыған 
байланысты, «атыс-фильмдерін» қорғаушы жандар қатты 
қателеседі.
Аргумент айтарлықтай анық және сенімді болып 


50
көрінуі мүмкін. Бірақ, оны асықпай отырып талдауды 
ұсынамыз. Сонымен, бұл жерде қорытынды қайда 
орналасқан? Аргумент авторының негізгі ойы қандай?
Айтылғанның бәріне қарап отырып, автор «атыс-
фильмдері» көрермендерге жағымсыз әсерін қалдырады 
деп айтқысы келетін сияқты. Ол неге бұлай деп отыр? 
Өйткені, жарнама көрерменге әсер етеді. «Атыс-
фильмдері» мен жарнаманың арасында қандай ұқсастық 
бар? Оларды теледидардан көрсетеді (әрине, және/немесе 
YouTube-тен). Ал, енді ойланып көрейік. Ауа райын да 
теледидардан көрсетеді. Бірақ, елорданың ауа райының 
құбылмалылығына әбден үйреніп кеткен Астана 
тұрғындары арасынан бірен-саран адам ғана (Әйтеуір, өз 
таныстарымыз арасында) ауа райы болжамына сеніммен 
қарайды. Бәлкім, «атыс-фильмдері» мен жарнамалар да 
олардың еске сақталып қалатын тұлғаларды көрсетуімен 
ұқсайтын болар. Алайда, жарнамада өзінің бағалы 
тамағын жеп тұрған мысықты немесе жарнамалап тұрған 
ш
о
коладты сатып алған адам өте бақытты болып көрінеді. 
Ал, «атыс-фильмдерінде» жағымсыз кейіпкер жеңіліп 
жатады. Яғни, жарнама продюсерлері бізге қажетсіз 
немесе қолымыз жетпейтін өнімді бар күштерімен өз 
өнімдерін тартымды етуге тырысып жатқан кезде, фильм 
продюсерлері көрерменге жаман дүниені тартымды 
етіп көрсетуге тырысуға міндетті емес. Міне, осылай 
теледидардан көрсетілетін жарнама көрерменге әсер 
еткендей, «атыс-фильмдері» де көрерменге жағымсыз 
әсерін тигізеді деген жорамал күмән тудыратыны анық.
«Жылтырағанның бәрі алтын емес» екендігін түсінуіміз 
керек. Яғни, кейбір телевизиялық бағдарламалар 
(жарнамалар) адамдарға әсер ететін болса, бұл дегеніміз 
теледидардан көрсетілетіннің барлығы дерлік адамдарға


51
осындай әсер береді дегенді білдірмейді. Оның үстіне, 
критикалық ойлай алатын адам ретінде сіз өзіңіз үшін 
қымбат уақытыңыз 
және
алтын жастығыңызды кетіріп, 
пайдасыз саны көп бағдарламалар мен фильмдерді 
көрудің еш қажет емес екендігін пайымдауыңыз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет