Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру



Pdf көрінісі
бет7/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
А. Критикалық ойлауға арналған жаттығулар
Критикалық ойлауды пікірлерді сараптау мен 
болжамдар, ұсыныстар кезінде қолдану қажет. Баспасөзден 
ғалымдар мен саясаткерлердің пікірлерін жиі кездестіруге 
болады. Мұндай пікірлермен көзді жұмып келісе салғаннан 
гөрі, критикалық ойлай білетін адамдар келтірілген 
дәйектер бойынша өз бағаларын беруге тырысады
.
Көбінесе мемлекеттің тапсырысымен жасалынатын, 
«емдеуге қарағанда, алдын алу арзанырақ» деген қағида 
бойынша жұмыс жасайтын әлеуметтік жарнаманы мысал 
ретінде келтіріп өтуге болады. Міне, осылай мемлекет 
қоғамға қамқорлық таныту мақсатында әлеуметтік 
жарнамамен айналыса отырып, қоғам назарын мәселеге 
аударып, қоғамда жаңа әлеуметтік және адамгершілік 
құндылықтарды қалыптастырады.
Мысал 1.1
Алматы қаласындағы әлеуметтік жарнама


21
1. Бұл жарнаманың мақсаты қандай? Жарнама кімдерге 
арналған?
2. Сіз мұндай жарнаманы қалай қабылдар едіңіз және 
неліктен?
3. Сіздің ойыңызша неліктен “Любимый город - Алматы” 
жазуы – жасыл, ал, “Водитель будь внимателен” – қызыл 
түсте берілген? 
4. Көрсетілген жарнама бойынша дизайнер жүргізушіге 
қалай әсер етуді көздеуі мүмкін? 
5. Өзіңіз тұрып жатқан тұрғылықты мекенде болатын 
жол көлік апаттары мәселесін шешу үшін мұғалімге 
әлеуметтік жарнаманың өзіңіз қалаған нұсқасын 
ұсыныңыз. 
Мысал 1.2
Алматы қаласындағы әлеуметтік жарнама
2013 жылы Алматы қаласындағы көшелерде жол жүру 
ережесін ескертетін әлеуметтік жарнама пайда болды.
Ол жарнаманы жасау мен орналастыру жұмыстарымен 
қалалық 
мәдениет 
басқармасы, 
жол 
полициясы 


22
басқармасы, жарнама агенттігі айналысқан болатын. Жаңа 
жарнама ілінген тақтайшалар өзінің орналасу ерекшелігі 
арқылы жергілікті тұрғындар мен БАҚ арасында ерекше 
серпіліс туғызды. “Адамдар - ереже бойынша жолдан өтеді. 
Қойлар - кез-келген жерден ”.
1. Бұл жарнаманың мақсаты қандай? Жарнама кімдерге 
арналған?
2. Сіз мұндай жарнаманы қалай қабылдар едіңіз және 
неліктен?
3. Рұқсат етілмеген жерден өтпегені үшін адамдарды 
«қой» деп атау дұрыс па? 
4. Мұндай жарнамалар тиімді ме?
Мысал 1.3
Қазақстандық Forbes журналында зейнеткерлік жас 
бойынша экономистердің мынадай пікірлері пайда болды: 
Ер адамдардың әйел адамдарға қарағанда 60-тан 
асқан жасында өлімі жиі кездесетіндіктен ер адамдардың 
зейнеткерлік жасын 63-тен 58-ге төмендету дұрыс 
болатын сияқты. Ер адамдарға зейнеткерлік жасының 
молырақ болып, немерелерінің қызығын көруге мүмкіндік 
беру қажет. Балаға атасымен өткізген бір күн, әжесімен 
өткізген күніне қарағанда көбірек даму процесін беретіні 
белгілі. 
1. Экономистердің басты тұжырымы неден тұрады? 
2. Сіз экономистің тұжырымымен келісесіз бе? 
3. Экономистер дәйектерін бағалаңыз.
Сондай-ақ, мақал-мәтелдерді 
догматикалық бекітілім-
дер
ретінде жиі пайдала
на
тындықтан оларды да критикалық 
сараптамаға салуға болады.


23
Мысал 1.4
Келесі мақалды қалай түсінесіз? «Қасқыр» ненің орнын 
басып отыр? 
1. 
Қасқырдан қорқатын орманға бармайды. 
2. Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды. 
3. Қоянның басшысы болғанша, қатардағы қасқыр болған 
артық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет