Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


Мысал 1.5  Абай Құнанбаев. Он тоғызыншы қара сөзі



Pdf көрінісі
бет8/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Мысал 1.5 
Абай Құнанбаев. Он тоғызыншы қара сөзі.
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, 
ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды 
дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді 
болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі 
де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. 
Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе
жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда 
адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, 


24
шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не 
есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, 
не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта 
қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? 
Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді 
танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан 
екен, сол секілді сөз болады.
1. Он тоғызыншы сөз
д
ің негізгі мағынасы неде? 
2. Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады? 
3. Тек қана 
«естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі 
өзі де есті болады»
деген тұжырымдамамен келісесіз бе? 
4. 
«өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы...»
деген 
тіркесті қандай мақсатта қолданып отыр? 
5. Сіз өз ортаңызда кімді білімді деп санайсыз? Оның 
айтқан ақылдарын тыңдайсыз ба?
Б. Сіз критикалық ойлай аласыз ба? 
Бұл тесті бойынша сіз берілген қорытынды үшін «негіз» 
(себеп?) есебінде біршама нақты сәйкес келетін жауапты 
таңдап алуыңыз қажет. Егерде негіз нақты өмірде дұрыс 
болмай жатса ол үшін қысылмаңыз. Сіз барлық негіздерді 
дұрыс деп қарастыруыңыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет