Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


Емтихандар және критикалық ойлау



Pdf көрінісі
бет38/86
Дата04.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#29739
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86
Емтихандар және критикалық ойлау
Критикалық  ойлау  бойынша  сұрақтардың  танымал
екі  үлгісі  бар  –  тестілік  және  жазбаша.  Көбінесе  берілген
үлгілердің үйлестірілген түрі кездеседі. Негізгі лимиттеуші
фактор  болып  уақыт  қызмет  етеді.  Себебі,  университет


90
және  корпорация  жұмысқа  тез  ойланатын  және  өнімді
жұмыс  жасайтын  адамдарды  қабылдауды  артығырақ
көреді.
4.1. Қазақстандағы критикалық ойлау бойынша 
емтихандар
Орталық  Азиядағы  дәстүрлі  медреседегі  негізгі  сабақ
«мантык»  (логика),  грамматика,  риторика,  арифметика
және геометрия болып саналған. Логика сабағында балалар
Аристотель, Әл-Фараби және Авиценалардың (Ибн Сина)
жұмыстарымен  таныса  алған.  Кеңес  уақытында  логика
бойынша  сабақтар  екінші  қатарға  ысырылып,  мектептегі
негізгі  сабақ  болып  математика  және  жаратылыстану
ғылымдары есептелді. Бәлкім, авторитарлық кеңес режимі
өз  азаматтары  үшін  логиканың  дамуы  мен  критикалық
ойлауды  маңызды  деп  санамаған  болу  керек.    Әйткенмен
де  қазақ  мәдениетінде  кеңінен  тараған  жұмбақтарды
шешу және мақал-мәтелдерді түсіндіру жастар арасындағы
критикалық  ойлау  мен  логиканы  дамытудағы  белгілі
бір    плацдарм  ретінде  қызмет  етіп  келген  еді.    Қазіргі
жаңа  Қазақстанда  критикалық  ойлау  бойынша  сұрақтар
үздік  мектеп  пен  университтерге  түсу  кезіндегі  емтихан
талаптарына  енуіне  сәйкес  үлкен  өзектілікке  ие  болып
келе  жатыр.    Шектелген  студенттер  санына  қарамастан,
үміткерлер саны мыңдаған болуы ғажап емес және мұндай
тәсіл  соңында  тұрғындардың  айтарлықтай  бөлігінің
критикалық ойлау негіздерімен танысуларына алып келуі
мүмкін.
Назарбаев  Университетінің  Гуманитарлық  және
Әлеуметтік  мектептеріне  түсуге  арналған  критикалық


91
ойлау  бойынша  емтихан  үлгісі  университеттің  сайтында
орналасқан.    Емтиханның  ұзақтығы:  60  минут.    Бір  сағат
ішінде  үміткерлер  ағылшын  тілінде  екі  мәтінді  талдап
(жалпы  алғанда  30  ұпай  болатын),  мәтін  бойынша
сұрақтарға  жазбаша  түрде  жауап  берулері  қажет.
Мәтіндердің  танымал  тақырыптары:  ғылым,  саясаттану
және  экономика.  Қысқартылған  түрдегі  осыған  ұқсас
мәтіндерді  қарастырып,  осы  кітаптағы  өзіміз  өткен
тақырыптарға  сүйене  отырып  сұрақтарға  жауап  беріп
көрейік:
Мәтін 1
1.  Х  елдерінің  үкіметі  күйзеліспен  байланысты 
аурулардың санын азайтуға қатысты өз шешімдерін 
жария етті. 
2.  Жақында  Х  еліндегі  10  000  «ақ  жағалыларға» 
жүргізілген зерттеулер өз жұмысына деген бақылау 
әлдеқайда жоғары деңгейдегі ер адамдарда күйзеліс 
арқылы  болатын  жүрек  аурулары    жиілігі  төмен 
болатындығын көрсеткен.
3.  Сондықтан да ең күйзеліске көп ұшырайтын жұмыс 
орны  ретінде  жұмыскерлерге  өз  қызметтерін 
ұйымдастыруда  аз  бақылау  жасауға  мүмкіндік 
беретін орындар болып табылады.
4.  Осыған  сәйкес,  егерде  үкімет  күйзелістен  болатын 
аурулардың  азаюына  расымен  қызығушылық 
танытса,  онда  өз  қызметкерлеріне  жұмыстарына 
көп  бақылау  жасауға  мүмкіндік  беретін  жұмыс 
берушілерді қолдаулары қажет.
Бұл мәтін өте қарапайым тәрізді. Бүкіл аргумент төрт
сөйлемнен  тұрады.  Бірінші  сөйлем  үкіметтің  мақсатын


92
баяндайды. Екінші сөйлем жұмысқа бақылау жасау дәрежесі
мен  пайда  болуы  мүмкін  жүрек  аурулары  арасындағы
мүмкін  болатын  корреляция  жайлы  айғақтайтын  зерттеу
нәтижелерін хабарлайды. Үшінші сөйлем екінші сөйлемге
негізделген  аралық  қорытындыны  қамтиды.  Төртінші
сөйлем  негізгі  қорытындының  қызметін  атқарады.    Бұл
құрылымдарды біле отырып, біз келесі сұрақтарға жылдам
жауап бере аламыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет